Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Республика күнінде Мағжан Жұмабаев туралы тарихи телехикая эфирге шығады

2104
Республика күнінде Мағжан Жұмабаев туралы тарихи телехикая эфирге шығады - e-history.kz

Республика күнінде қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев туралы «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» тарихи драмасы эфирге шығады. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсірген 4 бөлімді телехикая Алаш арысының өмірі мен шығармашылығы жайында сыр шертеді, деп хабарлайды Qazaqstan tarihy. 

Телехикаяда Мағжан Жұмабаев өмірінің 1915-1921 жылдар аралығындағы кезеңі қамтылған. Орынборға келуі, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқып жүрген шағы, Сәкен Сейфуллинмен достығы, Қызылжар мұғалімдер курсының оқытушысы Гүлсім Камаловаға ғашық болуы суреттеледі. Тарихи драмада ақынның замандастары Міржақып Дулатов пен  Сәбит Мұқановтың бейнелері де бар. 

Телехикаяның сценарийін Қанат Рамазан жазған. Режиссері – Дархан Сәркенов, продюсері - Назгүл Қарабалина. Сериалда бас кейіпкер Мағжанның рөлін Мейірғат Амангелдин, Гүлсім рөлін - Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай, Міржақып Дулатұлын Қайрат Набиолла, Сәкен Сейфуллиннің бейнесін Қуаныш Құдайберген, Сәбит Мұқанов рөлін Талғат Кеңес сомдайды.

«Мағжан жай ғана лирик ақын емес, ол жастайынан ұлт болашағын ұран еткен Алаш қайраткері. Тарихи туындыда Мағжанның ақындығымен қатар, қайраткерлігі, ұстаздық жолы суреттеледі», - дейді сценарий авторы Қанат Рамазан.

Телехикаяның түсірілім жұмыстары Петропавл қаласында өтті. 

«Мағжан. Мен жастарға сенемін!» телехикаясы «Qazaqstan» телеарнасынан 24-25 қазан күндері 21:00-де эфирге шығады. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?