Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлттық музейде «Олжас Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым» атты конференция өтті

1801
Ұлттық музейде «Олжас Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым» атты конференция өтті - e-history.kz
Ғылыми конференция барысында Олжас Омарұлының жазған мұраларын жаңа тың деректер негізінде зерделеу, жастардың бойында отаншылдық пен патриоттық сезімдерді арттыру мәселелері көтерілді

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде қазақтың халық ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Олжас Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «О. Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым» атты ғылыми конференция өтті. 

Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, алыс және жақын шетелдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жоғарғы оқу орындарының басшылары, қызметкерлері мен студенттері және де БАҚ өкілдері қатысты. 

85427ac56f4dc626204b94012d15d2ff.jpg

Ғылыми конференцияны аша отырып, Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай Олжас Сүлейменовтің шығармашылығы мен қоғам қайраткерінің ұлт тарихындағы орнына тоқталып өтті.

«Олжас Сүлейменов – біз үшін ғана емес, біздің ұрпақтарымыз үшін де мақтаныш болатын тұлға. Оның белсенділігін, қоғам үшін атқарған еңбегін ел-жұрты жақсы бағалайды. Ол Қазақстан үшін де, әлем үшін де еңбектері ең көп таралыммен шығып, көп оқылған тұлға», – деді Д.Мыңбай. 

72c114f0bf3d7ca46721bf85dff1093d.jpg

Беташар сөзден кейін мінбеге шыққан ғалым, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков О. Сүлейменовтың түркітануға қосқан өлшеусіз үлесін, ұлт тарихында тың деректер мен жаңаша ойларды алып шыққан қайраткердің еңбектерін зерттеп, зерделу әлі кемшін түсіп жатқанын тілге тиек етті. 

«Халықаралық жиындарда, ғылыми конференцияларда, саясатта, поэзияда Олжастың бойы да, ойы да аласарып көрген емес. Ол үнемі ел мәртебесін көтерумен келеді. Олжас Сүлейменов азаматтық, адамзаттық биік поэзияны жасаушы», – деді жиында сөз алған қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков. 

7742afac4a724eafff5017dc4287dfd2.jpg

Ғылыми конференция барысында Олжас Омарұлының жазған мұраларын жаңа тың деректер негізінде зерделеу, жастардың бойында отаншылдық пен патриоттық сезімдерді арттыру, Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына және даму кезеңдеріне қосқан үлесін ғылыми тұрғыда енгізу көзделген. 

Салтанатты шара соныңда қонақтарға Ұлттық музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, О. Сүлейменовтің шығармашылығы мен өмірі туралы сыр шертетін фото және кітап көрмелерін тамашалауға мүмкіндік алды.

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?