Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әйгерім Нартүйенің «Меруерт моншақ» шығармашылық кеші

2470
Әйгерім Нартүйенің «Меруерт моншақ»  шығармашылық кеші - e-history.kz

Қазақ халқының дәстүрлі әншілік өнері – ұлттың тамырын тереңге жайған рухани мұра. Сәби дүние есігін ашқан сәттен бастап анасының ақ сүтімен бойына әсем әуезді әнді, халық әндерін сіңіріп өседі. Сондықтан қазақ халқының өмірінде әннің алатын орны ерекше. Қазақтың әсем, қоңыр әндерінде адами құндылық, зор сүйіспеншілік, қайғы, қуаныштың барлығы сипат алады. Көне рухани жәдігер болған дәстүрлі әндер кең ауқымды, күрделі ырғақ иірімдерімен ерекшеленеді. Міне, сондай дәстүрлі әннің шырағын өшірмей, насихатшысына айналған әнші Әйгерім Нартүйенің жақында «Меруерт моншақ» атты жеке шығармашылық кеші өтті. 

Әйгерім Нартүйе – Е. Рахмадиев атындағы МАФ халық әні бөлімінің дәстүрлі әншісі. Әртістің өмірбаяны оның қазақ халық өнеріне деген адалдығын айғақтайды. Алматы облысының тумасы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дәстүрлі әнші мамандығы» бойынша түлегі. Консерваторияда Арқа әншілік мектебі бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Ардақ Исатаеваның сыныбынан бітірген. Оның ұстаздары мен тәлімгерлерінің арасында «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жетісу ән мектебі бойынша танымал Ақан Әбдуәлиев бар. Мектеп қабырғасынан бастап Әйгерім түрлі музыкалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ең маңызды жүлделерінің қатарында Дәнеш Ракышев атындағы І республикалық әншілер байқауының Бас жүлдесі (2006 ж.), Ж. Елебеков атындағы ІІІ республикалық дәстүрлі әндер байқауында Қ. Байжанов атындағы арнайы жүлде (2007 ж.), К. Әзірбаев атындағы V Республикалық «Шырқа даусым» әншілер байқауының I орын иегері, «Шабыт» XX Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты (2017 ж.) жүлделері бар.

Еңбек жолы аясында Әйгерім Нартуйе Сүйінбай Аронұлы атындағы Алматы филармониясының әншісі болып жұмыс істеді, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі орындаушылық өнер» кафедрасында және П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Дәстүрлі ән» мамандығы бойынша ұстаздық қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап Е. Рахмадиев атындағы МАФ халық ән бөлімінде жұмыс істейді, халық ән бөлімінің көркемдік жетекшісі Телман Нүркенов.

Әйгерім Нартүйенің авторлық кеші аясында  «Ақшоқы», «Керім сал» халық әндері, ақын Бармақтың «Мәті Дәурен», Дәнеш Рақышевтің «Саясында алманың»,  Қапез Байғабылұлының «Меркі», Бексұлтан Байкенжеевтің «Ақбаян», Ермұрат Үсеновтің «Меруерт моншақ» секілді әндері орындалады.

Концертке ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Ардақ Исатаева және Бейбіт Мұсаев, Перизат Тұрарова, Бибігүл Сауытова, Гүлім Алшынова, сондай-ақ «Қорқыт» этно-ансамблі мен «Шалқыма» халық би ансамблі қатысты.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?