Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қарағанды музыкалық комедия театры елордада өнер көрсетті

991
Қарағанды музыкалық комедия театры елордада өнер  көрсетті - e-history.kz

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының «Астана Опера» сахнасындағы дәстүрге айналған жазғы гастролі зор табыспен аяқталды. Қазақстанның кеншілер қаласынан келген әртістер ересектер мен балаларға арналған түрлі музыкалық жанрлардағы алты спектакль ұсынды. 

11-13 тамыз аралығында «Астана Опера» сахнасы Қарағанды музыкалық комедия театрының иелігінде болды. Ұжым талғампаз елордалық көпшіліктің назарына оперетта, мюзикл, музыкалық комедия және балаларға арналған ертегі тәрізді түрлі жанрлардағы спектакльдерді алып келді.

Қарағандылық театр бірегей қазақстандық театр жанрын дамытып келеді, оның өзінің бай тарихы бар: өткен маусым театр ашылғалы бергі елуінші маусым болды. Музыкалық театр репертуарындағы қойылымдар саны 280-нен асады. Оның ішінде И.Кальманның «Баядера», «Сильва», «Марица», И.Штраустың «Сыған бароны», «Жарқанат» пен «Венециядағы түн», Г.Канчелидің «Проделки Ханумы» туындысы тәрізді басқа да көптеген әлемдік классикалық оперетта жауһарлары бар. Сондай-ақ театр мюзикл, шоу, балет пен операларды да қойып, атақты режиссерлермен және хореографтармен бірге белсенді түрде қызмет етіп келеді, бірлескен жобаларға қатысуға түрлі елдерден әртістерді шақырады. Жұмыс істеп келе жатқан жылдар ішінде ол алыс-жақын шетелдің 200-ден астам қаласында болып, жаңа жанкүйерлерін тапты. 

«Астана Опера» сахнасындағы гастроль Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының труппасы үшін дәстүрге айналды. Карантин кезеңін есепке алмағанда, 2019 жылдан бастап әртістер елордалық жұртшылық алдында жыл сайын өнер көрсетіп келеді. Астананың көптеген тұрғындары оларды жақсы таниды және ұнатқан орындаушыларының келуін тағатсыздана күтеді. 

Бұл жолы елордалық театр сахнасында И.Кальманның «Марица» және И.Штраустың «Жарқанат» оперетталары, Г.Гладковтың «Шөп қорыған ит» музыкалық комедиясы, сондай-ақ А.Гончаровтың «Қар патшайымы» өлең түріндегі мюзиклі, С.Цирюктің «Аладдин» және Г.Гладковтың «Бремен музыканттары» музыкалық ертегілері тәрізді балаларға арналған қойылымдар ұсынылды. 

Иоганн Штраустың «Жарқанат» опереттасы өз жанрындағы ең танымал оперетталардың бірі. Қарағанды театрында спектакльдің премьерасы 45 жыл бұрын болды, десе де көрермендер мүлде өзгермеген дәстүрлі мәнердегі бұл спектакльді қуана қабыл алады. 

- Астанада Қарағанды театры әртістерінің өнер көрсетуін тамашалайтын мүмкіндіктің бары қандай жақсы. Оперетта музыкалық жанры өміріміздегі барлық мәселелер мен ауыртпалықтарды ұмытуға, сюжет пен орындаушылардың керемет дауыстарынан, олардың әртістік шеберліктерінен ләззат алуға көмектеседі. «Жарқанат» спектаклі – өте жарқын, естен кетпес қойылым. Біз театрға келіп, көптеген жағымды эмоциялар алдық, – деп пікірімен бөлісті көрермен Эльвира Мұқанова. 

Музыкалық ертегілерді тамашалаған балалар да қарағандылық әртістермен кездесуден зор қуанышқа бөленді. 

– Маған Аладдин барлығынан да қатты ұнады, – деп әсерімен бөлісті Артем Потапченко есімді жас көрермен. – Ол өте батыл әрі тапқыр. Мейірімсіз сиқыршыны жеңіп, өзінің қалыңдығын құтқарып қалды. Мен де өзімде кез келген тілекті орындайтын шамның болғанын қалар едім. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?