Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көрнекті түрколог, мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбековке құрмет көрсетілді

2221
Көрнекті түрколог, мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбековке құрмет көрсетілді - e-history.kz

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Нұр-Cұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ғимаратында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі түрколог, ғалым Мырзатай Жолдасбековтың 85 жасқа толған мерейтойына орай «Кісілік келбеті» атты халықаралық ғылыми конференция өткізді.

Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджи, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Агалар Атамогланов, Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджепов, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер, Отандастар қорының басшысы Абзал Сапарбекұлы, филология ғылымдарының докторы Әділ Ахметов, Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов, С.Сейфуллин атындағы музейдің директоры Несіпбек Айтұлы, сонымен қатар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу орталықтарының басшысылары, бауырлас елдердің Қазақстандағы елшілері, танымал ғалымдар, сондай-ақ бірқатар жетекші БАҚ басшылары қатысты.

IMG-20220525-WA0038.jpg

Жиынға қатысушылар ғалым М. Жолдасбековты мерейлі жасымен құттықтап, түркология саласына сіңірген зор еңбегі туралы пайымды пікірлерімен бөлісті.

Келелі кездесу барысында Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Мырзатай Жолдасбековті түркология ғылымына қосқан ерен еңбегі үшін Түркі академиясының арнайы тағайындалған «Вильгельм Томсен» медалімен марапаттады.

IMG-20220525-WA0037.jpg

Сонымен қатар, тағылымды іс-шара аясында Күлтегін ескерткіші мәтіндерінің әлемнің 14 тіліндегі ғылыми аудармалары жинағы көпшілік назарына ұсынды. Ғылыми жинақта Күлтегін бітіктасы мәтінін ағылшын, әзербайжан, қазақ, корей, қырғыз, мажар, монғол, неміс, орыс, татар, түрік, тыва, қытай және француз тілдерінде ғылыми әрі көркем аудармалары беріліп отыр.

Айта кету керек, Күлтегін жазба ескерткішінің Мырзатай Жолдасбеков жасаған қазақ және орыс тіліндегі жаңғыртпасы оқырман тарапынан жылы қабылданып, кең таралған болатын. Бұл нұсқа да аталған жинаққа енгізілген.

IMG-20220525-WA0035.jpg

Іргелі еңбекке Күлтегін ғұрыптық кешені бойынша соңғы кезде жасалған соны ғылыми мәліметтер, архивтік және тарихи құжаттар, эстампаж үлгілері, бүгіндері сирек кездесетін мәліметтер, фотосуреттер, кешеннің сызба жаңғыртпасы секілді бір қатар мағлұматтар жүйеленіп енгізілді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?