Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тоқтар Әубәкіров: «Мен халқым үшін ұштым және сол үшін де үлкен құрметке бөлендім»

3181
Тоқтар Әубәкіров: «Мен халқым үшін ұштым және сол үшін де үлкен құрметке бөлендім» - e-history.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Совет Одағының Батыры, Халық қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровпен кездесу өтті.

Салтанатты шарада елордалық мектеп оқушылары, ЖОО студенттері және-де қала қонақтары Тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманымен бірге музей залдарын аралап көрді. Кездесу жиынында Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай уақыт тауып келгені үшін ғарышкерге алғыс айта отырып, бұл кездесудің маңызы ерекше екендігіне тоқталды. 

0032362ad11f06b5da5fb7b46868a709.jpg

«Бұл күн біздің Ұлттық музей тарихындағы ең айтулы оқиғалардың бірі болып тарихта қаларына сенімдімін. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкермен сырласып, отандық ғарыш саласының өткені мен болашағы жайлы әңгімелесу болып отыр. Біз патриотизм дегенді жиі айтамыз. Ал шын мәнінде сөзімен және ісімен, бүкіл жан дүниесімен патриоттықтың үлгісі деп осы Тоқтар Әубәкіровті атауға болады. Біз болашақта ғарыш әлеміне байланысты Ұлттық музейден арнайы зал ашсақ деп отырмыз. Сол залдың құрылымы, және болашақ жұмысы жайында да ғарышкермен, ақылдасып отыратын боламыз», – деді Д.Мыңбай.

2fe3c4acce636e9a91b6a407f24326a6.jpg

Ғарышкермен кездесу барысында жалынды жастар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, Халық қаһарманымен бүкпесіз әңгіме дүкен құрды. Жастардың кез-келген сұрақтарына бүкпесіз жауап беріп, жастармен кездесе қалған жерде Отанымызға деген құрмет, адалдық тақырыптарында көбірек сұхбат жүргізгетінін тілге тиек етті. 

«Биыл ғарышқа көтерілгеніме 25 жыл толады. Осынау жауапты миссиядан сүрінбей өтуіме ең басты себеп – қазақ халқының маған деген кіршіксіз құрметі мен селкеусіз сенімі. Мен халқым үшін ұштым және сол үшін де үлкен құрметке бөлендім. Қай жерге барсам да «Біздің батырымыз келді», «тұңғыш ғарышкеріміз келді» деп қарсы алады. Сол жұрттың риясыз көңіліне дән ризамын. Мен қазақтың ұлан-ғайыр даласын ғарыштан көріп, қадірін әбден ұғынған адамның бірімін. Сондықтан жастармен кездесе қалған жерде Отанымызға деген құрмет, адалдық тақырыптарында көбірек сұхбат жүргізгенді ұнатамын», – деді  Тоқтар Әубәкіров.

e5a3ee2e3608665db8b70334b6aac247.jpg

Кездесу барысында қазақстандық ғарыш саласының болашағы, отандық ғарышкерлер даярлау ісі, патриотизм және ғарышкердің жеке өміріне қатысты маңызды сауалдарға  Тоқтар Әубәкіров мүдірмей жауап беріп, кездесудің көркін қыздырды.  Сондай-ақ Тоқтар Әубәкіров жастарға ағалық ақылын айтып: «Бүгінгі заман сендердікі. Қазір бәрі бар, кім қандай кітап оқимын десе, қайда оқимын десе, көп мүмкіндіктерді пайдалануға болады. Жалпы адам баласы білім алуға ешқашан шаршамауы керек. Ол кішіге де керек, үлкенге де керек», – деп кездесуге жиналған жастарды білімді болуға шақырды. 

Алтынбек Құмырзақұлы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?