Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар тарихы

3031
Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар тарихы - e-history.kz
Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар құрылу тарихы 1991-1992 жылдардан басталады.

Наурыздың 25 жұлдызында Мемлекет тарихы институтының ұйымдастырумен  индустриалды-инновациялық даму және этноәлеуметтік үдерістер тарихы бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар» тақырыбында теориялық-методикалық семинары болып өтті.

Шара барысында аталған индустриалды-инновациялық даму және этноәлеуметтік үдерістер тарихы бөлімінің басшысы, жоба жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент К. Ілиясова «Қазақстан экономикасы: қалыптасуы мен даму тарихы» атты іргелі ғылыми зерттеу жобасының арқау болғанын және соның жалғасы екенін тілге тиек етіп, бұл бағыттағы алғашқы мақалалардың 2014 жылдан бастап жариялана бастағанын жеткізді. 

1f6ce3f72217b73314ab460985ff9cd9.jpg

Жоба жетекшісі семинарға қатысушыларға түсінікті болу үшін, алдымен «арнайы экономикалық аймақтар» ұғымының ағылшындық П. Халла, С. Хоуль және американдық С. Бутлер есімдерімен тығыз байланыстылығын, сосын арнайы экономикалық аймақтардың әлемдік шаруашылықтың бір бөлігі ретінде ХХ ғасырдың ортасында пайда болғанын, ал «90 жылдардың ортасына қарай әлемде 1200-ге жуық әртүрлі арнайы экономикалық аймақтардың болғанын, оның ішінде 400-і еркін сауда аймағы, 400-і ғылыми-өнеркісіптік парк, 300-ден астамы экспортық өндірістік аймақ және шамамен 100-ге жуығы арнайы мақсаттағы аймақтар (оффшорлық аумақтар, экологиялық-экономикалық аймақтар, туристік орталықтар, т.б.) болғанын, жалпы АЭА-ды құруда инвестиция тартуға қолайлы жағдайларды қалыптастыру, аумақтарды дамытуды жеделдету, нарықтық инфрақұрылым мен кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс пен сауданы, қазіргі озық технологияларды және әлемдік тәжірибені пайдалану көзделетіні негізделді.

10abe7936fed7cda55ae8ed86e7b55b1.jpg

Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан тарихында мұндай аймақтардың құрылу тарихы 1991-1992 жылдардан басталатынын, оған 1990 жылдың 30 қарашасында шыққан «ҚазССР-да арнайы экономикалық аймақтарды құру» туралы алғашқы Заңның негіз болғанын, Заң бойынша АЭА-ны құру туралы шешімді қабылдау құзыреті Қазақстан еспубликасының Президентіне берілгені және АЭА-дың қызмет ету мерзімі 25 жылдан аспауы керектігі айтылып, бастапқыда еркін экономикалық аймақтар ретінде құрылған Қазақстандағы АЭА-дың саны 9 болғанын, атап айтқанда бұрынғы Жезқазған облысындағы Жәйрем-Атасу, Талдықорған облысындағы Алакөл және Жаркент, Талдықорған қаласындағы «Талдықорған-внештранс» субаймағы, Қостанай облысында Лисаковск АЭА, Алматыдағы «Атакент» еркін сауда аймағы, сол сияқты Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарындағы АЭА, соның ішінде оң нәтижелерге қол жеткізген Лисаковск АЭА туралы ұлттық мұрағат құжаттары алға тартылды. 

Сондай-ақ 2001 жылдан бастап құрылған қазіргі 10 АЭА-ға («Астана-жаңа қала» АЭА, «Ақпараттық технолгиялар паркі», «Оңтүстік» OxyTextile, Хлопкопром-Целлюлоза), «Ақтау теңіз порты», «Ұлттық индустриалды мұнайтехникалық технопаркі», «Бурабай», «Сарыарқа», «Хоргос-Шығыс қақпасы», «Павлодар» өнеркәсіп химиялық және мұнайхимиялық саласы», «Тараз химиялық паркі») сипаттама беріліп, солардың ішінде Лисаковск АЭА (1992-1999), Қызылорда АЭА (1996-1999), Ақмола АЭА (1996-1999), кейіннен «Астана-жаңа қала» АЭА (2001-2027) құрылуы мен қызметінің тарихы кеңінен талқыланды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?