Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүркітбай Аяған: «Тәуелсіздік – бірлік пен ізгіліктің жемісі»

2928
Бүркітбай Аяған: «Тәуелсіздік – бірлік пен ізгіліктің жемісі» - e-history.kz
Қазақстан халқы үшін ұлы мереке саналатын 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында елгі белгілі ғалымдар, тарихшылар құттықтау лебіздерін жолдады

Бүркітбай Аяған, Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор: 

Қымбатты қазақстандықтар! Қадірлі әріптестер! 

Ширек ғасыр бұрын халқымыздың қол жеткізген – Тәуелсіздік күнімен, баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! 

Тәуелсіздік – бірлік пен ізгіліктің жемісі. 

Рухы мықты халықтың бақыты қашан да баянды. Отанға деген шынайы сүйіспеншілік – қазақстандық патриотизм рухын одан сайын күшейте түсуде. Қысқа мерзім ішінде тарихтың жаңаша беті ашылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі нығайды және оның әлеуметтік-экономикасын, мәдениетін дамытуда игілікті жұмыстар атқарылуда. 

Білім және ғылым саласында жаңғыртулар жүргізіліп, алғашқы нәтижелер биік белестен көрінуде. Төл тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерінен қазіргі заман тарихына дейінгі ауқымы зерделенуде. Сонымен бірге мәдени мұрамызды түгендеп, ұлттық сананы нығайттық. 

Асқақтаған Астана қаласы гүлденуде. Мұның барлығы қазақстандықтардың төзімділігі, ынтымағы және жауапкершілігімен жүзеге асуда. Достық пен берекенің сақталуы – ұрпақтар бойына сіңірген игі дәстүрлер арқылы нәтижесін беруде. 

Құрметті отандастар! Сіздерге алда тұрған биік асуларды бағындыра берулеріңізге тілектеспін! Осындай маңызы бар тарихи мерекеде еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. Көк байрағы желбіреген, абыройлы да айбынды, берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын. 

Қадірменді әріптестер! Қазақстанның білім және ғылым саласындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Қазақ тарихының олқылығын толтырудағы еңбектеріңіз еселеніп, ұлтымыздың жоғы табыла берсін деген тілек білдіремін. 

Тәуелсіздік таңы нұрлана бергей!

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?