Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ерлік пен елдікті ту еткен қазақ батырлары

4444
Ерлік пен елдікті ту еткен қазақ батырлары - e-history.kz

Мыңжылдан асатын бай тарихы бар Жамбыл облысындағы Меркі жерінен қол бастаған небір батырлар да, сырлы да, сиқырлы сөздермен елді аузына қаратқан талай ақын да, тыңдаушысын таңдай қақтырған сан алуан өнер шеберлері де, ел азаттығы, әділеттік жолында соңынан қыруар ел ерткен көсемдер де, қысқасы, өмірі үлгі-өнеге боларлық небір асыл азаматтар толқыны өткен. Солардың ішінде Сыпатай, Андас және Ақкөз батырлар бар. «Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығын» негізге алып, жоғарыда аты аталған қазақ ерлерінің өнегелі өмірі туралы баяндаймыз.

Сыпатай батыр

Ерлік пен елдікті ту еткен, халықтар достығын көзінің қарашығындай қорғаған, қиын қыстау кезеңде жанын арына садақа етуге дайын болып, халқының қамы үшін сан рет басын ажалға тіккен, шын мәніндегі үлкен саяси қайраткер, небір күрделі дауларды бір-ақ сөзбен шешкен дуалы ауыз мәмлегер ақын жанды шешен би, қазақ, қырғыздың мал-жанын, жерін қорғауда аянбай күрескен қаһарман батыр Әлібекұлы Сыпатай бабамызды қалай мадақтасақ та болады. Сыпатай батырдың туған жері Алматы облысының Іле өзенінің жоғарғы бойы. Болашақ батыр, би етік тігіп, қайыстан жүген, қамшы өрген Өтеуліұлы Әлібек деген шаруаның үйінде 1781 жылы өмірге келіпті. Ағасы Андас екеуі жасынан бай ағайындарының қозы-лағын, өсе келе жылқысын бағысады. Момындығына, кедейлігіне бола келіншек Ботпай атанған Әлібектің ағайындары, балалары, жуан бай туыстарынан көп теперіш көріп, күн кешеді. Өсе келе ақыл күш иесі, намысқой Андас, Сыпатай мал, жер қорғауда батыр атана бастайды, ба-рымта-қарымтаға қатысады. Бірақ әр кеуделі, өзінше ой ойлап, өзгенің ақылына көз жұмып, бас шұлғи бермейтін ағайынды екі батырды кейбір жуан руластары туған жеріне сиғызбайды. Жиырмадан жаңа асқан ағайынды Андас, Сыпатай батырлар қырғыз ағайындардың арасын паналап, сол елге адамгершілігімен, бауырмалдығымен, ер жүректілігімен, әсіресе қырғыз халқының елін, жерін, малын, Қоқан ханның аш қасқырдай жалақтаған отаршыл басқыншыларынан қорғасқан еңбегі мен айрықша көзге түседі. Қырғыз ағайындар қос батырға әбден риза болып, оларды өз ұлдарындай көріп, алдарына мал салып, үстілеріне үй тігіп, қоныстық жер береді. Тіпті қалың малын төлеп, қыз алып береді. Сыпатайға екінші әкесіндей қамқорлық жасағандардың бірі қырғыз Солты тайпасының манабы Қанай батыр болған. Ол уақытта Меркі-Шу жерінде қазақ-қырғыз елдері малы аралас, қойы қоралас көшіп-қонып жүрген. Сыпатайдың ағасы Андас батыр қайтыс болғанда сүйегі қазіргі Жайыл ауданының орталығына жақын маңға қойылады да, сол жер шекара сипаттас болып қалады. Ал сол Андастың басына мазарды өз қолымен тұрғызған – қырғыз Қанай батыр да, Қанай өлгенде Сыпатай батыр оның басына өзі сырлы мазар салады. Кейінірек (1864 ж.) қырғыз Жаңғараш манап Меркіде дүние салғанда денесі осында қойылады. Совет өкіметі тұсында екі ел республикалық шаңырақ көтеріп, жер бөліскенде, шекара сол екі мазардың дәл ортасынан яғни, қазіргі Андас батыр ауылдық округі тұсынан белгіленген. Сыпатай Әлібекұлы дүниеге келіп, ақыл-ойы толысып, оң-солын танып, азамат болып қалыптасқан дәуір қазақ халқы үшін нағыз қилы заман еді. 

Сыпатай туылған 1781 жыл мен 1723 жылғы Ақтабан шұбырындының, 1730 жылдың, яғни қазақтың үш жүзінің батыр ұлдары тізе қосып, тұңғыш рет ата жауы – жоңғар басқыншыларына ойсырата соққы берген, тарихқа «Аңырақай шайқасы» болып енген ерлік жылының арасы жарты ғасырдан сәл-ақ асқан уақытты қамтиды. Ал жоңғарлардың қазақ жерінен біржола қуылғаны 1757-58 жылдар еді. Демек, ананың бесік жыры мен әженің ертегі-аңыздары, атаның өсиеттері мен әке-ағалардың, ел-азаматтарының бас қосқандағы әңгімелері, ақын-жыршылардың ән-күйі мен айтыстарының негізгі өзегі сол бір ел басындағы қасіретті оқиғалар болғаны анық. Зердесі бар жас баланың түйсігіне үлкендер «Елім-айды» жай бір күңіренген өксік әні емес, ерлікке, бірлікке шақырар ұран етіп жеткізгенінде дау жоқ. Жасынан ой қуып, халықтың қамын жеп өскен, атасының баласы болып қалмай, адамның баласы болуды көксеген ер азаматқа сондай тарихи танымы мол ортада қалыптасу құнарлы жерге түскен дәннің күнге бой ұрып, қуат жинағанындай болғаны да ақиқат. Сыпатай кейбіреулер ойлағандай, қит етсе қылышын суырып, найзасын шошаңдатып, ат ойнатып шыға келетін, барып кел, шауып келдің қолшоқпар адамы емес. Қазекеңнің бітпейтін көп дауларын қуалап, күн көрісін содан айырып, атақ шығарып, бедел жинауды мақтан көріп, кәсіп қылған, қазiргiше айтқанда, өз уақытының жеңілтек папулисі де болған емес. Немесе ел басына түскен ауыртпалықтың, зорлық-зомбылықтың бәрін«Алланың ісі, жазмыштан озмыш жоқ» деп елді көнбістікке, күйкітірлікке бастаған сопы немесе әулиелік құрып, сәуегейлікпен айналысқан да кісі емес. Сыпатай батыр бабамыз шын мәнінде саяси қайраткер болған, ел ішінде дау-дамайды да басқа жұртпен ара-қатынастыда қашан да халық мүддесінің тұрғысынан келіп бағалаған, соған сай саясат жүргізген. Қандай шешімге келмесін ең алдымен бұқараға ауырлығы түспейтін жолды қарастырып отырған. Оңтүстік қазақтары үшін өмірлік мәні зор күрделі-күрделі мәселелерге араласып, өзіндік шешімдерімен олардың даму барысына игі ықпалын тигізіп, қажет болса, басын қатерге тігіп, тәуекелге барудан тайынбаған. Елі үшін құрбан болып кетуі мүмкін екендігін бар болмыс-санасымен сезініп, ондай қадамға қашан да дайын жүрген. Бірақ ол орынсыз, мәнсіз тәуекелдің де адамы болмаған. Мысалы, Сыпатай қолынан келгенше Қоқан ханының баскесер, қаныпезер, ұры сипаттағы әскерін өз жеріне жолатпауға күш салды. Алғашқы жылдары Қоқанның салық жинауға шыққан қаныпезер агенттерін қайта қуып тастап отырды. Бірақ кейінірек, күші басым жау өктемдікпен басып кіріп, Жібек жолы бойындағы торапты жерлерге бекініс қамалдар салып алған соң көзсіз батырларша соғысын тоқтатпай, жергілікті халықтың басын қанды қатерге душар етпей, уақытша болса да, бір жақты болса да Қоқан ханның билігін мойындады. Бірақ Сыпатай мұнымен күресін тоқтатқан жоқ, тек қана сол қасиетті күресінің түрін өзгертті, тас түйіндей жұмылып, соққы берер сәтін күтті, елдің санасына күнде соны құйып отырды. Сыпатайдың мұндай тәсілдері кезінде қалың елді жазықсыз қырылыс табудан сақтап қалды. Міне осы Қоқан езгісіне тап болған ауыр кезеңде Сыпатайдай ел ағаларына Ресеймен қосылудың тарихи қажеттілігі, одан басқа жол жоқтығы одан сайын айқындала түсті. Сыпатай «Ресей қол астына кірсе қазақ жұмақтың төрінен бірақ шыға келеді», – деп түсінген десек, тарихи ақиқаттан аулақ кеткен болар едік. Ол өзінен бұрынырақ бұл тарихи бетбұрыс жолына түскен Кіші жүз, Орта жүздегі әріптестерінің әрекетін естіп-біліп, құптап болашаққа аман алып барар жалғыз жол екенін ұғып, мойынсұнған және сол қосылудың жылдамырақ болуына атсалысқан. 

Қоқан ханы Құдияр 1860 жылы орыс әскерін ойсырата жеңуді көздеп, бұрынғы Верный, қазіргі Алматы қаласына 20 мың қолын аттандырады. Уәдесіне берік Сыпатай батыр хан әскерінің көмек сұрарын сезіп, қарамағындағы елді Іле өзенінің Балқаш көліне құяр сағасына көшіріп әкетеді. Екпіндеп келген Қоқан әскері Қастек бекінісіне шабуыл жасағанымен Сыпатай демеуінің болмауынан, әрі ел мен жердің қыр-сырын жетік білетін кеңесшінің табылмауынан көксегендері орындалмай, амалсыз кері қайтқан .Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстан халықтары да 1857-58 жылдры қоқандықтарға қарсы көтерілген. Сонда көтерілушілерге дем беріп, басшылық еткендердің бірі – Сыпатай, қоқандықтардың зорлық-зомбылығына бас имей, Сыпатай өткір сөзімен де, батыл қимыл-әрекетімен де табанды қарсылық көрсетуін тоқтатпаған. Халық есінде оның мынадай бір әрі тапқырлығы, әрі ерлігі Құдияр хан ордасына оралысымен орыс әскерімен соғысқан кезінде одақтаспағаны үшін қырғыз елінің ру басшысы Әлібек датқаны өлтіреді. Халқын Балхашқа көшіріп әкетіп, қалың қол бермей қарсылық танытқан Сыпатай батырды Қоқанға айдатып алдырып, бір қыс бойы зынданда ұстайды. Бұлай ашынуының тағы бір себебі – Қоқан әмірі ұзатылған әр қыздың қалың малына бір діллә алтыннан салық салғанда, зекетшілерді Сыпатай бастаған ботпайлар ұрып-соғып қуып жіберген. Сонда батырдың Құдиярдың тегеурініне илiкпей, уытты да өткір тілімен:

- Әй Құдияр,

Саудагер болсаң сатарсың,

Қасап болсаң соярсың,

Райымнан қайтпаймын,

Қалыңдық басы бір тіллә,

Беремін деп айтпаймын – деп жауап қатады,

Қазақ, қырғыз ардақты азаматын қапаста ұстатқысы келмей бас көтеру мүмкін деп сескенген Құдияр хан оны босатуға мәжбүр болған.1864 жылғы мамырда полковник Черняев, Сыпатай

Әлібекұлы, Шәбден Жантаев пен Бәйтік Қанаев басқарған орыс, қазақ, қырғыз әскер, ру басшыларының құрылтайы өтеді. Онда 83 жастағы Сыпатай батыр сөз сөйлеп Қоқан хандығынан құтылудың бірден-бір жолы орыс мемлекетіне қосылу екенін айтады. Осыдан кейін өзінің Тілеміс, Тойшыбек, Байсейт секілді сенімді серіктерімен бірге жорыққа дайындықты күшейтеді. Бұл туралы Қазақ совет энциклопедиясының 10-шы томында мынадай қысқаша мәлімет берілген: «Сыпатай 1864 жылы Жетісу жеріне келген орыс әскерін қарсы алды. Өз баласы Бірімқұл бастаған 200 жігітті орыс армиясының құрамындағы қазақ отрядына қосады. Құдайберген Байетұлы бастаған мың жігітті атқа қондырып, түйе керуенін ұйымдастырады, орыс армиясының қару-жарақтарын тасымалдауға көмектескен». Осылайша қырғыз, қазақ қолдарымен толыққан және Сыпатай батырдың көмегі мен ақыл-кеңесіне сүйенген орыс әскері мамырдың өзінде-ақ Қоқан хандығына қарсы 1864 жылғы жорыққа шықты. Алдымен Әулиеата (қазіргі Тараз қаласын Қоқан хандығынан азат етті. Қырғыз, қазақ достығының ірге жайып, даму жолында Сыпатай батыр шын мәнінде көп еңбек сіңірген. Ол бейбіт өмір орнаған соң да халыққа жаңа өнеге танытты. Жер жыртып, егін егуді, көшпелі өмірден отырықшылыққа ауысуды үйретті. Егіншілерді ұйымдастырып, Меркінің тау бөктерінен Тескен тоған салды. Осы тоған арқылы бұл күндері Тескен тоған ауылы егін егіп, мал бағуда. Сыпатай бабамыздың кейінгіге қалдырған бір игі мұрасы осы деп түсінген жөн. Ол жалаң жаугершілік, елшілік дипломатиялық, билік жүргізудің ғана емес, сол кездегі өндіріс тәсілінің талабында түсіне білген, шаруашылық өмірдің бағасын жақсы айыра білген жасампаз ел ағасы болған. Сыпатайдың халық ішінде қадірінің қандай болғандығы, әсіресе батырдың өзі өмірден өткен соң анық көрінді. Батырға деген халық сүйіспеншілігі 1991 жылы бабаның туғанына 210 жылдығы құрметіне ұйымдастырылған тойға дайындық үстінде, жаңартылып қайтадан салынған күмбезін салтанатты жағдайда ашқан тұста анық білінді. Сыпатай өмірінен алатын тағы бір өнегеміз бар. Ол батырдың ел құрметіне бөленгенімен, өз басының қарапайым, кішіпейіл қалпынан айнымай өткендігі, мал байлығын, дүние қызығын қуып, пендешіліктің жетегінде кетпей, адамдық қасиеттерін сақтап, туыс бауырларына, ұрпақтарына, өзі жақсы білетін барша жұртқа сонысымен қымбат бола білгендігі. Ұлттың абыройын асыратын, басқа жұртқа танытатын, өз болашағының ашық аспан аясында өмір кеше беруіне кепілдік беретін тағы бір тарихтан қалмай адамзатпен серік боп келе жатқан үлгі бар. Ол – халықтар достығына адал болу, көршімен тату тұру. Бұл жөнінде де Сыпатай ұрпақтарға жақсы өнеге тастап кеткен. Сыпатай бабамыз өз өмір жолында қырғыз халқымен қоянқолтық араласумен өтті. Ол қандай тағдыр-тәлкегі сынаққа түссе де, жас кезінде алған бағытынан ауытқымай, өз елін қырғыздардан бөлек тұтпай, ауылын аралас, қойын қоралас ұстады. Сондай берік саясаттың арқасында қазақ пен қырғыз төскейде малы, төсекте басы қосылып дегендей, міне, қаншама уақыт өтсе де, татулық салтынан аумай келеді. Бұл достықтың тарихы жыл өткен сайын тереңдей, молыға түсуде.

 Андас батыр

Тәуелсіздікке қол жеткен жылдардан бастап етек-жеңімізді жиып, өткен-кеткен тарихымызды саралап, бар-жоғымызды түгендейтін халге жеттік. Ата-бабамыздың жүріп өткен сара жолы зерттелді. Келешек ұрпағына қалдырған өнегелі қасиетін санамызға сіңіріп, таразылайтын жағдайдамыз. Бабалар рухына тағзым ету – артында қалған ұрпақтары үшін парыз, келешек ұрпақ үшін қарыз. Олай болса, тарих алдында алдындағы қарызымызды өтегеніміз деп білемін. Ұялмастай парызымызды адал атқарсақ елдігімізді, ерлер жайлы білмейтін жан жоқтың қасы. Халқының қадірін білген Андас пен Сыпатай батырлар Қасиетті Меркі жерінен шыққан елінің ертеңгі тағдырын екеуі тетелес, бір әке, бір шешеден туған. Андас пен Сыпатай — Ұлы жүз Ботпайдан шыққан батырлар. Аталарының ілгерідегі қонысы Жетісу аймағы маңы екен. 


Әкелері Әлібек зор дауысты, батыр тұлғалы, шаруа баққан момын кісі болған. Аузы дуалы, Алладан көріпкелдік қасиеті бар адамдар қазақ халқында аз болмаған. Малдыбай ауылының сондай бір қариясы «Түс көрдім, төрт дулаттан екі ұл туады. Шолпандай жарқырап, бұлардың өз қатарынан атағы зор Балқаш, Іле болады. Бірақ қай аталарынан туатынын жори алмадым» – дейді. Кейіннен белгілі болғандай бұлар Әлібектің Андасы мен Сыпатай мініп кете береді екен. Екеуі де алып жігіт, қаз мойын айғырды Андас Әлібекұлының қазақ халқы ғана емес қырғыз, өзбек халықтары да ерекше қастерлеген. Андас-ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысының перзенті. Дулат тайпасының Ботпай руынан. Есімі жалайыр нағашыларының құрметіне Андас аталған. 1779 жылы Іле бойында дүниеге келген Андас 1821 жылы 42 жасында қақаған қысқы шілдеде қайтыс болған. Бар-жоғы қамал бұзар қырық-ақ жыл өмір сүрген Андас 17-18 жасынан-ақ Сыпатайға үлгі, ел арасындағы бітіспес даудың шешуін түсіндіруші, ақылшы болған. Өзіміздің Меркі жерінен шыққан, елінің ертеңін ойлаған, халқының қадірін білген Андас пен Сыпатай батырлар ел арасында әділ билік айтушы шешен, көсем азаматтар болған. Ол кездерде көрші жатқан қырғыз елі мен қазақ жер дауын, жесір дауын сылтауратып атысып-шабысып, жауласып тынышы кетіп жатады екен. Міне осындай дауларды ретке келтіріп, қырғыз бен қазақты «дос болайық», «тату тұрайық» деген қасиетті бәтуаға жүгіндіруші ірі тұлғалардың бірі Андас пен Сыпатай болған. Тарихқа жүгінсек, Андас пен Сыпатай Абайдың әкесі Құнанбайдың алдында да өз сөздерінің қадір-қасиетін жете таныта біліпті. пен Сыпатайдың ықпалымен мен қазақтар Андас қырғыздардың өзара кикілжің, жанжалы мен барымтасы тиылып, қырғыздың қас батыры Қанаймен бітім жүргізілді. Сөйтіп 1806 жылы Қарабалтадан бастап Таластың төменгі сағасына, оңтүстігі Түркістанға дейін созылған даланы Дулаттар иеленді. Андас батыр бастаған қазақтың біртуар азаматтары көк сүңгінің ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ұлан-ғайыр даланы ұрпақтарына мұраға қалдырды берген. Көрші жатқан қырғыз елімен әр уақытта татулықты сақтап оларға зорлық-зомбылық көрсеткендерден есесін қайтарып Орман, Жантай манаптармен Қытай, Қошқар асып, күш біріктіріп, ХІХ-ғасырдың бірінші жартысында қоқандықтардың елге бала-шаға, жас-кәрі бәрін қырып, ата-баба бейіттерін қиратқан көрсеткен озбырлықтарын, ер азаматтарды ғана емес, әйел, азат етуді арман еткен. Қоқан, Хиуа соғыстарында ерен ерлігі-тағылық әрекеттерін көріп өскен Андас Қоқан хандығынан елін Ел ішінде «Сыпатай, Андас қос батыр, мәрт батырлар» деген сөз кең тараған. Олардың ерліктерін, батырлықтарына 1798 жылы Андас Жетісудан, Іле бойына Сәмен батырдың баласы Қапсалаң бастаған бір топ Ботпай жігіттерін бастап әкесінің үйіне сау еткізіп түсіреді. Ұзын сөздің қысқасы Андас: мен көрінген хас батырдың өзі. «Тәшкенде билік құрып отырған Бәйтік, Сеңкібай, Шойбек ва тырлар жол білсе, жөн білсе ел басқаратын ендігі кезек Ботпайдікі. Ұлы жүзді енді біз билеуіміз керек. Билікті берсе қолынан бермесе жолынан аламыз» — деп біраз өзгереді. Әлібек көз алдында өскен баласын танымай қалды, -Әй, денің сау ма. Бұл ненің желігі? Не деп тантып отырсың? Өз ұлымды танымай қалдым ғой? – деді Әлібек. Енді Андас шындықтың бетін ашты. – «Жәке, оның несін айтасыз?! Өзіңіз біліп отырсыз ғой, Дулаттың төрт баласы өздері екі жыл бойы байтақ астана еткен Ташкеннің билігіне таласып, кешегі Төле би мен Қойгелді батыр орнына біреу болмақ. Тәшкен билігін соғыссыз тыныштықта ұстап тұратын адал азамат алуы керек. Жетісудағы ағайын пәтуасы осылай болды. Біз мына Қапсалаң ағаны бәйгеге қоссақ деп отырмыз. Рұқсат етсеңіз мына Сыпатай інімді де ала кетсек деймін. Ел көрсін, жер көрсін, алыс-жақын ағайындармен таныссын». Көзі қарақты азамат өзі-ақ түсінетін жайт емес пе? Он тоғыз жасар балаң жігіттің аталы сөзі осы жолы ел тағдырын шешуге ұйытқы болған. Аты аңызға айналған Андас батыр өмірге келгелі 228 жыл болыпты. Үш ғасырға жуық уақыт емес пе? Бүгінгі таңда Андас батыр жайлы аңыз да көп, ертегі сияқты елес әңгімелер де көп, бірақ ел аузындағы елеулі сөз ешқашан өшкен емес. XX ғасырдың Гомері атанған кешегі Жамбылдың өзі «Сұраншы батыр» дастанында Андас айтқан өрелі ойға құлақ салған.

Андас дауыл соққан теңіздей,

Күш көбігін сапырды.

Алатауды қозғалта,

Қырға шығып ақырды.

Андас пенен Нарбота,

Туматайды шақырды,

Даңқара мен Шымырбай,

Әрине, Сұраншы батыр Андасты бекер шақырмаса керекті. Қанша ашуға мініп тұрса да сабырлы батыр Андас айтқан. Батыр Алатаудың басына ұзақ қарап қалады.

Халқын етпес біздің тісіміз,

Оңға шықпас iсiмiз.

Теңізге теңес бір тамшы,

Бейне таудың бір тасы.

Үш-ақ жүздей кісіміз, — деген сөзі көңіліне қонады да, Сұраншы Андас батырдың бейнесін бір қырынан көркем сомдап тұр. «Азулы Сұраншы батырдың Андас сөзіне ой тоқтатуының өзі Тоқтамысханның тікелей ұрпағы Рүстем сұлтан қоқандықтарға қарсы қол жиып, Сайрам мен Шымкентті азат етуге 20 мың қазақ сарбаздарды көргенде жиырма жасар ерлігімен, ел билеу ісіне бейім білгірлігімен көзге түскен Андас та соның бел ортасында болған. Сонымен қатар Андас Әлібекұлы сонау Жетісудағы қалың Ботпайды Аспара, Меркіге көшіріп қоныстандырған, кешпелі отырықшылыққа, егіншілікке үйреткен. Келтоған, Ақтоған Қостоған тәрізді ондаған тоғандар қаздырып, медреселер салдырған. Андас шағын ғана ауылдың арманын арқалаған батыр емес, кемел болашақтың сәулетті де сәнді болатынын сезе білген адам. Біз өскелең ұрпақтың көз алдына Андас батырдың бейнесін сөзбен сызып, қазақ халқы дүниеге әкелген ердің есімін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді парыз деп білдік. Отаншыл жастарымызды Қазақстан патриотына айналдыруды ниет қылдық. Андас бойында бар қасиет алғырлық пен ақылдылық, жолбарыс жүректілік пен табандылықты жүрегімізде сақтауды жөн көрдік. Біздің мың өліп, мың тірілген тарихымыз басынан небір қиын-қыстау кезеңдерді өткізді. Қызыл бөріктілермен жаугершілік замандарда еліміз бен жеріміздің көптеген тарихи атаулары өзгеріп кетті. Монғол шапқыншылығынан кейін ел, жер атаулары тұрмақ, асыл тұқымдылық қасиетімізге де сызат түсті. Одан патша саясатының күшімен қазақ жеріне қоныстанушылар келе бастады. Қара шекпенділер қазақтың құнарлы жерлеріне картоп егіп, асыл тұқымды жылқыларымызды тау-тас, саяқ жерлергеитеріп тастауға мәжбүр етті. Ол аз болса ата-бабамыздан берімұра болып келе жатқан жер-су атаулары «..овкалар» мен «...Скилерге» айнала бастады. Соның нақты дәлелі ретінде, Андас бабамыздың атын атап, ұрпақтық парызымызды орындауға, баба алдында қарызымызды өтеуге көпке дейін мұрсат бермеді. «Ештен кеш жақсы» демекші, өткен 2006 жылдың соңын ал Андас батыр бабамыздың есімі округке және орысша аталып келген ауылға берілгендігіне тәубе дейміз.

    Ақкөз батыр

Халық солдатқа адам бермеу үшін неге болса да даяр болады. Меркі өңірінің әр жерінде солдатқа бармау, өз қатарларынан адам бермеу үшін күш жинастырып, топ құра бастады. Олар «солдатқа адам аламыз» деп кім келсе де көнбеске ант берген еді.


Біріккен топтарды ақыл-ойы озық, жігерлі батыр адамдар басқарды. Мысалы, «Тағай талы» төңірегінде топтасқан көтерілісшілер басқалардан гөрі үлкен топ болды. Бұл топқа жалынды революционер Тұрар Рысқұловтың да тікелей ықпалы болды. Ол топты ақылы мен батырлығын ел мойындаған Бұзау ауылынан Ақкөз батыр басқарды. Оның бірінші орынбасары болып жарас елінен Досмайыл батыр, хатшысы және діни басшысы болып бесторсық Өмірзақ молда сайланды. Көтерілісшілердің белсенді сарбаздарының бірі ақын Қиялбай Сүгірұлы «Ақкәз» деген дастанында, Қорағаты болысының азаматы Ақкөз батыр жеті болыс елді түгелдей патшаға қарсы көтере білген халық батыры екенін жан-жақты жырлай келіп, 1916 жылғы қазақ еңбекшілерінің жай-күйіне былай тоқталады. Егер

...Жалғызы ем бір кедейдің жаным деген,

Қайтам ба жаудан аман — кімдер білген.

Патша да мұны істеген жаудан өлсін,

Кезіне қарға-құзғын үймелесін.

Құрысын жалмауыз сұм тұқымымен,

Қасына қол бермеуге жан келмесін.

Ақкөз сарбаздарының саны күн сайын өсе береді. Меркі өңірінің әр жерінен оларға адамдар келіп, лек-легімен қосылып жатты. Солардың бірі сиыршы Барлыбайұлы Құрымбай бастаған көтерілісшілер тобы Ақкөз сарбаздарына қосылуға келе жатқанда патшаның учаскелік приставының жазалаушы қосынына бетпе-бет келіп қалып, ойламаған жерден атысу-шабысу басталып кетеді. Сарбаздар санының аздығына қарамастан тайсалмай соғысады. Олардың соңғы мақсаты «жастығын ала жату» болады. Дегенінен қайтпайтын Құрымбай батыр бір жазалаушыны найзасымен шаншып өлтіреді. Сосын Аспара болысының писарін ауыр жаралап, өзі де жау оғынан шейіт болады. Жау кеткен соң, сол топтың аман қалған сарбаздары мен туыстары қанды көтерілістің құрбанын ғазауат соғысының шейіті ретінде қанға бөккен денесін жумай, киімі мен найзасын қасына қойып, мешіттің қасындағы зиратқа жерлейді. Осы көтерілістің саяси бағыт сілтеушісі революционер, қайраткер жерлесіміз Тұрар Рысқұлов өзінің «Меркідегі көтеріліс»деген еңбегінде ...«мен оларға ұйымшылдықсыз аз ғана топпен емес, ұйымшылдықпен көтерілуге кеңес бердім. Мен ең бастысы – патшаның жергілікті әкімшілігіне шабуыл жасап, оны қазақтарды қара жұмыс, жер қазуға алудан бас тартуға мәжбүр етуге, сонымен бір мезгілде орыс шаруаларымен қақтығысқа түспеуге ақыл қостым. Мен «патша үкіметі қоныс аударылған орыс шаруаларын қазақ көтерілісшілеріне қарсы қояды» деген қауіпті де сезінген едім» деп жазады. Көтерілісшілер саны көбейе түсті, мыңдаған сарбаздар Меркідегі патша әкімдеріне талай рет лап қойып, шабуыл жасады. Бірақ Ташкенттен Әулиеата - Пішпек арасындағы көтерілісті басу үшін жіберілген күшті қаруланған жазалаушы қосындар оқ жаудырып, жазықсыз адамдарды қырып салып отырды. Жазалаушылар саны да күннен-күнге көбейе түсті. Меркіде үлкен әскери лагерь пайда болды. 29-30 тамыз күндері, найза, шоқпар, айбалта, сойыл сияқтылармен қаруланған Ақкөз батыр бастаған 1500-2000 сарбаз Меркіге шабуыл жасады. Бұл шабуылда бірнеше адам өліп, жараланып, көтерілісшілердің жеңілуімен аяқталды. Жазалаушы қосындарды жеңе алмайтынына көзі жеткен көтерілісшілер өзара кеңесе келіп, мыңдаған жылқыны алдына салып, қиқулап қуады да, жазалаушыларды бастыра шабуыл жасап көрді. Шынында, патша әскерлері бұл дүлей күштен не істерін білмей, қатты састы. Бірақ түгелдей қаруланған көп әскер, көтерілісшілерді жеңіп тынды. Қыркүйек айының аяғында қазақ еңбекшілерінің ұлт-азаттық көтерілісі біржола басылып тасталды. Патша әскерлері көтерілісшілерді ғана емес, бейбіт жатқан кейбір ауылды өртеп, еркектерiн қырды, әйел, бала-шағаны азаптады. Меркіде тұратын кулактар бүлінген қазақ ауылының мал-мүлкін күн сайын алып кетіп отырады. Белгілі бір мерзімге қазақтарға Меркіге келуіне қатаң тыйым салынды. Бұл жағдайды білмей Меркіге келіп қалған немесе осы жер арқылы өтіп бара жатқан қазақ болса, ескертусіз табанда атып тастап отырды. 1916 жылғы көтеріліс кезінде жазалаушы қосындардан басқа патша әкімдері, кулактар да дұшпандық әрекеттер жасап бақты.

El.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?