Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ақмолалықтардың майданға аттануы

523
Ақмолалықтардың майданға аттануы - e-history.kz

1939 жылы басталған ІІ Дүниежүзілік соғыс адамзат қауымына үлкен ауыртпалық әкелді. Осынау нәубет жылдардың соқпағы туралы түрлі ақпарлар тарих беттерінде бүгінгі күнге дейін жазылып та, айтылып та келді. Сөйте тұра бұл соғыстың зерттелмеген қырлары әсте көп. Және, нацистік Германияның көздеген мүддесіне жету үшін жасаған зұлымдығы ұлтымыздың санасынан ешқашан ұмытылмақ емес. Ендеше бұл тұста біздің ең басты мақсатымыз – осы тарихи кезеңнің шынайы шындығын пайымдау. 

1941-1945 жылдар аралығы бүкіл совет халқы үшін қаралы жылдардың бірі болды. Әсіресе, мұндай жойқын соғыстың орын алуы – қазақ халқы үшін оңайға соқпады. Әкесі баласынан, баласы анасынан айырылған осынау қызылтаяң шақта қазақ халқы бірігіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алды. Ес білген баладан еңкейген қарияға дейін ат салысып, әрі өңірден сарбаздар жинала бастады. Соғысқа жарамды дегендері майданға аттанса, елде қалғандары екі қолға бір күрек алып, білек сыбанып қара жұмысқа кірісті. Нәтижесінде еліміздің әр өңірінде ауыр өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды  дами бастады. Түрлі зауыттар мен фабрикалар салынып, азық-түлік өнімдері өндірілді. 

Сапалы өнім өндіруде қарапайым қара халықтың еңбегі, оның ішінде тылда еңбек еткен адамдардың үлесі зор болды. Яғни іс жүзінде – қарттар, әйелдер, балалар майданды азық түлік, түрлі шикізат өнімдерімен қамтамасыз етті. Оған тағы бір басты себеп: өндіріс орындарындағы, совхоздардағы, колхоздардағы, түрлі мекемелер мен ұйымдардағы ер адамдардың майданға кетуіне байланысты бос қалған  орындарға тез арада уақыт жоғалтпай әйелдер мен балалардың алынуы. Осылайша, түрлі себептермен қара жұмысқа жегілгендер өздерін жігерлендіру үшін «Барлығы да майдан үшін!..» ұранын ұстанды. 

Соғыс жылдары шеңберінде құрылған Ақмоладағы әскери жасақтарды талдамас бұрын, әуелі – соғыс алаңындағы әскери қимылдарға тікелей араласпаса да, отанына барынша қызмет еткен Ақмоладағы жұмысшы топтардың көзсіз ерліктеріне тоқталып өтейік. Айталық, бұл кезеңде темір жол торабы жақсы дамығандықтан пойыздар арқылы Ақмола өңіріндегі майданға үнемі көмек барып тұрды. Қазақсельмаш (Ақмоласельмаш, Цилинсельмаш) зауытының жұмыскерлері майдан алаңындағы сарбаздарға материалдық және қаржылай көмек көрсету мақсатында жасаған түрлі заттарын осы теміржол пойыздары арқылы жіберіп тұрды. Мұндағы жұмыскерлер зауыт ішіндегі балабақша мен жатақхананың бар екендігіне қарамастан тар жерде аянбай еңбек етті. Тіпті, жаңа өндірістік технологиялардың жоқтығына қарамастан аталған зауытта тер төккен жұмыскерлердің еңбектерін бүгінгі таңдағы ірі корпорацияда қызмет ететін жұмыскерлердің еңбектерімен тең дәреже салыстырып қарауға болады. Және оған дәлел ретінде төмендегі деректерге назар аударайық; Aқмoлa oблыcындaғы «Тaлaпкep» кoлхoзының бacтaуыш Ocoaвиaхим ұйымының мүшeлepі жәнe Cтaлинo-Мaгнитoгopc тeміpжoл бacқapмacының қызмeткepлepі жapшы бoлды. Aз уaқыттың ішіндe oлap 4 768 486 coм қapжы жинaды. Мұнaн кeйінгі дepeктep бoйыншa 1943 ж. 4 ақпанда «Aқмoлa ocoaвиaхимшыcы» тaнк кoлoннacы қaбылдaп aлуғa бapғaн oблыc дeлeгaцияcы қopғaныc зaвoдынaн aлғaн 13 Т-34 тaнктepін  гвapдиялық әcкepи бөлімнің өкілі aғa лeйтeнaнт Нoвaккa тaбыc eтті. Aқмoлa oблыcының пaтpиoттapынa Қызыл Apмияның Жoғapғы Бac кoмaндoвaниecінің aлғыcы жapиялaнды. Coл жылғы мapт aйындa Aқмoлa oблыcының дeлeгaцияcы ocындa құpылғaн 310-aтқыштap дивиязияcынa жәнe Лeнингpaд мaйдaнының бacқa дa құpaмaлapының жaуынгepлepінe 25 вaгoн cыйлық aлып кeлді. Дeлeгaцияны oблыcтық пapтия кoмитeтінің ceкpeтapы И.И. Цвeткoв бacқapып бapды. Oның құpaмындa Кaлинин ceлoлық coвeтінің пpeдceдaтeлі Тapaceнкo, Aқмoлa тeміp дeпocындaғы aлғaшқы мaшиниcт әйeлдepдің біpі Пoнoмapeнкo, «Кaзoлoтo» тpecінің cтaхaнoвшы бұpғылaушыcы, Қaзaқ CCP Жoғapғы Coвeтінің дeпутaты Eceнжoлoв, Қapaғaнды тeміpжoлы caяcи бөлімнің бacтығы Гудкoв жәнe бacқaлapы бap eді. Oблыc өкілдepі 310-дивизия жaуынгepлepінe өздepінің тылдaғы eңбeгі туpaлы paпopтын тaпcыpды.

Ақмоладан шыққан тағы да бір ұлы тұлға, палуан Қажымұқан Мұнайтпасов майданға бармаса да, барынша отанына көмек беруге тырысты.

1937 жылы Қажымұқанның ізіне НКВД қызметкерлері түсіп: «Бұл патшаның адамы, оның қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы» деп қудалауға ұшыратады. Сол себепті Қажымұқан отбасын тастап, Түркістанға көшеді. Алайда соғыс кезінде батырымыз циркпен бірге ел аралап, барынша қаражат жинайды. Жинап-тергенің палуан Қызыл әскерге, яғни Амангелді Иманов атындағы жойғыш ұшаққа табыс етеді.

Қазақстан аумағынан шамамен милионнан астам ержүрек аға-әпкелеріміз жаңа заман талабына сай бейімделіп, өмір сүре бастады. Енді Ақмолаға келетін болсақ, Ақмола ол кезде темір жол инфраструктура жақсы дамыған Орта азиялық әскери округтың орталығы болған еді. Соған байланысты Ақмоладан дивизиялар мен жасақтарды аз уақыттың ішінде жасақтап, соғысқа аттандыру ыңғайлы еді. Әрине темір жол арқылы соғыстың барлық ошақтарына тура жеткізеді дегенім емес, дивизиялар көбінесе жаяу жүрген еді.

Ақмола облысының соғыс кезіңдегі мобилизациясы

Халық саны 1.01.1941 ж.

1938 ж.-22.06.1941 ж.

1941 жылдың соңына дейін

1942 ж.

1943 ж.

1944 ж.

1945 ж.

Барлығы

322799

5745

20488

26431

9651

4502

2063

69880

Жоғарыда көрсетілген кесте Ақмола облысындағы соғыс кезіндегі мобилизацияның статистикасын байқай аламыз. Мұндай деректер Ақмола қаласында 1970 жылдарда жарық көрген «Цилиноградская правда» мерзімді басылымының бірнешеуінде жарық көрді. Одан бөлек, Астана қаласының мемлекеттік мұрағатындағы ардагер Баймұқан Алтынбековтың номері №61-ші  қор [27] құжаттарынан кездестіре аламыз.

Жоғарыда көрсетілген кестеде соғысқа аттанған Ақмола өңірі азаматтарының сандық көрсеткіші толықтай берілмеген. Өйткені, бұл кезең аралығында сарбаздардың біразы дерлік майдан алаңына басқа қалалардан, тіпті, кейбіреулері совет үкіметінің басқа республикаларынан аттанған болатын. Айталық, соның бірі Ақмола облысында дүниеге келіп, майдан алаңына Алматы қаласынан аттанған, Совет Одағының даңқты батыры – Талғат Бигельденов.

Сонымен қатар, соғыс жылдары аралығында Ақмола облысының халық саны шамамен  323 мыңды құрады. Оның 70 мыңға жуығын ресми түрде майдан алаңына аттанғандар қатарына жатқызсақ, одан бөлек Ақмола облысындағы халықтың  22%  пайызын мобилизацияланған тұрғындар қатарына жатқыза аламыз. Ал енді осы аталған көрсеткіштерге жоғарыда айтып кеткен Ақмолада дүниеге келіп, майдан алаңына басқа қаладан аттанған 30%  пайыз ел азаматтарын қосыңыз. Осы статистикалық сандық көрсеткіштерді зерттей келе, Ақмола өңірінде мобилизацияланудың өте белсенді түрде өткендігін аңғара аламыз. Және 322 мың халықтың ішінде – қарттар, балалар, әйелдер, мүгедектер бар екендігін ескеруіміз қажет.

Мұрағат деректеріне сүйенсек соғыс жылдарында Ақмола қаласында – 21 мыңға жуық жауынгердің тіркелгендігін көзіміз шалады. Оның – 10 мыңы майдан алаңына аттанса, 5 мыңға жуығы резервтегі құрамада болды. Ал қалған 6 мыңға жуығы тыл жұмыстарына алынған болатын.

Ақмола қаласының соғыс кезіндегі мобилизациясы

 

барлығы

1941ж.

1942ж.

1943ж.

1944ж.

1945ж.

Шақыртылды

20731

4540

15056

1135

 

 

Әскери құрама

9783

4540

4139

1104

 

 

Запастағы құрама

4784

 

4784

 

 

 

Тәжірбиелік құрама

156

 

156

 

 

 

Еңбекке(тыл) шақыртылғандар

6008

 

5977

31

 

 

Әскери шығындар

7414

743

2414

2219

1407

631

Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде Совет Одағы жеңіске жетті. Десе де, жеңілген кезде жағдайымыз қандай болатының елестетудің өзі сұмдық. Сондықтан, аталмыш жеңістің қандай түрде келгені де көзге жас алдырмай қоймайды. ССРО қатарынан шамамен 27 миллион адам соғыс кезіңде қаза тапқан, не еш хабарсыз жоғалған. Ал Қазақстанға келетін болсақ, 600 мыңдай отандастарымыз соғыстан оралмады. Ақмола облысына тоқталсақ 34 мың ақмолалық майдан шебінен үйіне қайтпады. Жоғарыда айтылғандай бұл тек Ақмола облысында тіркеліп, соғысқа кеткендері ғана. Осының 14 мыңы соғыс барысында, 3 мыңы госпитальдарда, 200-ге жуық жауынгер тұтқында қаза тапты. Ең қызығы жерлестеріміз сонау Манжурияда жапондармен соғысқан,   соның 300-ге жуығы қаза тапқан екен. Ал қалған 17 мың ақмолалық еш хабарсыз соғыстан қайтпады.  Ақмола қаласына жеке тоқталғанда, жалпы соғысқа аттанған 20731 Ақмола қаласының азаматынан тек 7414-і ғана аман қайтты.

Жауынгерлік шығындар

 

1941

1942

1943

1944

1945

Жапониямен соғыс кезіндеБарлығы

Қаза тапқандар

1397

3949

4809

2609

1313

97

14264

Госпитальда қаза тапқандар

215

752

773

668

359

73

2840

Тұтқындда қаза тапқандар

7

63

52

63

7

13

205

Еш хабарсых жоғалғандар

2379

6425

4713

2314

697

113

16641

Барлығы

3998

11189

10937

5654

2376

296

33950

Қазақстан бүгінгі күні көп ұлтты мемлекет. Ұлттардың басым бөлігі совет үкіметі тұсында келіп, қалып қойған этностар. Совет үкіметі билік еткен 70 жыл шеңберінде біздің отандастарымыздың басым бөлігі төмендегі жағдайларға байланысты Ақмола облысына күштеп көшірілді;

  • Кешегі неміс автономиясына ауысқан – Ерейментау ауданы;
  • Депортацияға ұшыраған халықтарды қабылдаған – Шортанды ауданы;
  • АЛЖИР лагері;
  • Құпия Степногорск қаласы т.с.с.

Аталғандардың барлығы дерлік – Ақмола облысына қарасты елді-мекендер. Осыншама ұлттардың тоғысар арнасына айналған Ақмола өңірі соғыс кезіңде де, одан кейін де, тіпті, бүгінгі күннің өзінде де әртүрлі ұлттар арасында достық пен ынтымақтастықты ұстауда. Айталық, соғыс кезеңінде өңірден соғысқа аттанғандардың сапында жергілікті ұлт өкілдерінен бастап, финдер сынды ұлт азаматтарының есімдері бар. 

ІІ Дүниежүзілік соғысқа орыс халқының 37 мың азаматы, қазақ халқының 21 мың ер азаматы қатысты. Бірақ, бұл көрсеткіш қазақтардың соғысқа бармағандығынан емес, керісінше сол кездегі жалпы қазақ халқының аталмыш өңірлерде көп қоныстанбауынан. Тек Ақмола немесе Алматы сынды облыс өлкелерінде ғана халық тұрғындарының майдан алаңына көптеп барғанын көре аламыз. Бұл халықтың жалпы көрсеткіштері бойынша ғана. Және сондай санақтың бірін төменде көрсетілген кестеден байқауға болады.

Ұлттар бойынша соғыс зардабы

Ұлттар

Соғыс-қа аттан ғандар

Әскери шығындар 1941-1945 жылдар

Барлығы

Шайқас-тарда қаза тапқандар

Госпитоль-дерде қаза тапқандар

Тұтқында қаза тапқандар

Еш хабарсыз жоғалған-дар

Қазақтар

21321

3171

513

35

3999

7718

Орыстар

37323

6580

1274

96

7578

15528

Украиндар

8706

1585

296

16

1854

3751

Татарлар

605

139

42

1

175

357

Өзбектер

67

13

3

1

18

35

Белорустар 

192

10

2

1

12

25

Кәрістер

13

1

-

-

-

1

Ұйғырлар

4

-

-

-

-

-

Поляктар

326

44

7

-

18

79

Әзербайждандар

5

2

-

-

2

4

Еврейлер

121

55

15

-

28

98

Мордвалар

11

4

1

1

3

9

Молдовандар

62

5

1

-

10

16

Чуваштар

79

3

1

-

6

10

Дүнгендер 

26

-

-

-

-

-

Армяндар

61

7

-

-

-

7

башқұрттар

32

1

-

-

1

2

Тәжіктер

14

1

-

-

-

1

Басқа ұлттар

312

2643

685

54

2927

6309

Барлығы

69880

4264

2840

205

16641

33950

        

Жас көрсеткіші бойынша шығындар

Туған жылы

Соғысқа аттанғандар

Майданда қаза тапқандар

Госпитальда қаза тапқандар

Тұтқында қаза тапқандар

Еш хабарсыз жоғалғандар

Барлығы

1890

29

4

-

2

13

18

1891

42

5

3

3

9

21

1892

39

3

3

1

15

22

1893

57

18

5

-

10

33

1894

83

25

8

1

25

59

1895

96

35

8

2

27

72

1896

151

65

13

2

45

125

1897

437

156

31

4

184

375

1898

832

201

36

10

282

529

1899

1609

192

29

1

180

402

1900

2001

324

55

4

478

861

1901

1792

227

42

5

336

610

1902

1029

329

68

7

433

837

1903

2324

365

65

11

469

910

1904

2213

367

65

4

504

940

1905

2600

386

64

6

543

999

1906

1432

429

90

3

594

1116

1907

2231

330

64

7

556

957

1908

2201

329

96

7

567

999

1909

2197

366

60

3

543

972

1910

2432

395

75

8

554

1032

1911

1978

324

63

5

404

796

1912

2309

393

75

7

658

1183

1913

2204

355

70

3

506

934

1914

1405

422

90

5

492

1009

1915

2307

336

58

4

423

821

1916

2409

342

60

6

460

868

1917

2092

300

39

3

447

789

1918

2533

464

67

8

638

1177

1919

2207

312

79

10

501

902

1920

2192

340

67

20

497

924

1921

2603

349

60

10

562

981

1922

2792

605

128

7

613

1353

1923

3032

753

144

4

630

1531

1924

2971

635

141

3

445

1224

1925

2432

653

136

-

383

1172

1926

1832

262

52

-

164

478

1927

745

14

4

1

24

43

Белгісіз

6000

2853

627

19

2427

5926

Барлығы

69880

14264

2840

205

16641

33950

Жоғарыда көрсетілген кестелер мен статистика 1970 жылдардың біреуінде жарық көрген «Цилиноградская правда» мерзімді басылымның «Цена победы» атты мақаласында көрсетілген.

Қорытындылай келе, Ақмола, Қарағанды жəне Қостанай облыстарынан әскер қататына алынған адамдардан бірнеше дивизиялар жасақталған болатын. Ақмола қаласынан әскер қатарына шақыртылған 14722 жауынгер әр түрлі құрамалар қатарында сап құрды. Еліміздің азаттығы мен мамыражай ғұмыры  үшін жандарын аямай кезекті ұрысқа баса көктеп кіріп, елі үшін күреске қатысқан батырламыз еді олар. Олардың жартысынан көбі, яғни, 7 415 жауынгер ерлікпен қаза тапқан болатын. Соғыс алаңында көрсеткен ерліктері үшін көптеген ақмолалық жауынгерлер мәртебелермен жəне атақ-даңқтармен марапатталды. 

Атап өтер болсақ, 41 майдангер ең жоғары марапат – Совет Одағы Батыры мәртебесі берілді, жетеуі «Даңқ» орденінің толықтай иегері атанған болатын. Олардың арасында Совет Одағы Батыры мәртебесіне екі рет ие болған ұшқыш генерал-майор Талғат Бигелдинов, Совет Одағының Батыры, тәуелсіз еліміздің тұңғыш Қорғаныс министірі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов, Ақан Құрманов, Əлмұхан Сембинов, Виктор Малышев, Юрий Малахов, Алексей Петров, Михайл Сальников, «Халық Қаһарманы», Рейхстаг биігінде жеңіс туын желбіреткендердің бірі Рақымжан Қошқарбаев жəне басқалар да бар. Сұрапыл  соғыс басталған 1941 жылы шілде айынның жиырмабесінде Ақмолада жасақталған 310-атқыштар дивизиясы сол жылы қыркүйекте Ленинград майданыінда неміс әскеріне қарсы ұрысқа кірісті. Аталмыш әскери құрамның сарбаздары атақты «Өмір жолын» құрған болатын. Сондағы Ладога көлі бойымен мұз арқылы Ленинград қаласына қарай азық-түлік пен қару-жарақ тасыған сарбаз –жігіттердің жартысынан көбі осы ақмолалықтар еді. 

Әскери құрам Новгород, Ленинград жəне Псков облыстарын, Польшаны неміс әскерлерінен азат етіп, жау әскерінің Шығыс Померан, Берлин əскери дивизияларын талқандауға қатысты, Эльбаға дейінгі жерді өздеріне қаратып, жол бойындағы елді мекендерді азат етіп, жау құрсауынан азат етумен болды. Ұрыс кезіде әскери құрамның батылдығы құрметіне Мəскеу қаласында алты рет салют атылды. Атақты генерал Сағадат Нұрмағамбетов осы әскери құрам сапында шайқасқан болатын.  Ақмола өңірінде  жасақталған атқыштар дивизиялары 41-ші жылы қарашада Батыс майдан  сапында соғысқа кірді. 42-ші жылы желтоқсан айында Сталинград қаласы іргесінде  қанды майданда  болды. 44-ші жылы Қырым үшін шайқаста Прекопты жау құрсауынан азат еткені үшін ақмолалық дивизияға «Перекоп дивизиясы» деген құрмет берілді. Ал, ақмолалық 29-шы атқыштар дивизиясы Сталинград қаласы үшін шайқаста ерлігі үшін 72-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Дивизияның отыз бір сарбазы мен офицеріне ең жоғары мәртебе – Совет Одағының Батыры атағы берілді. Ақмола өңірінде, сондай-ақ 106-кавалериялық атты əскер дивизиясы да жасақталды. Осы облыстан соғысқа алынған сарбаздар басқа да әскери құрамдар мен бөлімшелер құрамында болып, барлық майдандарда ерлікпен шайқаса алатаын нағыз, батыр  сарбаздар ретінде таныла білді. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?