Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Inform.kz, BAQ.KZ, e-history.kz сайттары әмбебап ақпарат тарату құралына айналды – министр

936
Inform.kz, BAQ.KZ, e-history.kz сайттары әмбебап ақпарат тарату құралына айналды – министр - e-history.kz

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Qazforum қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың форумында айтты.

"Қазір интернет сайттар әмбебап ақпарат тарату құралына айналды. Бір сайттан жазба ақпаратты да, аудио хабарламаны да, бейне бағдарламаларды да табуға болады. Мысалы, мемлекеттік қолдауға ие болған e-history.kz, adebiportal.kz, el.kz, inform.kz, Baq.kz сияқты сайттар қазақ тіліндегі материалды заманауи форматтағы бейне жазбалар, аудиоподкасттар  оқырмандарға қолжетімді", - деп түсіндіріп өтті Аида Балаева.

Министр форумда сөйлеген сөзінде жастар арасында сұранысқа ие қосымшалардың бірі TikTok желісі екенін айтып өтті.

e-history.kz порталы «Тиктокер тарихшы» парақшасын ашып, жастарға жеңіл, әрі еліміздің тарихын түсіндіретін ақпарат береді. Қазіргі отандық контентті қараушылар саны қарқынды түрде өсіп келеді, - деп айтты ведомство басшысы Qazforum-да.

Бүгін Елордада қазақ тілінде контент жасаушылардың дәстүрлі бесінші форумы басталды. 

Шараның ашылуына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министір Аида Балаева қатысып, ұйымдастырушы тарап – АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігіне алғыс білдірді.

211105104914524e.jpg

«Биыл тәуелсіздіктің үшінші онжылдығын бағындырған мемлекетіміздің АҚШ-пен дипломатиялық байланыс орнатқанына да 30 жыл болып отыр. Осы уақыт аралығында АҚШ елшілігі екі ел арасындағы байланысты нығайтуға арналған түрлі жобаларға тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Солардың бірі – дәстүрге айналған қазақтілді онлайн контент жасаушылар форумы. Осымен бесінші рет өткізіліп отырған бұл шара, сөз жоқ, қазақ интернетіндегі өзекті мәселелерді талқылап, ортақ шешім табуға септігін тигізетін ауқымды платформа», - деген ведомство басшысы бүгінгі таңда мемлекеттік БАҚ-тағы қазақтілді контенттің үлесі 78 процентке жеткенін атады.

«Оның ішінде телеарнадағы контент – 79,2 процент, баспа басылымдары –84,5 процент және интернет ресурстарда – 59,81 процент. Осыдан 10 жыл бұрын мемлекеттік тілде ақпарат тарататын алты сайт қана болса, бүгінгі жағдай мүлдем бөлек. Қазіргі таңда отандық интернет медианың шамамен 14 процент үлесін қазақтілді сайттар құрап отыр. Жылдан-жылға қазақтілді интернет порталдардың саны да, оқырмандар қатары да артып келеді. Соңғы екі жыл ішінде жаңадан 46 сайт ашылды. Отандық медиа қазақ тілінде контент жасау ақпараттық саясаттағы басым бағыттардың бірі. Ол саладағы атқарылған жұмыстардың көлемі де, сапасы да жылдан-жылға артып келе жатыр», - деді Аида Балаева.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?