«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Белгілі тарихшы Мүсір Ауанасов өмірден өтті

2169
Белгілі тарихшы Мүсір Ауанасов өмірден өтті

Белгілі тарихшы Мүсір Ауанасов өмірден өтті...

Ауанасов Мүсір Ауанасұлы – профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР «Білім беру ісінің үздігі», ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ұлы даланың патриоты», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері, «Арыс қаласының құрметті азаматы».












1.     1.01.1940 ж. - Арыс ауданы, Жамбыл елді мекенінде дүниеге келген.

2.     1958 ж. - Арыс қаласындағы С.Қожанов атындағы орта мектепті бітірген.

3.     1958-1959 ж.ж. - Шымкент қаласындағы Калинин атындағы пресс-автомат зауытының жұмысшысы.

4.     1959-1964 ж.ж. - Ташкент қаласындағы В.И.Ленин атындағы Орта Азия мемлекеттік университеті тарих факультетінің студенті, 1961-1964 ж.ж. факультет комсомол комитетінің хатшысы.

5.     1964-1967 ж.ж. - Шымкент педагогикалық институтының аға оқытушысы.

6.     1967-1969 ж.ж. - КСРО Ғылым Академиясының «Әлем тарихы» институтының аспиранты.

7.     1969-1971 ж.ж. - Берлин Гумбольдт университетінің аспиранты, тарих ғылымдарының атағы үшін диссертация қорғаған.

8.     1971-1984 ж.ж. – Шымкент педагогикалық институтының доценті, партия ұйымының хатшысы.

9.     1984-1998 ж.ж. - Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің деканы.

10. 1998-2010 ж.ж. - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті «Әлем тарихы» кафедрасының меңгерушісі.

11. 2010-2012 ж.ж. - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры.

12. 2013 жылдан қазіргі күнге дейін Аймақтық инновациялық университет профессоры.

Мамандығы:       Әлем тарихы саласының маманы.

Марапаттары:

1) Кеңес дәуірінде В.И.Ленин 100 жыл мерейтойының медалімен, облыстық партия комитетінің, облыстық атқару комитетінің бірнеше мақтау грамотасымен марапатталған.

2) ҚР марапаттары: ҚР «Білім беру үздігі», ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ұлы дала патриоты», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. «Арыс қаласының құрметті азаматы».   


Ауанасов 1.JPG

   

Өзінің 80 жылдан аса өмірінде тірнектеп жиған білімі мен рухани қазынасын ұрпақты тәрбиелеуге, мамандарды дайындауға арнаған тарихшы, ғалым Мүсір Ауанасұлының ашқан ғылыми жаңалықтары, елге еткен еңбектері мемлекет тарапынан еленіп, ҚР «Білім беру ісінің үздігі», ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ұлы даланың патриоты», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері болды.

Елі мен жері үшін бойындағы дарынымен қоса адал еңбегі, маңдай терін аямаған асыл азаматқа «Арыс қаласының құрметті азаматы» атағы да берілді.

Бүгін қазақ даласы нар азаматын, дара тұлғасын, үлкен ғалымын қайтпас сапарға шығарып салып жатыр. Тарихты қалай жазған болса, өзінің аты да мәңгілік тарихта қалады.

Ғалым Мүсір Ауанасұлының жұбайына, ұл-қыздарына, шәкірттеріне, жалпы қазақ халқына қайғырып көңіл айтамыз!

"Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді" демекші, ғылыми еңбектері бен жазбалары тұрғанда ғалымның есім-сойы мәңгілік ұмытылмақ емес!