Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Күндерек. 16 қыркүйек - әлем және Қазақстан тарихында

809
Күндерек. 16 қыркүйек - әлем және Қазақстан тарихында - e-history.kz

16 қыркүйек - Григорианжылнамасының 259-күні. Qazaqstan tarihy порталы бұл күніәлем елдерінде қандай айтулы мерекелерөтті, қандай тарихидаталар болғанын айтып өтеді. Сондай-ақ Қазақстантарихында елеулі орны бар бірнешетұлғалар осы күні дүниеге келді.

16 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар

Бақи Телегенұлы Елғондиев – даңқты спортшы, суға жүзуден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы әрі рекордшысы. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Ол 1927 жылы 16 қыркүйек күні Өзбекстан Республикасының Мойнақ ауданында дүниеге келген. 1951 жылы Алматы қаласындағы қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясын бітіріп, еңбек жолын аталған оқу ордасында ұстаздық қызметтен бастады. Ұзақ жылдар бойы жүзу кафедрасын басқарды. 1981 жылы доцент дәрежесін алды. 30-ға жуық ғылыми еңбектің, дене тәрбиесі бағытындағы кітапшалар мен әдістемелік оқулықтардың авторы. «Жүзе білесің бе?» атты авторлық оқулығы әлі күнге дейін жас спортшыларға бағыт-бағдарлық еңбектің бірі. 

Жүзуші Бақи Елғондиев 1950 жылдары жүзу спорты бойынша 800 және 1500 метрге жарысудан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды. Қаншама рекордтар бұзды. Нағыз бесаспап спортшы. Ол қазіргі бессайыстан, қазақ күресінен, грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы. 1967 жылы Бақи Елғондиев баптаған Қазақстан бессайыс құрамасы Кеңес Одағы халықтарының спартакиадасында командалық үшінші орынға ие болды. Араға үш жыл салып Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды. 

Сәтімжан Қамзеұлы Санбаев – көрнекті жазушы, киноактер, аудармашы, драматург, публицист. Ол 1939 жылы он алтыншы қыркүйекте Атырау облысы, Мақат кентінде мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Ресейдің Орынбор қаласындағы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Кейіннен КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдебиет курсын бітірген. С. Санбаев республикалық «Жазушы» баспасы редакциясын, Қазақстан Жазушылар одағының өзара байланыс бөлімін басқарды. Сол сияқты Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарды.  (1966-1968), жазушы баспасында (1968-1972), Қазақстан жазушылар одағында (1972-1975) жұмыс істеді. Жазушылар одағында қызметте жүргенде Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің жауапты хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші,«Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті қызметтерін абыройлы атқарып, ұлттық мүдде жолында аянбай тер төкті. 

Сәтімжан Санбаев шығармаларын орыс тілінде жазды. Абайдың қара сөздерін, «Алпамыс» экпосының прозалық нұсқасын, Мұхтар Әуезовтың әңгімелері мен хикаяттарын, Сапарғали Бегалиннің, Әбу Сәрсенбаевтың, Қалиқан Ысқақтың тағы басқа қазақ қаламгерлерінің туындыларын орыс тіліне тәржімалаған. «Белая аруна» атты әңгімелер жинағы,   «Дорога только одна» романы,  «Колодцы знойных долин» әңгімелер жинағы «Времена года нашей жизни» роман трилогиясы мен «Медный колос» роман дилогиясы оқырман жүрегінен орын тапқан. 

Раушан Хатиятқызы Байсейітова – атақты балерина, Қазақ ССР халық әртісі. Қазақ ССР-інің мемлекеттік сыйлығының иегері,  «Құрмет» орденінің және «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалінің иегері. Ол 1947 жылы он алтыншы қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған теңдессіз әнші Күләш Байсейітованың тәрбиесінде болған қызы. Күләш Жасынқызы Раушанды бишілік үйірмеге өзі жетектеп апарып, үміт етіп, өнерге қадам бастырды. 1966 жылы КСРО астанасы Мәскеудің Үлкен театры жанындағы Мәскеу академиялық хореография училищесін тәмамдайды. Көп жылдар бойы Абай атындағы опера және балет театрының биші-солисі болған танымал балерина. 

Раушан Байсейітова И. Стравинскийдің «Бақыт құсы» қойылымында Бақыт құс, Л. Минкустің «Баядерка» қойылымында Гамзатти, Ғазиза Жұбанованың «Хиросима» балетінде Юки,  Б. Астафьевтің «Бақшасарай фонтаны» балетінде Мария, Е. Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуы» қойылымында Баян,  С.Еркінбековтың «Мәңгілік отында» Ана  тағы басқа балеттерде басты рөлдерді сомдап шықты. Әсіресе, психология тереңдігімен, орындалу мәнерінің ұлттық бояуымен назар аударған Ана бейнесі қазақ балеті тарихына жаңалық болып қосылды. Кейіннен осы Ана бейнесі үшін Қазақ ССР-ның мемлекеттік сыйлығы берілді. Театрдағы даңқты өнерінің арқасында 1978 жылы Қазақ ССР-нің халық әртісі атағын алды. Бүкілодақтық балет әртістері байқауының лауреаты атанды. Бірнеше мәрте Қазақстан Республикасы президентінің мәдениет саласындағы президенттік степендиясының иегері атанды. Әлемнің көптеген елдерінде, атап айтқанда 1972 жылы Польша астанасы Варшавада, 1973 жылы Мажарстанда, 1976 жылы Анголада, 1978 жылы Жапония астанасы Токиода, 1979 жылы Португалияда, 1980 жылы Германияда, 1981 жылдары Швейцария мен Филиппинде өнер көрсетіп, гастрольдік сапарда болған. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Хореография педагогикасы» кафедрасының профессоры.

Қабиболла Қабенұлы Жақыпов – құрылыс инжерены, мемлекет және қоғам қайраткері. 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің төрағасы қызметін атқарған. Ол 1949 жылы он алтыншы қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Қазталов ауылында дүниеге келген. 1972 жылы қазіргі Астана қаласындағы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын тәмамдап, «инженер-құрылысшы» мамандығын иеленеді. 1989 жылы Алматыдағы жоғарғы партия мектебін бітіреді.  Техника ғылымдарының кандидаты. Халықаралық Экология академиясының академигі. Қазақстан Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. Еңбек жолын туған өлкесіндегі №8 «Оралауылқұрылыс» тресінде жұмыс өндіруші яғни бас инженер болып бастайды. Көп жылдар бойы Орал қалалық, кейін аудандақ партия-кеңес орындарында еңбек етті. 1991-2000 жылдары Орал қалалық атқару кеңесінің төрағасы, Орал қаласының әкімі, Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметтерін абыройлы атқарды. 2007 жылдан «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының тізімі бойынша Парламент мәжілісінің депутаты. Елімізге және мемлекеттік қызметтегі абыройлы қызметі үшін «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған. Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы. 

16 қыркүйек – әлемде 

16 қыркүйек – Мексиканың  тәуелсіздік күні (día de Independencia/ MexicanIndependence Day). Жыл сайын он алтыншы қыркүйек күні Мексика Құрама Штаттары мемлекеттік мейрамдар қатарына жататын Тәуелсіздік күнін атап өтеді.  Бұл мереке жүз миллионнан астам тұрғыны бар мексикалықтар үшін үлкен мерекелердің бірі. Халықтық мерекелердің ресми бөлігі бір күн бұрын яғни он бесінші қыркүйектің кешінде басталады. Тарихқа шегініс жасайтын болсақ, 1810 жылы он алтыншы қыркүйекте Мексикада дін қызметкері Мигель Идальго мен оның ізбасары Х. Морелас бастаған халық көтерілісі болды. Бірақ көтерілісшілер жеңіліске ұшырап, басшылары өлтірілді. Көтеріліс нәтижесінде А. Итурбиде басқарған ұлт-азаттық күштер 1821 жылы 28 қыркүйекте Мехиконы азат етіп, Мексиканың тәуелсіздігі жарияланды. XIX ғасырға қарай Мексика өте ұзақ уақыт бойы испан колониясы болды. Француздар Испанияны басып алғанда, Мексика жерлері мақсатты түрде Наполеонның қолына өтті.  Мексикалықтар және осы уақытқа дейін испан қамытын «иығынан түсіруге» тырысқандар бұл жолыда  бүлік шығарды. Тәуелсіздік үшін күрестің негізгі идеологтарының бірі Идальгоның әкесі болды. Ол 1810жылы 16 қыркүйекте  таңертең шіркеу қоңырауын соғып, Мексика тұрғындарын көтеріліске шақырды. Бірнеше айдан кейін, 1811 жылы шілдеде оны қарсы шығушы тараптың қолбасшылары ұстап алып, өлім жазасына кесті. Бірақ ол кезде азаттық қозғалысының толқыны Мексиканың көп бөлігін қамтыды. Тәуелсіздік үшін күрес 11 жылға созылды. Және мексикалықтардың жеңісімен аяқталды. 1821жылы 29 қыркүйекте Мексиканың тәуелсіздігі жарияланды. Қазіргі уақытта жыл сайын 15-16 қыркүйекке қараған түні Мексиканың барлық орталық қалалық алаңдарында Мексика халқының тәуелсіздік үшін күресінің тарихын бейнелейтін қойылымдар ойналады. Ғимараттардың, үйлердің және көліктердің бұрыштарында мемлекеттік тулар бейнеленеді. Мехиконың басты алаңында мегаполистің түкпір-түкпірінен осы ерекше кеште мексикалықтар ұлттық костюмдермен жиналады (чарростағы ерлер, ал чина побланастағы әйелдер). Мариачиде көңілді әуендерді ойнайды, фотографтар туристерге мексикалық сомбрерода ағаш атқа мінуді ұсынады. Кешкі сағат 11-де алаңға құттықтау үшін Мемлекет Президенті бастаған үкімет өкілдері келеді. Республика Президентінің кеңсесі орналасқан Ұлттық сарайдың төбесінде бір кездері Идальгоның әкесі қоңырау шалған. Оның қоңырауы жылдан жылға 16 қыркүйекке қараған түні қаланың үстінен естіліп келеді. Мереке ұлттық батырлардың есімдерін мақтанышпен айтып, айқайлай бастаған кезде шарықтау шегіне жетеді.  Көп ұзамай  “Вива, Мексика!” ұраны жазылған плакаттары көтеріледі. Мереке барша халықтың ұлттық рухын көтеріп, елдіктің бірлігін көрсетеді. Мексиканың туының астында барша халық жиналып, құрмет көрсетеді.

Мексика – Солтүстік Мериканың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Шығысында Кариб теңізімен батысында Тынық мұхитымен шектесіп жатыр. Астанасы – Мехико қаласы. Қазақстан мен Мексика Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірден басталған. 

16 қыркүйек – Қырғыз Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні. Бүгін Қырғызстанда Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің күні (Қырғызстанды Мамлекеттік күзет күзетшісі қызматынын күнү) атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке Қырғызстан Үкіметінің2009 жылғы11 маусымдағы № 369 қаулысымен әскери қызметшілерді өз халқына адалдық, әскери борыш пен жауынгерлік дәстүрлерге адалдық рухында тәрбиелеу мақсатында белгіленді. Бұл күн Қырғыз Республикасы Президентінің 1992 жылғы16 қыркүйектегі Жарлығымен құрылған Мемлекеттік күзет қызметіне байланысты таңдалды. Қырғыз Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мынадай тұлғаларға: Қырғыз Республикасының Президентіне, оның отбасы мүшелеріне, Қырғыз Республикасының Премьер-Министріне, Қырғыз Республикасының Парламент-Төрағасы Жоғары Кеңеске, Қырғыз Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасына, Қырғыз Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасына, Қырғыз Республикасының сондай-ақ, шет мемлекеттердің, үкіметтер мен делегациялардың басшылары Қырғыз Республикасында болған уақытында қызмет атқарады. 

Мемлекеттік күзет қызметінің міндеттері: 

- Мемлекеттік күзет қызметі объектілерінің өмірі мен денсаулығына қатерді болжаужәне анықтау, осы қатердің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру; 

- Мемлекеттік күзет қызметі объектілерінің тұрақты және уақытша болатын орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

 - өз өкілеттіктері шегінде президенттік және үкіметтік байланысты ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 

- өз өкілеттігі шегінде терроризмге қарсы күреске қатысу;

- қорғалатын объектілерді қорғау; 

- күзетілетін объектілерде қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу. Қазіргі уақытта қызметте кәсіби дайындалған кадрлар бар, ең заманауи техникалық құралдармен, ең жаңа үлгілермен қаруланған, бұл елдіңжоғары басшылығы мен басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша оның алдында тұрған міндеттерді толық көлемде шешуге мүмкіндік береді.

16 қыркүйек - Джульеттаның туған күні. Бүгін Италияның Верона қаласында дүбірлі мереке – жер бетіндегі ең қайғылы шығарманың кейіпкері Джульеттаның туған күні тойланады. Джульетта -  әйгілі У. Шекспир шығармасының кейіпкері.  Ол «Ромеомен Джульетта» трагедиясында он төртке толмаған сұлудың рөліндегі басты образ. Джульеттаның туған күнін анықтау үшін ғалымдар қауымы ұзақ еңбектенді. Шекспирге сенсек, Веронаның сол уақыттағы билеушісі герцог Эскол – сеньор Бартоломео Делла Скала болған. Бұл 1301-1304 жылдары билікте отырған тарихтағы шынайы кейіпкер.  Бүгінде Италияда Джульеттаның үйі аталатын ғимарат бар. Ғимарат XIIІ ғасырда тұрғызылып, атақты Даль Капелло отбасына тиесілі болған. Аңызға сенсек, бұл үйде Шекспирдің атақты кейіпкері, ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу бойжеткен Джульетта тұрған деген аңыз бар. Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінен Джульетта тұрған үйдің қабырғасына хаттар толастамай келеді. Хаттарға Джульетта клубының мүшелері жауап қайтарады. 1972 жылы ДжулиоТамассия (Giulio Tamassia) құрған Джульетта клубына (Clubdi Giulietta) жыл сайын 5000-ға жуық хат келеді. Соңғы жылдары оған электрондық пошта да қосылған. Бірде-бір хабарлама жауапсыз қалмайды. Джульетта Капулеттің туғанкүніне орай мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Бұл күні спектакльдер, фестивальдар, карнавалдар ұйымдастырылады. 

16 қыркүйек – Папуа-Жаңа Гвинеяның Тәуелсіздік күні. Жылсайын 16 қыркүйекте Папуа -Жаңа Гвинеяның Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Бұл мереке 1975 жылы Папуа-Жаңа Гвинеяның Аустралиядан тәуелсіздігін жариялауға атаулы тарихи күнге байланысты белгіленген. Бұған дейін Папуа-Жаңа Гвинея 1884 жылдан бастап Ұлыбританияның қол астында болды. ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында Аустралия аумақты бақылауға алды. Адамдар алғаш рет Папуа -Жаңа Гвинея аумағын 60-45 мың жыл бұрын Оңтүстік-Шығыс Азия аумағынан қоныстандырып, бірнеше теңіз бұғаздарын еңсерді. Ол кезде теңіз деңгейі төмен болдыжәне Арал көршілес аралдармен және Аустралиямен бір болды. Папуа-Жаңа Гвинеядағы ең көне тұрақтар Иван алқабында теңіз деңгейінен екі мың метр биіктікте орналасқан. Теңіз деңгейі соңғы мұз дәуірінің соңында, шамамен 12 мың жыл бұрын көтерілді. Аралдың аумағында егіншіліктің пайда болуының ең көне орталықтарының бірі болды. Археологиялық мәліметтерге сәйкес, олшамамен 8-10 мың жыл бұрын, құнарлы жарты аймен бір мезгілде пайда болған. Еуропалық отарлау кезінде Папуа-Жаңа Гвинея аумағын папуалар мен меланезиялықтар мекендеді. Олар тас дәуірінде аң аулау, балық аулау және жинау жұмыстарымен өмір сүрді. Аралдың таулы аймақтарында-егіншілік. Жаңа Гвинеяны 1526 жылы португалдық саяхатшы Джорджи Ди Менезес ашты. Аралға 1545 жылы испан саяхатшысы Иньиго Ортиз де Ретес африкалық Гвинея тұрғындарымен ұқсастығын ескере отырып, атау берді. Аралды зерттеу және еуропалықтардың енуі тек XIX ғасырда басталды. Орыс зерттеушісі Николай Миклухо-Маклай папуалар арасында жалпы төрт жылға жуық өмір сүрді. ХІХ ғасырда Папуа-Жаңа Гвинеяға басқа еуропалықтар - саудагерлер, балық аулаушылар, миссионерлер келді. Еуропалықтар Папуа-Жаңа Гвинеяға алғашқы темір құралдарды әкелді. 1884 жылдан бастап Жаңа Гвинея аралының оңтүстік-шығыс бөлігі Британ империясының қол астында болды. Олар ХХ ғасырдың басында аралды Аустралияға берді. 1880 жылдары іргелес аралдары бар Жаңа Гвинея аралының солтүстік-шығыс бөлігін Германия басып алды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1920 жылы Аустралияға Ұлттар Лигасының мандатты аумағы, кейінірек БҰҰ - ның қамқоршы аумағы ретінде берілді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жаңа Гвинея аралының едәуір бөлігін Жапония басып алды. 1942-1945 жылдары аралда жапон және ағылшын-американдық әскерлер арасында қатты шайқастар болды. Содан бері 23 маусым жыл сайын Папуа -Жаңа Гвинеяда осы соғыста қаза тапқандарды еске алу күні ретінде атап өтіледі.  1949 жылы екі бөлікті де - Папуамен ЖаңаГвинея, әкімшілік жағынан Аустралия билігі біріктірді. Папуа-Жаңа Гвинеяның тәуелсіздігі 1975 жылы 16 қыркүйекте жарияланды. Елде конституциялық монархия жұмыс істейді. Парламент бір палаталы, 109 орындық мүшесі бар. Папуа-Жаңа Гвинея қазір Ұлттар Достастығының құрамындағы тәуелсіз мемлекет болып табылады. Ресми түрде Мемлекет басшысы Ұлыбритания патшайымы болып табылады және оның атынан елді Парламент сайлаған және патшайым бекіткен генерал-губернатор басқарады. Ел тұрғындары пайдалы қазбаларды өндірумен, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен, туризммен айналысады. Папуа-Жаңа Гвинеядағы Тәуелсіздік күні әдетте өте салтанатты түрде атап өтіледі, мерекелік іс-шаралар бүкіл елде өтеді. Сонымен, әр түрлі қалаларда концерттер, фольклорлық ұжымдардың қойылымдары өткізіледі, отшашулар іске қосылады.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?