Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қаржаубай Сартқожаұлы: «Сирек кітаптарды рухани орталығымыз – кітапханаға топтастыру керек»

1602
Қаржаубай Сартқожаұлы: «Сирек кітаптарды рухани орталығымыз – кітапханаға топтастыру керек» - e-history.kz
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Астана) Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Кітап – дәуір айнасы» атты Ашық есік күні өтті

Құттықтау сөзімен шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлы ашып, қонақтарды Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерекесімен құттықтады. Жауапты хатшы келген қонақтарға өзінің ризашылығын білдірді және кітап құндылығы жөнінде біраз ой толғай келіп, сөз соңында: «Бiлiмдi ел ғана мықты елге айналады», – деді. 

6531007c41823173548877f29308810c.jpg


Академик Мырзатай Жолдасбеков:

«Кiтапхана – үлкен рухани ордамыз. Кiтаптан қол үзбейiк, кiтап – бiздiң ұстазымыз. Осындай игi шараларды кітапханада үнемi өткiзе берейiк», – деп өз ойын ортаға салды. 

9445ce55d8d74fc1229e4478e942f143.jpg


Тіл жанашыры Оразгүл Асанғазы: 

«Ұлттық академиялық кiтапхананың бiлiктi басшысы Үмiтхан Дәуренбекқызы керемет iс-шаралар өткiзiп жатыр. Үнемі байқап жүреміз. Онысын қолдаймыз да. Себебі, бар жақсылық кiтаптан, кітапханадан бастау алады. Саналы ұрпақ бар жақсылықтардың осындай ордалы жерден табылатынын бiлуi тиіс. Кітапхана – жақсылықтың ордасы. Бiздiң кезімізде кездесетiн жер бүгінгідей кафе емес, кiтапхана болатын», – деп жастарға ой саларлық сөздер айтты. Расында да, қазіргі жастардың кітапханада танысып шаңырақ көтеріп едік деген әңгімесін емге таппайсыз. Ащы да болса ақиқат. 

541e12eb3d5b7454d51c0737bcb7b1f8.jpg

Ал үлкен тарихшы Қаржаубай Сартқожаұлы: 

«Бiздiң тарихымыз мол, бiрақ тым тереңге көмiлiп қалған. Соны табуымыз керек. Өйткені бiздiң тарихымыз сол кiтаптарда сақталған. Осындай сирек кітаптарды рухани орталығымыз – кітапханаға топтастыру керек», – деді. Сонымен қатар, тарих білгірі айтқан: «Бұрынғы Қытай билiгi мамандарды мемлекеттік қызметке аларда ең бірінші Отан тарихын қаншалықты бiлетiндiгiне қарап барып қана алған», – деген сөздің астарында қаншалықты мән-мағына жатқанын шамалай беріңіз... 

7f8e28f41eb21fb5e5c9c3d85e6e8181.jpg

Иран елшiсi Моджтаба Дамирчилу сөз басын «Бiссiмiллә» деп бастап барып, осындай iс шараның кiтапханада өтiп жатқанына ризашылығын білдіріп, барша қазақстандықты алдымыздағы Әз Наурыз мерекесiмен құттықтады. 

6fcc269c999deb881b3773925cb357a4.jpg



Иран елшісінің тілегінен соң, зерделі ғалым Тұрсын Жұртбай кезінде академик Мырзатай Жолдасбеков сияқты қайраткерлердің мұрындық болуы арқасында Әбу Насыр әл-Фарабидiң 15 қолжазбасын Қазақстанға әкелгендерiн айта келiп, ол жақта тағы да басқа 500-дей құнды қолжазба бар екендiгiн тiлге тиек етті. Алдағы уақытта осы мәселе бойынша Ү. Дәуренбекқызы сияқты іскер азаматшалар сол сирек қолжазбаларды елге әкелуге септігін тигізер деп үмiттенемiз дедi. 

9e08ed126237d962be9dad73da96cb3b.jpg

Аталмыш іс-шарада қаламгерлер – Табыл Құлыяс, Толымбек Әбдiрайым, Ақайдар Ысымұлы және Алматы облыстық кітапхана директоры Мақпал Ысқабайқызы, Абай атамыздың тағы бір ұрпағы – Ләйлә Баймағамбетова сияқты зиялы қауым өкiлдерi де сөз сөйледi. 

91323077be80b9259fc2f6284da134b8.jpg

Шара соңында Т. Жұртбай келген қонақтарды көрмеге қойылған өте сирек кiтаптармен таныстырды. Әсіресе, Хасен Оралтайдың кітапханаға әкелінген 6 441 құжаттан тұратын дүниелерін ғылыми айналымға енгiзу керек дей келе, мұның бәрі алдағы күндегі атқарылуға тиіс ұлы шаруа екендігін нықтап айтты. 

1c2501970b287a58f34fababb451a820.jpg

Бауыржан Берікұлы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?