Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ерлан Қарин Президент баса мән берген 5 идеологиялық басымдыққа тоқталып өтті

793
Ерлан Қарин Президент баса мән берген 5 идеологиялық басымдыққа тоқталып өтті - e-history.kz

Сурет: baq.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент баса мән берген бірқатар өте маңызды идеологиялық басымдықтарға тоқталып өтті, деп хабарлайды «Қазақстан тарихы» порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Республика күніне арналған бүгінгі сөзінде ішкі және сыртқы саясатқа, әлеуметтік-экономикалық саясатқа және аймақтарды дамытуға қатысты тұшымды ой-пікір айтылды. Осы орайда Президент баса мән берген бірқатар өте маңызды идеологиялық басымдықтарға тоқталғым келеді, - деп жазды Ерлан Қарин.

 

1. Біз жалпыұлттық басты құндылығымыз – Тәуелсіздікті қастерлеп, қорғауымыз керек. Сол үшін салиқалы сыртқы саясат жүргізіп, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтаймыз. 
2. Қоғамда радикализмнің, экстремизмнің, құқықтық нигилизмнің және тұрмыстық вандализмнің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік үстемдік құруға тиіс. Елдегі тұрақтылық пен береке-бірлік – егемендік мен мемлекеттілікті сақтаудың маңызды алғышарты. 
3. Соңғы жылдары іске асырылған өзгерістерден кейін өткенге енді қайта оралмаймыз. Реформалар халықтың саяси сана-сезімін едәуір өзгертті. Жұртымыз мемлекетті басқарудың бұрынғы тәсілін қайтаруға жол бермейді. 
4. Бүгінгі жастар – Қазақстанның келешектегі келбеті. Елімізді дамыту жолында жас ұрпақтың жасампаз қуаты маңызды рөл атқарады. Сондықтан Мемлекет басшысы өз сөзінде жастарға арнайы үндеу жолдады. 
5. Адал еңбек пен жауапкершілік игі істердің ұйытқысы болуға тиіс. Қоғамда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуі керек. Биыл 298 мұғалім мен дәрігердің, 259 ауыл еңбеккерлерінің, 119 еңбек ардагерлерінің, 88 өндіріс саласы қызметкерлерінің мемлекеттік наградалармен марапатталуы кездейсоқтық емес.

Мемлекеттік саясаттың мазмұны мен ішкі мақсат-міндеттері осындай мызғымас құндылықтарға негізделеді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?