Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Нұрсұлтан Назарбаев: «Гуманитарлық ғылымдар форумының ынтымақтастырушы қуатқа ие символикалық мәні бар»

1603
Нұрсұлтан Назарбаев: «Гуманитарлық ғылымдар форумының ынтымақтастырушы қуатқа ие символикалық мәні бар»  - e-history.kz
Бұл форум құрлықтарды шекарасыз жалғаған ғылыми интрегацияға үлкен серпін дереді деп сенемін

Бүгін Астанадағы Назарбаев орталығында Түркі академиясы ұйымының (TWESCO) ұйымдастырумен халықаралық «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумы өз жұмысын бастады. Халықаралық дәрежедегі жиын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзімен басталды. ҚР Мемекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова ханым Елбасының құттықтау хатты халықаралық жиын қатысушыларына оқып берді. 

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараның басталуымен құттықтаған Елбасы: «Ұлы Дала – Еуразия кеңістігін мекендеген халықтардың мыңжылдық байланыстарының шежірелі куәсі, батыс пен Шығыс өркениеттерін тоғыстырған тоғыз жолдың торабы. Оның географиялық ауқымы алыс көкжиектерді қамтиды. Тарихи тамырлары тереңнен таралады. Бай мәдени мұрасы – бүкіл адамзаттың ортақ мұралары. Сондықтан бүгінгі форум тақырыбының ынтымақтастырушы қуатқа ие символикалық мәні бар деп ойлаймын», – деген сенім білдірді. 

73e37875f4c995787c70ee93ab3b7bea.jpg

Сонымен қатар Президент өз бастамасымен құрылған Түркі академиясының ұйымының бұл қадамына оң қарайтынын және болашақта да осындай форматта форумдардың өтетініне үміт артатынын жеткізді. 

«Бұл форум құрлықтарды шекарасыз жалғаған ғылыми интрегацияға үлкен серпін дереді деп сенемін. Оның аясындағы баршаға пайдалы пікір алмасулардың өзара түсіністік пен ықпалдастықтың дамуына игі ықпалы болары сөзсіз», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Заңғар Кәрімхан, Алтынбек Құмырзақұлы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?