Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақтар қалай шоқындырылды. 2-бөлім

1807
Қазақтар қалай шоқындырылды. 2-бөлім - e-history.kz

Қырғыз діни миссиясының миссионері Филарет Синьковский жазғандай, Букони мен Құлжа болысының жанында тұратын жергілікті қазақтар жаңадан шоқындырылғандарға нашар қараған. Діни миссиядан біршама қашықтықта алыс тұрғандарға келер болсақ, олардың шоқындырылғандарға көзқарасы туралы ешнәрсе белгісіз.

Алайда басқа болыстардың билеушілерінің шоқындыру рәсімінен өткендерге қатысты қарым-қатынасы Құлжа болысының билеушілерінен мүлдем өзгеше болды. Бір болыс билеушісі ұрланған шоқынған қазақты өз ауылында паналатып қамқорлық көрсеткен. Екіншісі Өскемен бастығының шоқынғанға орыс селосында тұруға билет беруден бас тартқан, өйткені шоқынған адам өз болысында атақты ұры болған екен. Алайда, кейіннен билеуші ұры деп айыптаған адамның ол болыста ешқашан тұрмағаны, оның орыс селосында туып-өскені анықталады. Осы жәйт анықталғаннан кейін уезд бастығы бұл қазаққа уезд басқармасынан билет алып береді. Синьковский бұл жағдайға қатысты былай деп жазады: «демек, әлгі қырғыз шоқынғанға дейін, билеуші ол туралы жаман ойламаған. Алайда оның христиан дінін қабылдағаны туралы жазуы бар билетпен орын ауыстыруға билет сұрай барғанда, ол бірден оған тіпті билет беруге болмайтын ұры болып шыға келді».

Христиан дінін қабылдаған қазақтар осындай қиындықтармен кездесті. Басқа дінді енді қабылдамақшы болып жүргендерге қатысты Синьковский былай деп жазған:

«Бірнеше жыл Буконьде тұрға, соңғы кезде шоқынуды ниет еткен бір қырғыз әйелі, күйеуі жанынан бір елі шықпай еріп жүргендіктен, ойын іске асыра алмады. Ақырында әйелін күзетіп жүруден жалыққан күйеуі оны қырдағы ауылға, туысқандарына алып кетеді, бұл жерде туыстары әйелді күшейтілген қарауыл астына алады. десе де ол екі рет қашып шығады, бірақ екеуі де сәтсіз аяқталады, оны қуып жетіп, кері қайтарып отырған. Шоқынуды ниет еткендер қашып, Буконь өзеніне дейін жетіп, енді бір-екі қадам жасап, одан өткенде, қуғыннан құтылып та кетер еді. Осындай да оқиғалар болған. Алайда пысық жігіттер оларды қуып жетіп, ауылдарына қайтарып, қашқандары үшін оңдап тұрып жазаларын берген, ол жаза олардың қашуға деген арманын көпке дейін, кейде мәңгілікке ұмыттырған, алайда христиандықты қабылдаған басқа адамдардан естігеніміздей, олардың христиан дінін қабылдауға деген арман-ниеттері жоғалмаған»

Прозелиттердің санын айтарлықтай көбейтеміз деп үміттенген миссионерлер осындай кедергілерге тап болды. Бірақ миссионерлер бүкіл қазақты еш таңдаусыз өз қанатының астына алды деп айтуға болмайды. Әдетте, кейбіреулер қабылданбай да жатты, дегенмен, Синьковскийдің айтуынша, шын ниетті жасандылықтан ажырату оңай болмаған. Бұл жерде мынадай қайшылықтар болған: бір жағынан шоқындыруды болдырм ауды мақсат еткен туыстарының ықпалы әсерінен жылдамдата шоқыну рәсімін өткізуге өтініш болса, екінші жағынан – шоқынуға деген ниеттің қаншалықты шынайылығын білмеу. Соңғысын анықтау үшін біршама уақыт қажет болған.

1886 жылы шоқынғандардың барлығы да Буконьда тұруға қалған. Бұл діни миссияға, бұрынғы жерінде - көбінесе шіркеуі де, діни қызметкері де жоқ казак қоныстарында тұрып жатқандармен салыстырғанда, оларда ең ізгі христиандарды көруге үміт берді. Сонымен қатар, 1886 жылы шоқындыру рәсімінен өткендердің арасында даланың қойнауынан келген екі адам болды, бұл христиандық ілімнің далаға одан әрі еніп бара жатқанын айғақтайды. 

Жылы Арасан суларына жасаған сәтсіз сапардан оралған миссионерлер қазақтардың жаз жайлауларына аттанып, онда екі апта тұрады. Сапардың мақсаты – қазақтардың тұрмыс-тіршілігін жан-жақты бақылап, жақынырақ танысу. Миссионерлер христиан діні туралы оған қолайлы жағдай туып, естір құлақ болғанда ғана әңгіме жүргізген. Кейде тыңдаушы өз назарын жасырғаны сонша, миссионерлер оның көзқарасының қаншалықты шынайы екеніне тіпті күмәнданбаған да. Осындай бір тыңдаушыны Синьковский мысалға келтіреді.

Шомбай деген жылқышы діни миссияның киіз үйіне жиі келіп, мисионерлерге қымыз беріп тұрған, ал ол үшін соңғылары оған кепкен нан, балаларына – қант сыйлаған. Бірде Шомбай киіз үйдің әр бұрышында толып жатқан көп кітап туралы сұрайды. Оған жауап берген миссионер сауаттылық туралы әңгіме қозғайды. Жылқышының сауатсыз екендігі белгілі болады: «Бұл бізге бұл қырғыздың, біз сөйлескен басқа да сауатсыз адамдар сияқты, өзінің сенімі туралы өте аз мәліметке ие екенін, сонымен қатар олар қорқынышты сипаттағы аңыздар мен әфсаналармен жасырылғанын және онсыз да сауатсыз, ырымшыл адамдар арасында ырымшылдықты дамытып, күшейте күсетінін тағы бір рет көруге ​​мүмкіндік берді». Миссионердің сөзінше, Құран жазуын түсінбеген қазақ молдалары фантазияларын кеңге жіберіп, аңқау, әсершіл қазақтарды одан сайын қорқыта түскен.

Келесі қадам Інжілден үзінді тыңдап көру болады. Бұл ұсынысқа Шомбай қуана келіседі. Оның әңгіме қызығушылық танытқаны сонша, миссионерлер әңгімелерінің мәнін егжей-тегжейлі аша түседі.

Ұзақ, ынта қойып тыңдаған Шомбай: «молдалар намаз оқу керек, садақа беру керек, дұрыс жүріп-тұру керек, сол кезде Құдайдың сүйген құлы боласың деп айтады», деп айтып қалады. Бұған миссионер жалғыз ғана дұға мен игі істер адамды құтқармайды, бұл үшін ең алдымен, шынайы оң сенім керек деп жауап береді. Бұған Шомбай: «Құдай әртүрлі адамдарды жаратты, сол себепті діндер де әртүрлі; ал олардың қайсысы шынайы екенін – Құдай біледі!»,-дейді. Ал бұған миссионерлер: «Құдай адамға, Өзіне деген дұрыс сенімді көрсетпеуі мүмкін емес; Өйткені, қазіргі өмір адамға өзінің құқығымен, сенімімен және ізгі амалдарымен Құдайға ұнамды болуы үшін және осы арқылы болашақ мәңгілік өмірде мәңгілік құтқарылуға лайық болуы үшін берілді. Осыдан кейін адам қандай сенім Оған ұнамды екенін білмей, Құдайға қалай ұнамды бола алады? Сауатсыз ретінде және молдалардан басқа ешкімнен ештеңе естімеген саған нағыз дін туралы түсінігіңнің болмауы, бір жағынан кешірімді де, Бірақ сіз, егер шындықты білгіңіз келсе, адамды құтқаратын шынайы дін туралы айтатын Құдай Сөзін тыңдаңыз»,-деп жауап береді.

Шомбай келіседі.

Одан әрі миссионерлер Шомбайға ата-бабаларының күнәларының ауырлығы, Құдайға мойынсұнбауынан адамдардың тартып жатқан күнәлары мен өлімнен адамдардың тазаруы қажеттігі туралы әңгімелейді. Құдайдың алдында адамдар үшін тек қана «Құдайдың жалқы туған Ұлы Иса Мәсіх» өтіне алады:

«Этот-то Иисус Христос и принес людям истинное учение о вере и добрых делах, угодных Богу, ибо не все дела, по-видимому и добрые, угодны Ему. Он же Своим учением, страданиями, смертью и воскресением и спас людей от вечного осуждения Божия и вечной смерти: «ибо нет другого имени под небом данного человекам, которым надлежало бы нам спастись». (Деян. ап. 4, 12). В Этого-то Сына Божия, Господа Иисуса Христа и должны люди веровать и Его Божественному учению следовать, дабы избавиться в будущей жизни от вечных мучений, которые ожидают несомненно всех неверующих в Него». 

Бұған Шомбай: «Молдалар о дүниеде қыл көпір бар, сол көпірден өткен адам Аллаға шын сенген адам, ол жұмаққа барады; ал көпірден құлап кеткен адамның сенімі, демек, шынайы болмаған, ол мәңгі бақи тозақ отында жанады дейді»,- деп жауап береді. Бұл жайында миссионерлердің не ойлайтынын естіген Шомбай оларға жақындай түсіп, одан сайын ынтыға тыңдайды.

Миссионерлер оған евангелие бойынша тірілер мен өлілерді жауапқа тартатын заманақыр туралы әңгімелеп, содан кейін Шомбайдан қай ілімнің шынайырақ және жақсы екендігін сұрайды. Шомбай: «Біздің молдалар бізді алдап жүрген сияқты»,-деп жауап береді. Содан кейін Шомбай орыстардың дінін мақтап, осы дін туралы көп жақсы нәрсе білгенін жеткізеді.

Қазақтың әңгімеге деген ынтасын, оның христиан дінін мақтағанын, оны құптағанын көрген миссионерлер одан: неге христиан дінін қабылдамасқа деп тура сұрайды.

Миссионерлердің сұрағын естіген Шомбай көзін төмен салып, терең ойға кеткен кейіп танытады. Үш минутқа жуық үнсіздік орнайды. Өздері қойған сұраққа жауап көрмекші болып миссионерлер оның жүзіне үңіледі. Бұл үнсіздікті Шомбайдың өзі бұзады:

 «Менің сіздерге айтарым,- деді бір кезде Шомбай, бәріміз құлағымызды түре қойдық, - бүгін таңертең мен 1 сом 50 тиынға ешкі сатып алдым. Оның бір сомын төледім, ал қалған елу тиынын біреуден қарызға алып, кешке әкеп бермекші болып уәделестім, сол 50 тиынды маған қарызға бере аласыздар ма?».

 Миссионерлердің мұндай жауапқа таңғалғаны сонша, олар айлакер сұхбаттасушыға бірден не айтарларын түсінбей қалады. Бір жарым сағатқа созылған әңгіме барысында миссионерлер Шомбай тарапына қандай да бір қулық бар деп тіпті күмәнданбаған да еді. Ойларын жинақтап алған миссионерлер Шомбайдан алдымен алдыңғы сұраққа жауап беруін, содан кейін барып басқа шаруа туралы айтуын сұрайды. Шомбай өз сұрағын қайталаған жоқ, тек тұрып бара жатып: «ойлану керек...» деді. Миссионерлер киіз үйінен шығып бара жатқан оған осы жерде естіген әңгіме туралы ұмытпауды, ойлануын ескертеді.

Миссионерлер үшін әңгіме көңілсіз аяқталды. Алайда, олардың өздері уағызшының христиандық туралы еркін және егжей-тегжейлі әңгіме жүргізу мүмкіндігіне ие болуының өзін айтарлықтай жұбаныш деп санады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?