Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Кенесары дәуіріндегі қазақ билері (тізім)

788
Кенесары дәуіріндегі қазақ билері (тізім) - e-history.kz

Сурет: Instagram/kazakhi_v_moskve

Кенесары соғысы – (көтеріліс деген ұғыммен келіспейміз) ұлт тарихының, ел тағдырының өлшемі болғаны айдай  анық нәрсе. Мұндай жағдайды 1986 жылғы Желтоқсан толқуынан да байқаймыз. Осынау бір талмауыр сәттегі қазақ интеллигенциясының әрекеті, қимылы, көзқарасы қандай болды, сол сияқты Кенесары дәуіріндегі қазақ билерінің шешімі, орыспен арадағы соғысқа қатысты ойларын сараптау қажет болады. 

Адамзат жасағалы бері бірге келе жатқан қос құбылыс қатары: адалдық пен сатқындық, тірі мен өлі, мықтылық пен әлсіздік, рухсыздық пен намысқойлық, ерлік пен ездік қатар таразыға тартылып тұрады. Кенесары дәуіріндегі қазақ билері де осындай қысылтаяң шақта өздерін қалай ұстады, «қарсылар» мен «жақтастар» деген екі топқа бөліп ұсынған алғашқы мақаламызда ұсынған тізім оқыған адамды бей-жай қалдырмады. 

Алаш қайраткері Біләл Малдыбайұлы «Кенесары заманынан» атты мақаласында қазақ хан-сұлтандары мен билерінің екі көзқарас шарпысуында қалғанын, орыс патшасына бағынғандар мен қарсы келгендер жайлы ашық жазады:

«Қазақ халқы орыс патшасына бағына бастағанда күнбатыс Сібірде төрелерден басқа қара қазақтан бағынғандар мыналар болыпты: Атығайдан Зілқара, Керейден Тұрлыбек, Қаражастан Мұса, Қыпшақтан Ыбырай, Әніғай-Бағыстан Қожағұл, осы адамдар патша өкіметіне қарауды өте ұнатып, жалпы елге мұрындық болыпты. Көкшетауға қарайтын Арғын ішінде Қарауыл деген ел патшаға қарауды ұнатпаған. Қарауылға Кенесары хабар салады «орысқа бағынбаңдар» деп. Содан қарауыл ішінен белгілі батырлар Бөгенбай, Амалдық, Кенжебай, Арлан, Шамай, Шауыпкелұлы Баубек молда, Елубай, Көбе басшы болып Кенесарыға еріп кетеді. Жаңақожым руынан Балтабек, Жолақкөт деген кісілер тағы басқалар да бірге кетеді. Бұлар барып қосылғаннан кейін Кенесарының әскері Дулат елін шауып өзіне қаратып, сосын бірнеше елдерді алып жаңа қырғызбен соғысып Алатауды алмаққа көп күш жұмсайды» (Малдыбайұлы Б. Кенесары заманынан. Шығармалар жинағы. //Құраст.: Е. Тоқтарбай. – Нұр-Сұлтан: Baqbergen ЖК, 2021. – 180 б).

Біз сол кезде тізімді әлі де толықтыратынымызды, жалғасы болатынын ишара еткенбіз. Есімі жалпақ елге белгілі мұрағатшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Нәсеновтің архивінен алынған бұл материалдар ұлт тарихының олқы тұстарын толтырып, кемшілік келтіретініне еш шүбәміз жоқ. Ескерте кететін бір жайт: ҚР  ОММ алынған архив құжаттарындағы тұлғалардың кейбірінің есімдерін жазылуы бойынша өзгертусіз алдық. 

 

Қарқаралы округі бойынша 

 (26.11.1831 жылғы материал: 338-қор, 1-тіз., 539-іс)

 

Алакушин Буданов би (арғынның қара-әйтімбет руы) 

Тәуке Дулатов би

Қасқа Сеңкебаев би (арғынның қара-әйтімбет руы)

Қорғанбай Байтоқаев би (арғынның қара-әйтімбет руы)

Серік (Чорик) Кейкин би 

Упка Коспесов би (арғынның қара-әйтімбет руы)

Естемес Киікбаев би (арғынның қара-әйтімбет руы)

Құлынза Құлдырбаев би (Арғын Қарауыл болысы)

Кәрішал Құттықадамов би (Арғын Қарауыл болысы) 

Болтан Жымыңбаев би (Арғын Қарауыл болысы)

Жаманқұл Табылов би (арғынның әлтеке-сарым руы)  

Құлын Елемесов би (арғынның әлтеке-сарым руы)  

Мамыр Есенаманов би (арғынның әлтеке-сарым руы)  

Жабай Жаманкенин би (арғынның әлтеке-сарым руы)  

Торақ Есетов би (арғынның әлтеке-сарым руы)  

Жақсыбай Қазыбаев би (арғынның әлтеке-сарым руы)  

Байғұтты Ботантаев би (арғынның әлтеке-сарым руы)  

Торақ Чандыгеков би (арғынның әлтеке-сарым руы)  

Байса Жаманқұлов би (арғынның әлтеке-сарым руы)

Тоқин Байтоқин би (арғынның әлтеке-сарым руы)

Дарыбай Байгелдин би (Арғын Алтөбет болысы

Арап Хантерин би (Арғын Алтөбет болысы

Мыңбай Төменбаев би (Арғын Алтөбет болысы) 

Қара Байтықов би (арғынның кәрсен-керней руы) 

Торғауыт би (арғынның кәрсен-керней руы) 

Төлебай Байғанин би (арғынның кәрсен-керней руы)

Байсейіт Қырбаев би (арғынның кәрсен-керней руы) 

Аққошқар Ақеділов би (арғынның кәрсен-керней руы) 

Арпабай Ерубаев би (арғынның кәрсен-керней руы) 

Арслан Кенжеғарин би (арғынның кәрсен-керней руы) 

Сонур Бошанов би (арғынның кәрсен руы) 

Сауырбай Чагатеев би (арғынның кәрсен руы) 

Байарыстан Әбенов (арғынның кәрсен руы) 

Қожас Елшібеков (арғынның кәрсен руы)

Жайын Көшекбаев би (арғынның кәрсен-керней руы) 

Төмен Жолдыбаев би (Арғын Көшім болысы)

Шабан Нығыбетов би (Арғын Көшім болысы)

Бупа Шектібаев би (Арғын Көшім болысы)

Үкібай Курпин би (Арғын Көшім болысы)

Қатпы Бетсеуов би (Арғын Көшім болысы)

Шоқай Байгелов би (Арғын Көшім болысы)

Байбол Ажмамбетов би (Арғын Тарақты болысы)

Жынтай Құдайбергенов би (Арғын Тарақты болысы)

Бақтыбай Дарабаев би (Арғын Тарақты болысы)

Саян Қобанбаев би (Арғын Тарақты болысы) 

Мырзабай Сақауов би (Арғын Тарақты болысы)

Бұлғақ Дайырбаев би (арғынның қояншы-тоғай руы)

Орман Байарсланов би (арғынның қояншы-тоғай руы)

Тыныбек Жанызанов би (арғынның қояншы-тоғай руы)

Байған Пұсырманов би (арғынның қояншы-тоғай руы)

Қадыр Айтпелев би (арғынның қояншы-тоғай руы)

Шотай Чономинов би (арғынның дүйсенбай-шекшен руы) 

Қарамыс Нұралин би (арғынның дүйсенбай-шекшен руы) 

Сатыбалды Оденев би (арғынның дүйсенбай-шекшен руы) 

Құдайберген Татыбаев би (арғынның дүйсенбай-шекшен руы) 

Дәуменов Матанов би (арғынның дүйсенбай-шекшен руы) 

Ізбасар Алдабердин би (арғынның дүйсенбай-шекшен руы) 

Сағындық Торушын би (арғынның дүйсенбай-шекшен руы) 

Сыбанбаев би (арғынның дүйсенбай-шекшен руы) 

Құрымша Кенғарин би (арғынның жалықпас руы) 

Жандай Қарағаев би (арғынның жалықпас руы) 

Шуаш Байтөбетов би (арғынның жалықпас руы) 

Құттымбет Жинаев би (арғынның жалықпас руы) 

Ордабай Бекбауов би (арғынның жалықпас руы) 

Ашубай Сейітқазин би (арғынның жалықпас руы) 

Сарман Жақыпов би (арғынның жалықпас руы) 

Бегайдар Қырғызбаев би (арғынның жалықпас руы) 

Майсаров Минибаев би (арғынның жалықпас руы) 

Базыл Қонаев би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Мыңтай Өстеміров би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Өтеген Баймурзин би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Қондыбай Қожамқұлов би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Аманбай Байтеміров би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Қонақай Сеңкебаев би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Тапа Тұрсынов би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Битас жарқынов би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Шалабай Шабаниеров би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Қоржынқұл Қошымбаев би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Жал Барғалин би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Ижент Бабынов би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Өте Сызмамбетов би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Айқын Назаров би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Бақберды Жазин би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Матай Кенебаев би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Итемген Барлин би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Талант Меңдіқұлов би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Құлтан Базарқұлов би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Тымак Назықбаев би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Тұрды Тілесов би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Жапен Байбурлин би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Өмірбек Тайолин би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Қонысбай Донпарин би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Баймұрын Қойсоймасов би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Базар Сатаев би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Биран Иқсарин би (Арғын Қаракесек Шаншар болысы)

Құттықадам Байпелев би (арғынның қаракесек руы) 

Байдрумин Тобылдин би (арғын) 

Қаздаяқ Жылқайдаров би (арғын)

Тоқай Мұтанов би

Mес Кибатов би (арғынның қаракесек-байбөрі руы) 

Сары Сасықов би (арғын) 

Жәнібек Қозыбақов би (арғын) 

Жанбай Бапанов би (арғын) 

Балқыбек Өтебаев би (арғын) 

Қарамырза Кеңгірбаев би (арғынның қаракесек-байбөрі руы)

Жаманай Жанұзақов би (арғынның қаракесек-байбөрі руы)

Мүсіреп Жоланов би (арғынның қаракесек-байбөрі руы)

Бақты Өміров би (арғынның қаракесек-байбөрі руы)

Қиян Әйгелев би (арғынның қаракесек-байбөрі руы)

Төлеген Танабаев би (арғынның қаракесек-байбөрі руы)

Алдаберген Еділбаев би (арғынның қаракесек-байбөрі руы)

Өтеп Бекеев би (арғынның қаракесек-байбөрі руы)

Қанай Досанов би (арғынның қаракесек-байбөрі руы)

Үсен Жантобаев би (арғынның қаракесек-байбөрі руы)

Бердішбай Беторазов би (арғынның қаракесек-байбөрі руы)

Нар Теңізбаев би (арғынның қаракесек-байбөрі руы)

Көрге Исетев би (арғынның қаракесек-байбөрі руы)

Байсал Әтиев би (арғынның қаракесек-байбөрі руы)

Атшабар Кендрин би (арғынның қамбар руы) 

Жиенбай Арғынбаев би (арғынның қамбар руы) 

Сайдалы Көбеев би (арғынның қамбар руы) 

Жанәлі Қошқаров би (арғынның қамбар руы) 

Төлеген Нұржинов би (арғынның қамбар руы)

Бөрібай Қабанбаев би (арғынның қаракесек-қырғыз руы) 

Бекбас Жәнібеков би (арғынның қамбар руы) 

Жанқарға Жайлауов би (арғынның қамбар руы) 

Арап Сарпин би (арғынның қамбар руы)

Бердіқожа Қошанбаев би (арғынның қамбар руы)

Төпей Жиенбаев би (арғынның қамбар руы) 

Өтеген Есқұлов би (арғынның қамбар руы) 

Бұйра Мансыров би (арғын руы) 

Өскенбай Бәтенов би (арғынның тобықты руы) 

Бекназар би (Кіші Орда)

Арыскер Би (Кіші Орда)

Базар Орысов би (арғынның қамбар руы)

Тіленбай Нұрыбаев би (арғынның қамбар руы) 

Жұмагелді Тайсоймасов би (арғынның қамбар руы) 

Кудран Шоронбаев би (арғын руы)

Тамтық Тайтурин би (арғын руы)

Бибол Құланбаев би (арғын руы)

Бейтіс Есетаев би (арғынның қамбар руы) 

Қаратай Сапанов би (арғынның қамбар руы) 

Қалыбас Құттығаев би (арғынның қамбар руы) 

Ағал Қабанбаев би (арғынның қамбар руы) 

Дауылбай Борсықбаев би (арғынның тобықты руы)

Орыс Еділбаев би (арғынның тобықты руы)

Құлнияз Дошлин би (арғынның тобықты руы)

Бакин Елемесов би (арғынның тобықты руы)

Борсықбай Қарамырзин би (арғынның тобықты руы)

Тантыбай Оңбаев би (арғынның тобықты руы)

Құл Қанақиев би (арғынның тобықты руы)

Бүркітбай Байеділов би (арғынның тобықты руы)

Дарабай Матин би (арғынның тобықты руы)

Қонақ Көбеев би (арғынның тобықты руы)

Дәулетбай Салаватов би (арғынның тобықты руы)

Қалабай Тілеубердин би (арғынның тобықты руы)

Тілес Байгелдин би (арғынның тобықты руы)

Шоқан Денорымбаев би (арғынның тобықты руы)

Сармантай Байзенов би (дадан тобықты руы) 

Тілеуке Аманбаев би (дадан тобықты руы) 

Бақтыбай Балғабаев би (дадан тобықты руы) 

Кебек Меджаров би (дадан тобықты руы) 

Мирдан Тілеубердин би (дадан тобықты руы) 

Кемен Қисықов би (дадан тобықты руы)

Байжомарт Балтабаев би (дадан тобықты руы) 

Дүйсеке Қарамендин би (дадан тобықты руы) 

Тіленші Көрпебаев би (дадан тобықты руы) 

 

Кенесары төлеңгіттері 

 

Жұмабай Қылышев би (төлеңгіт) 

Жәнібек Тұрсынбаев би (төлеңгіт) 

Ноғай Байзақов би (төлеңгіт) 

Түгелбай Көбеев би (төлеңгіт) 

Тапан Ізбасаров би (төлеңгіт) 

Көлеміс Бұланов би (төлеңгіт) 

Байғабыл Төленов би (төлеңгіт) 

Сабыр Күленов би (төлеңгіт) 

Қалман Манақов би (төлеңгіт) 

 

Керей руының билері 

 

Байторы Өмірзанов би (керей руы) 

Пішен Көрпебаев би (керей руы) 

Сүттібай Жоболаев би (керей руы) 

Тоқсанбай Орысов би (керей руы) 

Жансейіт Бижанов би (керей руы) 

Сабан Ноқатов би (керей руы) 

Ескібай Тенебаев би (керей руы) 

Чуркут Күлбаранов би (керей руы) 

Бектемір Ақпанов би (керей руы) 

Байтын Пұшықов би (керей руы) 

Төмен Ботаев би (керей руы) 

 

Найман билері

 

Жұрықтай Бекшин би (бура найман руы) 

Сұңқар Бақин би (бура найман руы)

Тоқсанбай Туматов би (бура найман руы) 

Балтай Өміров би (бура найман руы) 

Қозыбақ би (бура найман руы) 

Жарты Кушрин би (бура найман руы) 

Қарас Кушрин би (бура найман руы) 

Банақ Жанбаев би (бура найман руы) 

Бекебай Жемеков би (бура найман руы) 

Жанды Қарасонов би (бура найман руы) 

Тілісбай Жанықбаев би (бура найман руы) 

Жапер Каниев би (бура найман руы) 

Есенгелді Ізбасаров би (бура найман руы) 

Жұматай Рахманов би (бура найман руы) 

Тоқабай Меңдекұлов би (бура найман руы) 

Жарылғап Сейсенбаев би (бура найман руы) 

Кенбай Өзденев би (бура найман руы) 

Балты Мырзақұлов би (бура найман руы) 

Жан Кенжебаев би (бура найман руы) 

Оразқұл Мақин би (бура найман руы)

 

Жалғасы бар...

 

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?