Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Елімізде сайлауға қатысты дайындықтар басталды

2386
Елімізде сайлауға қатысты дайындықтар басталды  - e-history.kz
Мұнымен қатар сайлауды ақпараттық қолдау жоспары әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр

Елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізуге дайындық жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өтіп жатқан семинар-кеңес барысында ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті. 

«Сайлау науқаны екі ай ішінде өткізіледі. Ал бұл мерзім ішінде біз көптеген іс-шараларды іске асыруымыз қажет. Осыған орай, алдағы уақытта жауапты кезең күтіп тұр», – деді Қ.Тұрғанқұлов. 

Оның айтуынша, ең басты мақсат – сайлаудың заңдылығын қамтамасыз ету. 

«Орталық сайлау комиссиясы жүргізген дайындық жұмыстарына тоқталып өтейік. Біріншіден, өткен сайлау науқаны басталған уақыттан бері біз жергілікті жерлерге қажетті құжаттарды, нормативтік-құқықтық актілер, сайлауға дайындық пен өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарлары жіберілді», – деп хабарлады ОСК төрағасы. 

Мұнымен қатар сайлауды ақпараттық қолдау жоспары әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында республикалық электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының эфирінде ақпаратттық бейне және аудио роликтер орналастырылған. 

«Үшіншіден, қалалар мен елді мекендерде далада орталық сайлау комиссиясының тапсырысымен әзірленген сыртқы жарнамалар ілініп жатыр. Бүгінгі семинарды ұйымдастыру да сайлау науқанын өткізудің жоспарына кіреді. Осылайша, бастапқы кезеңде қажет іс-шараларды біз іске асырып жатырмыз», – деді Қ. Тұрғанқұлов.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?