Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Талғат Бигелдиновтың екінші дүниежүзілік соғыстағы ерліктері

2096
Талғат Бигелдиновтың екінші дүниежүзілік соғыстағы ерліктері - e-history.kz

Бұған дейін «Қазақстан тарихы» порталында «Ажалмен бетпе бет: Талғат Бигелдиновке 100 жыл» деген тақырыппен материал жарияланған болатын. Аталған материалда Талғат Жақыпбекұлының жеке өміріндегі қызықтардан бастап, майдандағы ерлігіне дейінгі кезеңдерді тарих ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Нәсенов деректері негізінде оқырманға ұсындық. Биыл 100 жылдық мерейтойы аталып өтіліп жатқан тұлғаның біз білмейтін тағы қандай қасиеттері бар?

Болатбек Нәсенов Совет одағының екі мәрте батыры атағын алған Талғат Бигелдиновпен жақын араласқан болатын. Осы бір жақын араласудың арқасында тарихшы біраз дерекке қаныққанын айтады.

«1944 жылы эскадрилья танктің тізбектеріне шабуыл жасауға кіріседі. Немістер самолеттердің келгенін білмейде қалып, «Ильюшкин»-нен бомбылар төбелеріне түскенде жан жаққа қашады. Бомба мен снарядтар азайды. Алға қойған тапсырманы орындап аэродромға бет алды. Жолда бір жырада көп фашистердің тығылып жатқанын байқайды. Жоюға командалық пункттен рұқсат алады. Пулеметтің оғымен бірнеше жүздеген фашистерді жойды. Бұл Корсунь-шевченко жағы болатын. Тағы да жорықтан кейін аэродромға келе жатқанда фашистердің бір аэдромында 5 Юнкерстің тұрғанын көреді. Рұқсат сұрап  оларды да жояды. Ішінде фашистердің ірі офицерлері болған екен. Корпустың командирі Василий Георгиевич Рязанов: «Жаудың жердегі әскерінің санын білу үшін барлаушы самолет жіберу керек. Оған Бигелдинов барады» деп шешіпті. «Әрине тірі қайтып келмеуің де мүмкін» деп ескертеді. Генерал оған: «Бомбасыз ұшасыз» - дегенде Бигелдинов: «Бомбасыз ұшпаймын» деп жауап береді.

Оның ұсынысымен келіседі. Сөйтіп мыңдаған жауынгерлерді ажалдан құтқару  үшін  өз  басын өлімге тігеді. Генерал одан: «Тапсырманы орындау қолыңнан келеме ме?» - деп сұрағанда ол: «Келеді!» - деп жауап береді. Талғат аға тапсырманы орындап аман-есен келеді.

Сонда генерал «Рахмет! аға лейтенант», - дейді. Талғат аға: «Лейтенант»-деп түзетпекші болады. Генерал: «Аға лейтенант және «Даңқ» - орденінің иесі болдың» деп құттықтайды», – дейді тарихшы.

Болатбек Нәсенов осы кезде Талғат Бигелдинов Айнагүлдің қазасына байланысты көңіл айту хатын алғанын айтады. Немістің ұшқышы жаралы жауынгерлерді алып келе жатқанда машинаны пушкамен атып, соның салдарынан Айнагүлге үш оқ тиіп, қаза тауыпты. Айнагүлдің достары Талғатқа марқұмның жазған хатын жіберіпті. Тарихшы жас сарбаз Айнагүлдің өліміне қатты қайғырып, әр ұшқан сайын фашистерден кек алуға тырысқанын айтады. Бірақ қайғыдан қан жұтып отыруға неміс әскері мұрша бертеймін.

«Тағы да 30 самолет ұшты. Майор Степанов: «Бигелдинов менің самолетімнің моторы істен шықты. Басқаруды саған тапсырамын» - дейді. Осы кезде алғашқы бұйрықты өзгертіп станцияның арғы жағын бомбылауды тапсырды. Штурмовиктер тапсырманы орындап қайтып келді. Аэродромға келісімен бірге «Талғат не істедің? Өзіміздің жерді бомбылапсың. Сені «смертниктер» тосып отыр. Барма. Біраз тығыла тұр» деп мәселені анықтағанша сарбазды достары тығып қойыпты. Анықтаса Талғат ағалар бұйрықты дұрыс орындапты. Сөйтіп ағамыз бір ажалдан құтылыпты.

1945 жылы өте жауапты істі орындау тапсырылыпты. Ол Гитлердің рейхстагына таяу жердегі жаудың қорғаныс шебін барлау болатын. Жердің үстінде кесек қалың бұлт басып тұрды. Нысанаға жеткен кезде Талғат Жақыпбекұлы самолетін жерге төмендетті. Қанатының астында орасан үлкен қала жатты. Жоғарыдан Берлин жіңішке сызықтармен бөлінген көшелері бар дәу макетке ұқсады. Алғашқы рет жауынгерлік тапсырмаға ұшқан кездегідей ерекше толқыған ішкі сезім болды. Себебі Советтің алғашқы шебіндегі ұшқыштарының бірі болып Берлиннің үстімен ұшып барады. Бұл жолы бомба да, эресті де тастаған жоқ. Тек фотоаппарат бірінен кейін бірін қаланың үстінен түсіріп жатыр. Тәжрибелі барлаушының көзімен алдағы шабуыл жасайтын жерлерді есінде сақтауда. Берлин үшін шайқаста аспанда ұрыс жүргізгеніне 300-ден асыпты. Шеберлік, тәжрибе, сабырлылық Талғат Бигелдиновты ажалдан құтқарды. Қарсы шыққан истребительдерден де айламен құтылып кетті», – дейді тархшы.

Талғат Бигелдинов 1945 жылы 14 наурызда алты ИЛ Купендорф ауданында жаудың 5 танкісін үш бронетранспортерін жойып жібереді. Ал 8 наурызда Шенаудың түбінде немістің жаяу әскерін және 11 наурызда эскадрилия жаудың екі батареясының үнін өшірген болатын. Сондай-ақ фашистер дотқа айналдырған ондаған үйлерді талқандады.

«Сәуір айының басында екінші әуе Армиясының қолбасшысы генерал полковник (кейіннен - авиация маршалы) С.А. Красовский гвардия капитаны, Советтер Одағының Батыры Бигельдиновке екінші рет Батыр атағын беру туралы ұсынысты бекітті. Екі айдан кейін маусымда СССР Жоғарғы кеңесінің Президумының жарлығымен Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтің омырауына екінші Алтын жұлдыз тағылды.

Талғат ағаны команда пунетіне шақырады. Барлауға шығуға бұйырды. Немістің әскері қалай қарай бет алды. Түн ішінде олар қуғыншыларды  адастырып орманның ішіне сіңіп кетіпті. Олар шабуыл жасап келе жатқан жауынгерлеріміздің сыртына шығып кетіпті. Биіктігі 500 метрдей жерді мұқият қарайды, бірақ ешқандай із көрінбейді. Команда пунктіне хабарлайды. Олар тағы да «қара, қара, қара» - деп талап етеді. Талғат аға: «Тағы да орман үстін шолып өтті, ештеңе білінбейді. «Қайда кетті? Мүмкін емес» - деген ойда болдым. Дәл осы кезде жерден бір қарумен самолетті атқан дыбыс шықты. Ол снаряд самолеттен бірнеше метр қашықтықта алдынан өтті» - дейді Талғат аға. Енді төменірек түсіп щайқалып бір жерден екінші жерге  тезірек қозғалып ағаштардың үстіне таяу ұшады. Дәл сол жерде қаптап тұрған танктер мен машиналарды көреді. Әлгі оқ атқан неміске рахмет айтады. Ол болмаса таба алмауы мүмкін екен. Енді таяу келіп бомбаны, реактивті снарядтарды тастайды. Бірнеше орудия самолетті атқылай бастайды. Талғат аға ерекше жылдамдықпен үстерінен зырылдап өте шығады. Ол кезде оқ тиюі мүмкін емес.

Берлиннен 160 шақырым жерде корпус командирі Талғатты шақырып алып планшеті мен картасын көреді. Картасына бір бет жалғап береді. «Қаланың батысында көпір бар. Соны тексеріңіз. Әрі қарай Подсдам. Онда не болып жатқанын көріңіз. Ұшу биіктігі 50-80 метр. Бұл қауіпсіз. Ильюшин аспанда. Луккенвальта артта. Берлинге 20 шақырымдай. Ойламаған жерден дәл қарсы алдында истребительдер орналасқан аэродромдар. Самолетті айналдырып қауіпты жерден қашықтайды. Енді Подстам Зениткалар жиі орналасқан. Өту мүмкін емес сияқты. Айналып кеп машинаны жоғарылатып төмен құлдыратып кеп зенитканың тұсына бомбы, снарядтарды тастап зениткалардың үнін өшірді. Енді истребительдер келеді деп тосады. Олар көрінбеді. Асықпай оның қорғаныс шептерін түсіріп алды. Аэродромда Талғатты корпус командирі жүгіріп келіп сүйіп-сүйіп алады. Бүкіл полк қарсы алып оны аспанға атады. Корпус командирі:

«Капитан Бигелдинов шын жүрегімнен алғыс жариялаймын. Қолбасшының атынан да айтамын. Сенің ерлігіңді ұмытпайды. Сенің штурмовигің тұңғыш рет күндіз біздің әуе машиналарының ішінен бірінші болып Берлиннің үстінен көрінгенін мақтан етуіңе болады» - деді», – дейді тарихшы.

Болатбек Нәсеновтың айтуынша, ұшқыштың осы ғажап ерлігі үшін оған тағы да Батыр атағын беруге болатын еді. Алайда шовинистердің басқа ұлттардың өкіліне шекеден қарауы Талғат Бигелдиновтың 3 дүркін Совет одағының батыры деген атақты алуына кедергі келтіреді.

«Осыдан кейін Талғат Бигелдинов тағы да ғажап ерлік жасады. Қару жарақ тиеген үш баржаны суға батырды. Оған да Батыр атағын беру керек екен. Бірақ «Лимит» - деген пәледен өте алмады. Бірде генерал қоршауда қалады. Талғатқа ол «Жауды да, мені де бомбала» - деп бұйрық береді. Талғат аға  шеберлікпен жауды бомбылап Генералды құтқарады. Генерал  «Штурмовиктер, немістер бізді қоршап алды. Бомбаларыңды оларға тастаңдар. Менің машинамды да ұр!» -дейді. Талғаттың эскадрилиясы бес немістің танкісін құртты. Тағы да бомба тастады. Өте дәлме дәл фашистердің машиналарын жойды. Жанындағы біздің адамдарға зияны тиген жоқ. Немістің қалған танктері ол жерден басқа жаққа сіңіп кетті. Кешке генерал бастаған танкистер келіп тағы да шын жүректен шыққан алғыстарын айтып, құшақтарына құшты. Асханада олармен кешкі тағамдарын бірге ішті. Генерал өзінің берген бұйрығын орындамай, бомбаның астында қалдырмағаны үшін бокал көтерді. Ол: «Ах, Бигелдинов мен сені ол үшін  трибуналға беруім керек еді. Бірақ бермеймін. Ал маған сыйлаған өмірің үшін рахмет», – деп ұшқышқа алғыс айтады», – дейді ол.

1945 жылы 8 мамыр күні фашистік Германияның өкілдері ешқандай шартсыз тізе бүккені туралы актыға қол қойды. Ал чех жерінде фельдмаршал Шернердің күшті армиясы әлі де қарсыласып тізе бүккен актыны мойындаған еді. Осы кезде Талғат Бигелдиновты корпустың штабына генерал Рязановқа шақырды да былай дейді:

«А, міне біздің «АС» - деп генерал кабинетінде отырған полковниктерге таныстырды. Таяу кел. Мына картаға қара. Прага. Корпустың командирі генерал Рязанов: «Қолымыздағы мәліметке байланысты Чехославкияның астанасы Праганы біздің әскерлер азат етті. Бірақ онда не болып жатқаны белгісіз. Қалада көтеріліс болды дегенде мәлімет бар. Сіздің міндетіңіз сонда барып жағдайды анықтап келу. Сақтық үшін сіздің досыңыз Михаил Токаренконың екі ЯК самолетін жіберемін. Соңғы хабарға қарағанда немістер аэдромның қарсысында оңтүстік жағында. Аэрдромның үстінен ұшып өтіп анықтайсыз. Партизандардың қандай адамдар екенін білмейміз. Олар сені шақырып самолетті қондыру үшін «Т» деген белгісін жасайды».

Талғат Бигелдинов Злата Прагаға барып, самолетті қондыруға бет алғанда оған зеңбіректер оқ атады. Машинаның алдындағы ауаны тесіп өткенде ұшқыш басқару жүйесін басып жіберіп самолетті көтеріп басқа жаққа бұрып жібереді.

«Тағы да оқ атама деп тосады. Ешкім ол кезде оқ атқан жоқ. Жан жақты шолып шықты. Аэродромның маңайында зеңбіректер көрінбейді. Аэродромда адамдар жүгіріп жүр. Жоғарыда екі истребитель жүр екен. Ол сенім, жігер берді. Қонуға бет алды. Тапсырманы орындау керек. Талғат аға қызыл ракетаны атады. Біреуінің келуін сұрайды. Арық келген биік адам келеді. Сол арқылы жағдайды сұрап біледі. Осылайша тапсырманы орындап қайтады. Осы сапарында оны біздің командир ажалға қыя жаздапты. Кейін Талғаттың досы Токаренко «Толя ұшып шығар алдында мынадай бұйрық берілген: Егер сені немістер ұстап алса, онда самолетті, немістерді және сені жоюды бұйырды. Бірақ мен сені өлтірмейтін едім» деп еске алады», – дейді тарихшы.

1945 жылдың 24 маусымы күні майдандастардың біріктірілген полктері мен Мәскеу гарнизонының бөлімшесі Қызыл алаңнан өтеді. Талғат Бигелдинов қазақ халқының өкілі ретінде әскери шерудің алдыңғы қатарында шеп бастайды.

«Бірінші Украина Фронтының полкын Маршал Конев басқарды. Одан кейін қатарда майдандас достар: Иван Кожедуб, Сергей Луганский, Юрий Балабин, сол жақ шетте Талғат Бигелдинов олармен бірге жүреді. Мавзолейдің мінбесінен бұл батырларға партия мен үкіметтің басшылары қарап тұрады.

Соғыстан кейін Талғат Бигелдинов Москвадағы Қызыл тулы Әскери Әуе Академиясына оқуға түседі. Өзінің қызмет еткен бөлімшесіне келіп эскадрильяны табыс етті. Достары оқуға шығарып салады. Алайда ол оқу басталғанша еліне келір, демалады. Фрунзеде әке-шешелерімен, достарымен кездесіп қуанышқа бөленді. Сәния атты қызға үйленді. Әскери жұмыс бір жерден екінші жерге ауысып отыратыны белгілі. Академияның бірінші курсын бітірген соң Ақмоладан телеграмма алды. Макинскінің паравоз депосы ССРО Жоғарғы Советінің депутаттығына ұсынады. Сайлаушылармен кездесуге барып, туған ауылы Майбұлаққа келгенщде оны отаны жылы қарсы алады.

Одан кейін Академиядағы оқуын жалғастырып, депутат ретінде міндеттерін де шешуге  тура келді. Оқу біткен соң оған осы Академияда кафедра басқаруды ұсынады, алайда  ол көнбей өз бөлімшесіне кетеді. Онда полктің командирінің ұшқыштар дайындайтын орынбасары болып, жастарды үйретеді. Бірақ соғыстың зардабы болар әрі қарай медкомиссия оның бұл қызметті атқаруына рұқсат етпейді. Офицер штурмандар дайындайтын жоғарғы курске штаб бастығы етіп тағайындайды. Осы кезде Талғат аға Мәскеудің құрылыс институтын сырттай оқып бітіреді.

Қазақстанда республикалық Азаматтар авиациясының басқармасы бастығының құрылыс жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. Алматыдағы тұңғыш аэродромның құрылысын басқада аэропорттарға байланысты  құрылыстарды  салуға ат салысты. «Қазстальмонтаж» тресі басқарушысының орынбасары болып қызмет атқарды. Онда Лисаков тау-кен комбинаты, Жамбыл  суперфосфат заводы, Алматыдағы Республика сарайы, Республикалық кітапхана, Алматы циркі сияқты  ірі құрылыстарды салуда зор еңбек сіңірді. Үш рет КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланды», – дейді тарихшы.

Бүгінде Ресейдің кейбір саясаткерлері екінші дүниежүзідік соғыстағы жеңісті басы бүтін өздері иемденгісі келеді. Алайда қан майданда Талғат Бигелдинов секілді мыңдаған сарбаз ерлік көрсетіп, Совет одағының жеңуіне ықпал етті. Оның ішінде қазақтың қайсат ұл-қыздары – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұловадан бастап, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов секілді батырлар бар. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?