Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Білімді жастар жаңарған Парламенттің қандай болуы керектігін айтты

1478
Білімді жастар жаңарған Парламенттің қандай болуы керектігін айтты - e-history.kz
Жаңадан жасақталатын Парламент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында маңызды шешімдер қабылдауда белсенділік танытады

Мақсат Жақау, саясаттанушы: 

30dfd3905db753fadd1602b624effded.jpg

1. Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысты қалай қабылдайсыз? 

Өте дұрыс шешім, мұны қазіргідей жарыса айтып тұрғаным жоқ, оны былтырдан бері жиі сұхбаттарымда көтеріп келемін. 

2. Саяси сарапшылар партияларлдың бірігуі мүмкін дегендей пікір айтып отыр. «Ақ жол» партиясы «Нұр Отанға» қосылып, сайлауға белсене араласа ма? 

Бірігетін әлсіз Парламенттен сыртта қалғандар бірігіп болды. Ақжолдың биліктік партияға кіреді деу – тіптен жалған қауесет. Себебі, өзінің нақты бағыты бар және сол бағытта көп дүниені, әсіресе заңнамалық жұмыста іскерлігін көрсеткен «Ақ жолдың» алдағы сайлауда бірікпей-ақ жеке-дара сенімді саяси додаға қатысатыны анық. 

Біріктіре беру билікке де қажеті шамалы, өйткені саяси өмірде саяси партиялық плюрализмді қайта дамыту уақыт талабы екенін түсініп отыр. 

3. Жаңа Парламенттен қандай өзгерістер күтесіз? Саяси додадан кейінгі жағдайды қысқаша айтып өтсеңіз. 

Әрбір саяси науқан бұл үлкен дамуға, реформаларға бағытталады. Кең мағынада айтсақ, осы сайлаудың берері дағдарыста жұмыла-келісе іс-қимылды анықтау, «100 қадамға» 107 адамды анықтау болмақ. 

Айдын Жүнісханов, археолог: 

56fd6fc1d383eb6b8571ff64d3f17ddb.jpg

Еліміздің V шақырылым депутаттары өздерінің қызмет атқарған жылдарында елімізде ұлтжандылықты, Қазақстан халықтары арасындағы толлеранттылықты насихаттау аясында барынша сапалы әрі жемісті қызмет атқарды. Яғни, депутаттар өздеріне жүктелген тарихи миссияны үлкен жауапкершілікпен және абыроймен атқарып шықты. Осы жолда кеткен әттеген-ай деген тұстары да болды. 

Келесі шақырылымдағы депутаттардан Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері қалыптасқан мемлекеттілік дәстүрлерімізді одан ары нығайтып, қазіргі сындарлы уақытта нақты, дұрыс шешімдері арқылы еліміздің тәуелсіздік тұғырының мықты болуына қызмет ететін халық қалулыларын көргіміз келеді. 

Еркін Рахметуллин, тарихшы: 

10b6cf05a31ba95e81ef0b28950a2599.jpg

Сайлау өткізудің мемлекет үшін аса қажеттілігі бар, сондықтан өткізілсін, бірақ құрамы 70 пайыз жаңаруы керек және жасаруы керек, Парламентке энергиясы бар адамдар мен ұлттық мүддеге жақын адамдар келуі тиіс. 

Жаңадан сайланған Парламентке біршама өкілеттіліктер де берілуі тиіс. Сонда ғана жаңадан жасақталатын Парламент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында маңызды шешімдер қабылдауда белсенділік танытады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?