Бекен Қайрат: жеті саны халқымыздың рухани танымына әбден сіңіп кеткен

05.06.2023
122
Бекен Қайрат: жеті саны халқымыздың рухани танымына әбден сіңіп кеткен - e-history.kz

Қазақ танымында жеті – киелі санның бірі. Әлемнің екінші ұстазы аталған әл-Фарабиды ғылыми айналымға түсірген әйгілі Ақжан Машани дәл осы жеті цифры жайында  бір кітапқа татырлық еңбек жазған. Сандардың символикасы жайында ғажайып мифолог Серікбай Қондыбай мен «Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәні» атты  ғылыми еңбек жазған  Қ.Қайырбаевтың осы сан  атауы хақындағы жазбасына тоқталсақ біраз алысқа кетеміз. Мұның бәрі қазақ танымындағы жеті санының нендей мәнді, қаншалықты құнды екенін көрсетіп тұрған бай тәжірибе деп есептейміз.

Не десек те жеті саны халқымыздың ұлттық болмысы мен рухани танымына әбден сіңіп кеткен. Рас, қазақ ырымшыл халық.  Бірақ осы ырымның да астарында ақиқат пен сенім жатыр. Біз де ілкі бабалар танымынан кіндік үзіп ешқайда кете алмаймыз ғой. 

Дәл қазір  «Жаңа Қазақстан» деп  бастама көтерген  жаңа уақыт тезінде  осы жеті саны қазақтың  сенім мен үміт қағидасы  ретінде қайта оянғандай болды.  Енді кімнен ақжарма  үміт пен шын сенім күтіп отырғанымыз баршамызға белгілі ғой…

 

Бекен Қайрат, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері

 

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?
Жоғары
Орташа
Қанағаттанарлықсыз