Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарихшы ғалымдар «Құрмет» орденімен марапатталды

417
Тарихшы ғалымдар «Құрмет» орденімен марапатталды - e-history.kz

Республика күні аясында 80-нен астам ғалымдар жоғары наградамен марапатталып отыр. Солардың қатарында тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл және «Жошы Ұлысын» ғылыми зерттеу институтының жетекшісі, PhD Жақсылық Сәбитов «Құрмет» орденімен марапатталды. 

Мемлекет басшысы әрбір баяндамаларында ғалымдар мәртебесін көтеруге көп көңіл аударады. Өз Жолдауында ғылым саласын дамыту үшін тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек екендігін жиі тілге тиек етеді. «Адамзат тарихы дегеніміз – тың идеялар мен технологиялық табыстардың тарихы. 21 ғасырда мемлекеттің қуаты ғылыми-техникалық жетістіктермен өлшенеді. Халықаралық аренадағы ықпалы да осыған байланысты екені анық. Сол себепті, көптеген елдер ғылымға жүйелі қолдау көрсетуді өзінің басты міндеті деп санайды» деп Президент  Ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда айтқан болатын. Биылғы жылы мемлекеттік наградалармен марапатталғандардың арасында ғалымдар да аз емес. 

Республика күні аясында 80-нен астам ғалымдар жоғары наградамен марапатталып отыр. Солардың қатарында тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл және  «Жошы Ұлысын» ғылыми зерттеу институтының жетекшісі, PhD Жақсылық Сәбитов «Құрмет» орденімен марапатталды. 

Әбіл Еркін Аманжолұлы – 1969 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. Еңбек жолын Қарағанды жоғары милиция мектебінде оқытушы болып бастаған. 2009-2016 жылдары – Қостанай  мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыс және шетелдік байланыстар жөніндегі проректоры, 2016-2020 жылдары – Ұ. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, 2020-2023 жылдары – Мемлекет  тарихы институтының директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Ғалым Еркін Аманжолұлы ISI, Scopus базаларына кіретін журналдарда 7 мақала, 26 оқулық пен оқу құралдарының, 22 монографияның, 200-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы. Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі төралқасының мүшесі Мемлекеттік қызмет мәселелері және Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Қоғамдық кеңестің мемлекеттік қызметшілер кепілдіктерін қамтамасыз ету Комитетінің мүшесі ҚР Ұлттық мұрағаты Ғылыми Кеңесінің мүшесі Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының Ғылыми кеңесінің мүшесі

Жақсылық Мұратұлы Сәбитов – Қазақстан тарихының орта ғасырдағы кезеңін зерттеп жүрген медиевист-тарихшы. Елімізде орта ғасырлардағы қазақ тарихын зерттейтін «Жошы Ұлысын» ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі, PhD.  Ғалым жоғары білім, ғылым, Орталық Азия тарихы, тарих мифологиясы, тарихи жады, әліпбиді романизациялау, халықаралық қатынастар, ішкі саясат мәселелері бойынша талдамалық материалдардың авторы. 300-ден астам ғылыми жарияланымдар, 3 ғылыми монографиялық еңбектің авторы.  

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?