«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Ажалмен бетпе бет: Талғат Бигелдиновке 100 жыл

532
Ажалмен бетпе бет: Талғат Бигелдиновке 100 жыл

Биыл Кеңес одағының бір емес екі мәрте батыры атағын алған Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың 100 жылдық мерейтойы. Екінші дүниежүзілік соғыстағы ерен ерлігі аңызға айналған ұшқыштың көпшілік біле бермейтін қызықты қыры көп. Мәселен тарих ғылымының докторы, профессор Болатбек Нәсеновтың айтуынша, Талғат Бигелдинов Қанжығалы Бөгенбай батырдың жетінші ұрпағы. Даңқты батырдың ХVІІІ ғасырдағы ерлігін 1941-1945 жылдардағы жаһан соғысында атақты ұшқыш қайта тірілтті.

Болатбек Нәсенов аты аңызға айналған Талғат Бигелдиновпен ағалы-інілі болып етене араласқанын айтады. Осы кезде тарихшы соғыс ардагерінің батырлық дастанынан бастап, отбасылық өміріне дейінгі кезеңді ұшқыштың өз аузынан естіген. Мысалы батыр атамыз мұсылмандық жөн-жоралғыларды 26 жыл бірге өмір сүрген Орынбике (Бикеш) арқылы ұстанғанын айтады. Алайда тарихшы Талғат Жақыпбекұлының өміріндегі Орынбикенің орны лайықты түрде бағаланбай ортырғанын жеткізді.

«Бүгінде Талғат ағаның өмірбаянын терең білетін осы жары ғана десек қателеспейміз. Өң десе өң бар, ақыл десе ақыл бар. Жан тәнімен қазақпын дейтін адал жары бола білді.

Аналар туралы, оның ішінде Талғат ағамыздың жары Орынбике туралы айтып отырған себебім, ол мені ағамен жақын таныстырған, ағаның адал жары бола білгендігін атағым келеді. Осы Орынбике қарындастың арқасында мен Талғат ағаның жақын інісі, досы, сырласы болып 15 жылдан артық жиі араласып, өте жақсы қарым қатынаста болдым», – дейді тарихшы.

Болатбек Нәсенов Талғат Бигелдиновтың майдандағы ерлігі ғажайып фильм түсіруге болатынын айтады. Себебі ұшқыш бір емес, бірнеше рет ажалмен бетпе бет келіп, жаратушы Алланың қолдауымен аман қалған

«...Алда 60-тай немістердің истребительдері. Горбачевтың тізбесін майор Русаков, одан кейін старшина Петька, оның бастаушысы Талғат болып келеді. Русаковтың ұшағын немістер атып түсірді. Тағы бір ИЛЬ құлайды. Тағы да біреуі құлап барады. Ол досы Петьканың ИЛ-і болатын. Тағы да екі ИЛЬ-ға жаудың оғы тиді. Жан жағына қараса Горбачевтің жігіттері шабуылдан шығып, аэродромға бет алып барады. Тағы да Талғат жалғыз қалады. Осы кезде оған жаңадан келген жас ұшқыш Шишкин таяп келеді екен. Ол «Қыймылда мен сені қорғаймын», - деді. Енді аға сержант командирдің орнында әрекет ете бастады. Оның оғы шығындалған жоқ. Нысана астында. Талғат шабуылға шығады. Зеңбірекпен атқылап, бомбасын төменге тастайды. Фашистердің аман қалған зениткалары атқылауда.

Үстіде фашистердің истребительдері біздердікінен көбірек екен. Сонда да олар Шишкиннің самолетін қорғап қалады. Команда пункітінен: «Кішкентайлар, кішкентайлар! Горбатыйдың қалған күштерін «Мессерден» қорғаңдар» - деген дауыс естілді. Олар ешқандай Мессерді көрмейді. Талғат орманның үстінен 20 метрдей биікте ұшады. Осы кезде жерден зеңбіректер атқылап, таяу жерде «МЕССЕР» Талғат Бигелдиновке ұмтылады. Қатты жылдамдықпен келе жатқан «Мессер» есептен жаңылып жанынан зыр етіп өте шығады. Ол кейін бұрылып Талғат ағаның арт жағынан келеді. Мессер жеңбіректен оқ жаудырып тағы да жанынан өте шығады. Енді Талғат Бигелдинов өз тобынан бөлініп қалады. Ал жау зеңбірегінің оғы алыста болатын. Фашист Талғаттың самолетін айналып бүйірінен келе жатыр. Осы кезде ағамыз ашуға булығып: «Мен неменеге қашамын. Өзім неге шабуылға шықпаймын?» деген ойға келеді. Шабуылдың жоспары аяқ астынан туады. Ол самолетін жоғары көтергенде неміс оның соңына түседі. Талғат көзінің қырымен қарағанда жау ұшағы біздің жердің үстімен ұшып келе жатқанын байқайды. Осы кезде Талғат отырған самолеттің үстінде бірнеше «ИЛЬ» пайда болады. Ол ағамызға күш қуат береді. «Мессер» соңында, тез бүйіріне шығады. Неміс оны түсінбей қалады. Сол кезде «Мессер» Талғат Бигелдиновтың зеңбірегінің оғынан мерт болады. Жарылыс, истребильді түтін басып, қанаты қыйсайып жерге құлап бара жатты. «Мессерді» атып құлатты.

Бірақ тағы да эскадрилияның командирінің бұйрығын тыңдаған жоқ. Тағы да өзінің тобынан бөлініп жалғыз қалды. Оған Митрофанов қатаң түрде ескерткен: «Фашистердің истребительдерімен соғыспау керек. Ол ЯК-тардың міндеті» - деп. Самолет аэродромға бет алғанда мотор істен шығады. Самолет Талғат ағамыздың ырқына көнбей, майы және суы ағып бара жатады. Май, су құйылған ыдысқа оқ тиіп тесілген болуы керек. Әрең аэродромға жетіп, бауырымен жерді сүзе құлайды. Осы кезде Талғат Бигелдиновты ұшқыштар кабинадан суырып алып, қоршан алады. Механик: «міне... саған он үшінші» -деп таң,алады. Ол «Неге қалып қойдың?» деген сұраққа жауап бермейді. «Мессермен» ұрысқа түстім» деп айтуға бата алмайды.

Алайда Пошевельников: «Жарайсың, нағыз ұшқыш болуға айналдың»- деп, Талғатқа риза болады. Жердегі Армияның штабынан алғыста жетеді. Талғат аға достарынан айрылған қайғыға қыйналып келіп төсекке құлайды. Осыдан кейін батырды полктің командирі шақырады. Митрофанов орнынан тұрып, қадалып тұрып қарап, бір нәрседен қауіптенгендей: «Бигелдинов, сен не бүлдірдің? Дивизиядан звондады. Сені Советтер Одағының Батыры Каманин шақырып жатыр. Тез арада жетуге бұйрық берді» - деп қолымен бір сілтейді.

Болатбек Нәсенов штабта Талғат Бигелдиновты Советтер Одағының Батыры тосып отырғанын айтады. Бір қызығы ұшқыштың келгенін адъютанты қолбасшыға хабарламай-ақ кіргізеді.

«Талғат Бигелдинов кабинетке кіргенде полковник оған айғайлап, ұрысқан жоқ. Талғат ағаға өзі орнынан тұрып қолын береді. Генерал журналистерге:

«Сіздер ойлаңыздаршы, мына аға сержанттың не істегенін? Ол бір қимылымен біздің «ИЛ»-дер жөніндегі ұғымды теріске шығарды. Біздер және конструкторлар «ИЛ»-ді барлау ісіне ғана жарайды» деп жүрміз. Ұшқыштарымызға «Қашыңдар, құтылыңыздар» деп келдік. Ал мына ұшқыш онымен жекпе-жекке ұрысқа шығып, атып түсірді. Онда немістердің ең мықты ұшқышы капитан Фон Дитрикты атып түсірді. Испания, Франция, Балқанда 200 рет ұшқаны мен бірнеше самолеттерді жойғаны үшін «КРЕСТ»-пен марапатталған» - деп қағаздағы жазылған хабарламаны оқыған соң, Талғат ағаға қарап: «Ал Батыр, айта бер, қалай болды?». Сенің «Мессерді» қалай қуғаныңды, онымен соғысыңды истребительдер және жердегі артиллеристер көріп, суретке түсіріп алыпты», - дейді ол.

Осы туралы Талғат Бигелдинов былай деп еске алады. «Мен түсіндірген болдым. Сөзімнен жаңылып, толқып, әрең дегенде түсіндірдім» дейді ол. Ал генерал Каманин болса «Немістің ұшқышын бүкіл Армияның солдаттары мен ұшқыштарының барлығының көргілері келеді. Армияның штабына жібердік, сенімен кездестіре алмадық» - деп әзілдейді. Каманин Талғатқа ерлігі, штурмовиктердің тарихына жаңа жол ашқаны үшін ОТАН соғысы орденінің 2-ші дәрежесімен марапаттады. Ертеңінде дивизияның, Армияның газеттерінде   «Бомбылаушы штурмовик жаудың истребителін жекпе жекте жеңді» - деген атпен мақалалар шығады. Талғат аға оның біреуін әкесіне, екіншісін Айнагүлге жібереді», – дейді тарихшы.

Болатбек Нәсенов авиаполктің командирі генерал Рязанов келген кезде полк командирі Талғат Бигелдиновке кіші лейтенант шенін бергенін айтады. Осы бір тамаша жаңалықты туған елі мен сүйікті қызына хат арқылы жеткізуді жоспарлаған екен.

«Бірақ тағдыр оған жеткізбей тағы да жауға қарсы аспанға ұшып, ойламаған жерден бір ажалдан қалады. Майдан шебіне жеткенде жаудың батареясы оқты қарша боратады. Басқарып келе жатқан командир: «Шабуылға дайындалыңдар» - деп команда береді. Талғат аға шабуылға бұрылған кезде самолетті бір нәрсе көтеріп жібергендей төменнен ұрған сияқты болады. Мотор бір істеп, бір істемейді. Оған қарамай ағамыз шабуылға кіріседі. Пулеметтің оғын, зеңбіректің снарядтарын төменге нысаналарға жаудырады. Үлкен қиындықпен самолетті жоғары қарай көтеріп бұлттан әрі шығаруға әрекет жасайды. Бір-екі минуттан кейін самолеттің үні өшеді. Ал ұшақта Талғатпен бірге отырған мерген «Командир, командир мотор өшті, мотор...» - деп даусы бұзылып қорқынышын білдіреді.

Сонда батыр «Сен қорықпа, моторсызда отырамыз» деп оның қорқынышын басуға тырысады. Алайда ол өзі де аман қалатындарына сене қоймайды. Самолетті моторсыз, қанатты түзу ұстап қондыру оңай іс емес. Оның үстіне жаумен шекарада, қауыпты сезе тұра осындай ауыр жағдайда Талғат аға таңқаларлық ғажап сабырлылық көрсетіп, қалайда самолетті қондыруға күш салады. Дәл сол кезде корпус командирінің «Отырма, онда мина бар» - деген даусы естіледі. Ол осы кезде не істерін білмейді. Бірақ ол басқа амал жоқ болғандықтан өлімге басын тіккен адамша мина бар алаңға келе жатады. Генералға жауап беретін байланыс жоқ. Ағашқа қонса сөзсіз өлуі мүмкін, сондықтан қалайда болса жазыққа қону керек. Басқару жүйесін өзіне тартып самолетті екі метр жерге болса да жеткізуге жанталасады. Әйтсе де самолеттің шаңғысын шығармай, бауырымен қарға күмп етіп құлайды. Осы кезде: «Жерде мина бар» - деген сөз есіне түсіп, жүрегіне қорқыныш ұялап, денесін суық тер басып кетеді. Самолет жылжып келеді. Талғат аға ақырын тосуда. «Міне жарылады, әні жарылады» - деп секунд сайын тосуда. Самолет ақырын ғана тұмсығын қарға тіреп тоқтайды. Басқару жүйесіндегі қолын әрең дегенде босатып, аман қалған қуаныштан ба, мәңгіріп отырады. Бірақ есін тез жинап алады. Алайда осы кезде орманның сол жағынан автоматтың дауысы естіледі», – дейді Болатбек Нәсенов.

Талғат Бигелдинов 1943 жылдың желтоқсан айы Белгородтың түбінде 12 самолеттен тұратын бір топ самолеттер фашистердің танктерін бомбалау керек деген бұйрық алды. Тарихшы ұшақпен танкіні атқылау өте ауыр іс екенін айтады.

«Аспаннан 400 метрден артық төмендеуге болмайды. Орск-Курс доғасында кескілескен ұрыстар жүріп жатыр. Немістер өте көп танктерді шабуылға қосты. Талғат аға «Мессер», «Воккевульф» самолетінің үстінен пушканың снарядымен атқылады. Қатар тұрған «Юнкерстерді» бомбылады. Осы ерлігі үшін Генерал Рязанов жиырма жастағы Талғат Бигелдиновке «Қызыл ту» орденін табыс етті.

Фашистердің аэродромын қайтадан шабуылдау кезінде Талғат ағаның самолетінің моторы істен шығады. Біздің аэродром 8-10 метр жерде. Дәл осы кезде екі «Мессер» бүйірінен шыға келеді. Олармен ұрыс жүргізуге болар еді. Оған мотор істемейді. Пулеметтің оғы да бітті. Фашист айналып келіп асықпай штурмовикті атқанда фузеляжға оқ тиеді. Қырсыққанда екінші моторда істемей қалады. Сөйтіп атқыш екеуі де парашютпен секіреді. Немістер олардың ізіне түсіп іздей бастайды. Оларды немістер байқап қалып пулеметтен атқылаған кезде пулеметші қаза табады. Ал Талғат бомбаның орнына пайда болған шұңқырға құлап, есінен танып қалады. Есін жиып алып алға жылжып солтүстіктегі Дон өзеніне жетеді. Етігін шешіп тастап сумен жүзген кезде немістер байқап қалып минометпен атқылай бастайды. Әйтеуір Алланың әмірімен оқ тимейді. Әлден уақытта жер денесіне тиеді де ол есінен танып қалады. Есін санчастте жинайды. Ондағылар Талғат ағаны тылға жіберу керек деп шешіпті. Алайда Бигелдиновке тағы бір летчик кездесіп, оның таяу жерде тұрған кукурузник самолетіне ұрланып келіп мініп, өздерінің полкіне жетеді. Онда достары: «Сені ерлікпен қаза тапты» деп құжаттарыңды үйлеріңе жібердік» депті. Осылайша батыр ағамыз тағы бір ажалдан аман қалады», – дейді тарихшы.

Ажалмен бір емес, бірнеше рет бетпе бет келген Талғат Бигелдинов ең қауіпті сында қалай аман қалды? Бұған әрине әжесінің дұғасы себеп болды деп нық сеніммен айта алмасымыз анық. Алайда ол әуеге көтерілер алдында әрқашан әжесі үйреткен дұғаны оқып отырған көрінеді. Батырдың айтуынша, осы дұғаның арқасында оған оқ дарымай, соғыстан аман оралды.

"Балалық шағымда маған мейірімін аямай төккен жалғыз адам болды. Ол 101 жас өмір сүрген асыл әжем еді. Мен аэроклубта оқып жүргенімді біліп-көрді ғой. Содан бір күні қасыма келіп: "Ұлым, саған бір дұға үйретейін. Жаңбыр жауса, найзағай жалт етсе, соны оқы, сонда найзағай саған түспей, қасыңан өтеді" деді", - дейді батыр атамыз.

Майданда сан рет ажалмен бетпе бет келген Талғат Бигелдинов 2014 жылдың 10 қарашасында 93 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Батырдың денесі Алматыдағы Кеңсай зиратына қойылып, басына ескерткіш орнатылған. Талғат Жақыпбекұлының ерен ерлігін ұрпақтары ұмытпай, әр кез есінде ұстап отырады.

   

Дерек:

Талғат Бигелдинов әскери тапсырмамен 305 рет әуеге көтерілген. Кеңес Одағының Батыры деген атақты екі рет алған Анатолий Ефремов 244 рет ұшқан, ал Талғат Жақыпбекұлы одан 61 рет артық көкке көтерілді. Осыдан басқа, Талғат Бигелдинов 7 жау ұшағын атып түсірген, көптеген техниканы жойып, немістерді өлтірді. 


Жалғасы бар...