Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Кітап-AMANAT» жобасы кітап орталығын ашты

1200
«Кітап-AMANAT» жобасы кітап орталығын ашты - e-history.kz

Республика күні мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалының ғимаратында кітап орталығы ашылды. «Кітап-AMANAT» жобасы аясында осындай игілікті іс жасап, орталық ашқан партияның мақсаты - отандық әдебиетке деген қызығушылықты ояту, көпшіліктің оқуға деген ынтасын арттыру, үшжақты ынтымақтастық арқылы отандық авторлар мен кітап шығарушыларға қолдау көрсету болып отыр.

Рухани мұратты көздеген игілікті іс-шараны ашқан «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда кітап ісі еліміздегі идеологиялық жұмыстың басты бағыттарының бірі екенін ерекше атады. Осы орайда, партиямыздың әр филиалында кітап орталықтарын ашуды көздейтін жоба бастап отырмыз. Оның алғашқысы Алматы қаласында, партиямыздың Төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен ресми түрде ашылып та үлгерді. Бұл жоба бірден екі игіліктің арнасын тоғыстырып отыр. Әуелгісі – руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосады, сонымен қатар отандық қаламгерлердің, ұлттық әдебиетіміз бен аударма ісінің дамуына септігін тигізеді», – деді.

Одан кейін модератор, "АMANAT" партиясы Астана қалалық  филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Кәкімбекұлы «Қазақстан Республикасының баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар» қауымдастығы президентінің орынбасары, ақын Алмас Ахметбекұлына сөз берді. А.Ахметбекұлы  партияның өз тарапынан  оқырман мен баспагер арасында алтын көпірге айналуды көздейтін маңызды қадам жасап жатқанын айрықша атап өтті.

- «Кітап-AMANAT» жобасы «AMANAT» партиясының руханият мәселелері бойынша ең басты жобасы болып саналады. Енді біз баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қоғамымен   «AMANAT» партиясы арасында меморандумға қол қойдық. Баспа өнімдерін барынша қолдау және тарату мәселесін қолға алдық. Бұндай орталықтар алдағы уақытта барлық облыс орталықтарында іске қосылса, одан кейінгі жылдары аудан орталықтарында да ашылады деп ойлаймын», – деді Алмас Ахметбекұлы. 

- Тарихымызға, кітапқа деген құрмет әрдайым алдыңғы орында тұруы тиіс. Кітап – әрқашан жақсылыққа, жаңашылдыққа жетелейді. «AMANAT» партиясының бүгінгі бастамасын халық, соның ішінде зиялы қауым өкілдері өте жылы қабылдап жатыр. Әлемдегі барлық дамыған ел кітаптан, газет-журналдан қол үзген жоқ. Осындай ізгі қадамдар арқылы кітап оқуға деген ынтамыз арта түседі, – деген «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту ісінде мұндай бастамалардың маңызы зор екенін атап өтті.

Ал  қоғам қайраткері, партия ардагері Оразкүл Асанғазықызы өзі куә болған кітапқа қатысты жиыннан түйген ойын айта келіп, «жастар кітап оқымайды деп кінә артуға болмайды. Сатып алатын кітап іздеп, ой-өрісін кеңейткісі келетін жастар қатары көбейіп келеді. Өкінішке қарай, қазақ тілінде жарық көрген кітаптар саны кітап дүкендерінде өте аз. Бұл – үлкен сын. Сондықтан бүгін «AMANAT» партиясы өте орынды іс-шара өткізіп жатыр. Алдағы уақытта авторлар осы жерге келіп, оқырмандарымен жүздесіп, өз кітаптарын насихаттайды деп үміттенемін», – деп өз пікірін білдірді.   Сондай-ақ, ақын Серікзат Дүйсенғазы да кітап оқу мәселесіне қатысты өз тәжірибесінен айта кетті. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?