Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шетелдік сарапшылар Қазақстанның мерзімінен бұрын сайлау өткізу ұсынысын қолдайды

1776
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның мерзімінен бұрын сайлау өткізу ұсынысын қолдайды - e-history.kz
Тек жаңа Парламент қана Президент қойған мақсаттарды орындай алады. Бұл сайлау Қазақстанның жаңғырып, алға қарай жылжуына сеп болады

ҚР Мәжілісі депутаттары Президентке үндеу жолдап, Парламент сайлауын қайта өткізуін сұрағаны мәлім. Содан бері «Қазақстан тарихы» порталы елімізде өткен саяси науқандардың тарихына тоқталып, елімізге белгілі сарапшы мамандардың пікірін сайт беттеріне жариялаған болатын. Бұл бастама тек елімізде ғана емес, шетелдің түрлі халықаралық қауымдастықтарында назар аудартпай қоймады. Осыған орай бізде назарларыңызға шетел сарапшыларының мерзімінен бұрын Мәжіліс сайлауын өткізу туралы білдірген пікірлерін ұсынбақпыз. 


Асим Моллазаде, Милли Меджилисінің депутаты (Әзірбайжан):


Мәжіліс депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу жайлы ұсынысын әзірбайжандық әріптестер де қолдап отыр. Милли Меджилисінің депутаты Асим Молладзенің ойынша, Парламенттегі мерзімінен бұрын өтетін сайлау, мемлекетттік жүйені нығайта түседі. Осындай бастама көтеріп отырған Қазақстанға Әзірбайжан қызығушылық танытып отырғанын да айтып өтті. 

«Бұл шешімді Парламентте таныстырылған барлық партиялардың ұсынуы өте орынды. Қазақстанға әлемде болып жатқан экономикалық жағдайлар әсер етіп отырған жағдайда Парламенттегі мерзімінен бұрын сайлау өткізу мемлекеттік жүйесін нығайта түседі. Әзірбайжан тұрақты, гүлденген Қазақстанға қызығушылық танытып отыр. Қазақстандағы мерзімінен бұрын сайлау өткізу мемлекеттік биліктің нығаюына алып келеді деп ойлаймыз», – дейді депутат Асим Молладзе.

Ариэль КОЭН, Энергетика, табиғи ресурстар мен геосаясат орталығының директоры (АҚШ): 

Қазақстанда мерзімінен бұрын өтетін Мәжіліс сайлауы туралы, АҚШ-тың Энергетика, табиғи ресурстар мен геосаясат орталығының директоры Ариэль Коэнда өз ойын ортаға салды. Америкалық сарапшының ойынша, Қазақстан көптеген мемлекеттермен салыстырғанда өзіндік өрлеу қарқынымен дамып келе жатыр. Қазақстан осы бағытынан жаңылмай, алдағы онжылдықтарда әлі талай биіктерге жетеді. «Әлемде жүріп жатқан дағдарыс ешкімге оңай тиіп тұрған жоқ. Мұнай мен табиғи байлықтардың бағасы құлдырап, тіпті, Ресей, Австралия, Оңтүстік Африка, Канада мен Бразилия сияқты елдерге кесірін тигізіп жатыр. Сондықтан Қазақстанның жаңа Парламент құрамын жасақтап, мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасы нағыз қолдауға тұрарлық. Қазақстан онсыз да жаһанның көптеген мемлекеттерімен салыстырғанда өзіндік өрлеу қарқынымен танылып келеді. Меніңше, ол осы бағытынан жаңылмай, алдағы онжылдықтарда әлі талай биіктерге жететініне бек сенімдімін»,-дейді америкалық сарапшы. 

 Вардан Бостанджян, Ереван Мемлекеттік Университетінің профессоры (Армения): 

Армения халқы да мерзімінен өтетін сайлау туралы оң пікірде. Өз елін дұрыс жолмен бастап келе жатқан басшы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевты армениялықтар ерекше құрметтейді. «Мен Қазақстанда жүргізілетін реформалардың табысты жүзеге асатынына кәміл сенемін. Неге дейсіз ғой. Арменияда бәрі Нұрсұлтан Назарбаевты өз елін дұрыс жолмен алға жетелеп келе жатқан дана басшы ретінде қатты құрметтейді», – дейді Ереван Мемлекеттік университетінің профессоры Вардан Бостанджян. 

Сондай-ақ профессор еліміздегі мерзімінен бұрын өтетін сайлауды өте дұрыс шешім деп баға берді. «Ал төменгі палата депутаттары сайлауын мерзімінен бұрын сайлау және оларды жергілікті мәслихат сайлауымен қатар өткізу мәселесіне келер болсақ, мен мұны өте дұрыс шешім деп санаймын. Елді жаңғырту, жетілдіру жағдайында жаңа, соны күштер қажет, реформаторлық көзқарас, сындарды идеялар қажет. Ал ол үшін сайлау өткізу керек. Мен 3 партия фракциясы 5-шақырылымдағы төменгі палатаны таратып жіберу туралы ұсынысты Ел президентіне дер кезінде жасады деп санайтынымды айтқым келеді», – дейді Вардан Бостанджян 

 

Рихард Шенц, Аустрия федералды экономикалық палатасы президентінің орынбасары (Аустрия): 

«Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу қазіргі таңда өте дұрыс шешім болып тұр. Бүкіл әлемде экономикалық дағдарыс өршуде. Мұнай мен газ бағасы төмендеп кетті. Жаңа реформалар қажет. Тек жаңа Парламент қана Президент қойған мақсаттарды орындай алады. Бұл сайлау Қазақстанның жаңғырып, алға қарай жылжуына сеп болады», – дейді Аустрия федералды экономикалық палатасы президентінің орынбасары Рихард Шенц. Оның айтуынша бүкіл әлемде экономикалық дағдарыс өршіп тұр. Оған басты себепкер-де мұнай мен газ бағасының құлдырауы. Бұл қиыншылықты жеңу үшін жаңа реформалар қажеттілік етеді. 

 

Мордехай Кимягаров, Израильдің қоғам қайраткері (Израиль):  

Қазақстандағы мерзімінен бұрын өтетін парламенттік сайлау туралы израилдіктерде өз ойларын ортаға салды. Мәселен, Израильдің қоғам қайраткері Мордехай Кимягаров Қазақстан алдында үлкен стратегиялық жоспарлар тұр дегенді тілге тиек етті. Оның пікірінше, жаңа жоспарларды Парламенттің жаңартылған, халық мүддесін ойлайтын мықты құраммен жүзеге асыруы құптарлық мәселе. 

«Мен парламенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы шешім қабылданғаны өте дұрыс деп санаймын. Өйткені, Қазақстанның алдында өте үлкен стратегиялық жоспарлар тұр. Және осындай әлемдік дағдарыс кезінде Қазақстан аяғын нық басып, болашағына сеніммен қарап тұрғанын айта кеткім келеді. Оның маңызды әкімшілік шараны осы көктемде өткізіп, жаңа да мықты құраммен ел алдында тұрған маңызды міндеттерді орындауға сеніммен кірісіп кетпек ойы өте құптарлық», – дейді израильдік сарапшы. 

Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы Мәжіліс және мәслихат сайлауларының өтуі әлемдік экономикалық дағдарыстың алдын алу шараларының бірі дегенді меңзейді. Бұл  қазіргі уақыттағы маңызды, уақыт талабына сай дұрыс шешім. 

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?