Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Балақайлар сайысқан күн

1276
Балақайлар сайысқан күн - e-history.kz

Астана қаласында «Қазақстан гүлдері - 2024» атты халықаралық би байқауы өтті. Би спорты федерациясының ұйымдастыруымен өткен бұл жарыста ұзын-саны 800-ден астам өнерпаз бақ сынаған.  

Нәтижесінде Моңғолиядан келген бишілер тобы топ жарып, байқаудың төрт бірдей бас жүлдесін қанжығаларына байлап қайтты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Моңғолиядан 40 бүлдіршін келген. Олар байқауға 2 кіші және 2 үлкен топ қатысқан. 

«Бала-ойыны» 10-12 жас 

«Нұр-Сая» халық би тобы,

Жетекшісі: Кенжегүл Мінәпқызы.

«Қымызшы кыз» 6-9 жас

«Мұрагер» халық би тобы

Жетекшісі: Нұртуған Пілейұлы

«Дээд – Монгол» 

Моңғол халық биі 

«Дээд – Монгол» 13-15 жас 

Моңғол халық биі

 Жетекшісі: Айнұр Юрақызы

«Бұл Астанаға жалпы Қазақ еліне алғашқы сапарымыз» дейді бишілер тобының жетекшісі Айнұр Юрақызы.

Айнұр ханымның айтуынша, бишілердің өнерін қазылар алқасы өте жақсы қабылдаған. «. Жалпы байқауға екі қазақ, екі моңғол биін алып келген едік. Көрермендер жақсы қабыл алды. Әсіресе, моңғол биді ерекше ықыласқа ие болды. Бұл Астанаға алғашқы сапарымыз. Бишілеріміз жақсы нәтиже көрсетті. Жарыстың барлық номинациясы бойынша бас жүлдесін алып қайтып барамыз. Бұл әрние біз үшін үлкен мақтаныш», -  дейді Бай Өлке қаласындағы балалар үйінің «Құралай» би үйірмесінің меңгерушісі Айнұр Юрақызы.

Айтпақшы, «Құралай» би үйірмесінің құрылғанына 24 жыл болыпты. Осы аралықта ұзын-саны 11 мың бүлдіршін дайындықтан өтіпті.

«Бишілеріміз әлемнің белді сайыстарына қатысып, топ жарып келіп жатыр. Биылғы қатысып отырған алғашқы халықаралық байқаумыз. Ал жалпы өткен жылы жеті кубокқа қол жеткіздік. Соның екеуі Ресейде өткен үлкен жарыс. Амандық болса, алда Жапонияға сапар тұр», - дейді ол.  

Гран-при жеңіп алған бишілірдің ең кішісі – Айару Мерғалымқызы. Үшінші сынып оқушысы. «Би әлемі» бүлдіршіндер сайысының Алтын медалін жеңіп алған жеңімпаз. Өткен жылы Ұланбатыр қаласында өткен халықаралық сайысқа қатысып, жүлделі оралғаны бар екен. Аманшылық болса, Жапонияда өтетін халықаралық жарысқа қатысуға бел байлап отыр. Қазақ даласына Моңғолияның ыстық лебізін ала келген Айарудың биге әуестігі кішкентай кезінен басталғанын айта кету керек.

«Жетекшісі Кенжегүл Мінәпқызының айтуынша, Айарудың болашағы алда.

«Өте дарынды биші. Небір байқаулардан орын алып келіп отыр. Жалпы осы байқауға Алтай өңірінен тоғыз бала алып келдім. Гран-при байқауын алып отырмыз. Әкелген биіміз салт-дәстүр, көне би ретінде бағаланды. «Ойын биі» деп аталады», - дейді Алтай сұмынындағы Мәдениет орталығы би үйірмесінің меңгерушісі Кенжегүл Мінәпқызы.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?