Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Кемелхан Абилеков: Қымызды дүниежүзілік сусын ретінде пайдалануымыз керек

1743
Кемелхан Абилеков: Қымызды дүниежүзілік сусын ретінде пайдалануымыз керек - e-history.kz
Форумның көздеген мақсаты – қазақ халқының ұлттық тағамы «Қымызды» әйгілеудің бастамаларын қолдау, ұлттық құндылықтар мен игіліктерді насихаттау

Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Қымыз-2015» ІІІ халықаралық форумы басталды. Үшінші мәрте өткізіліп отырған форум биыл Астана қаласында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Бұған дейін Алматы, Тараз қалаларында өткен болатын. 

Шараға ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік ұйым өкілдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетелдік елшіліктер, ҚР Фермерлер одағы, Ауыл шаруашылығы саласының зерттеуші ғалымдары, жылқы шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер, және-де Қазақ агротехникалық университетінің студенттері мен ұстаздары қатысты. 

Форумның басты мақсаты – елімізде және шетелде қазақ халқының ұлттық «Қымыз» тағамын әйгілеудің бастамаларын қолдау, ұлттық құндылықтар мен игіліктерді насихаттау арқылы жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, жаһандануға көпұлтты, адами, табиғи және адамгершілік көрінісін беру болып табылады. 

804db11d77ed90f74bac1ea1d1ac4e60.jpg

Аталмыш форум аясында ҚР Фермерлер одағы төрағасының орынбасары Кемелхан Абилеков: Бүгінгі «Қымыз-2015» Халықаралық форумына келіп қатысу себебім, ауыл шаруашылығы саласының маманы болуым. Бүгінгі форумды қазақтың ұлттық танымына, ұлы дәстүрлеріне жаны ашитын, ауыл шаруашылығы саласының білгір азаматтары жүргізіп жатқаны, қуантарлық жағдай. Біздің де бұл сала мамандарымен жұмыстарымыз тікелей қатысты. Мысалы бүгінгі форумға қатысушы, Жамбыл облысынан келген «Заң» ЖШС біздің мүшеміз болып келеді. Ол шаруашылық бүгінде қымыз өңдіру саласы бойынша елімізде жетекші сектор болып табылады. Жаңа оларда форум барысында өздерінің қымыз өңдіру методикаларын түсіндіріп берді. Фермерлер одағы мен кәсіпкерлердің басты көздеген мақсаты қымыздың ұлттық тағам болып қалуына, оның ары қарай өтуіне, дамуына жәрдем көрсетіп, дүниежүзілік тағам ретінде пайдаға жарату. Өздеріңіз форумда естігендей қымыз және жылқы шаруашылығы, өкінішке қарай, мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қалып жатқаны. Оларға болашақта біздің одақ арқылы көптеген қолдаулар мен жеңілдіктер қарастырылады деп ойлаймын», – деді. 

Сондай-ақ, форумда Сенат депутаттары бұрынғыдай қымызбен емдеу ісін қайта қолға алып, қымыз өндірісінің мемлекеттік стандарттарын бекіту қажеттігіне де тоқталды. Биылғы форум аясында жылқы өсіруді дамыту, «Қымыздың» қазақ ұлттық рецепті бойынша өнеркәсіптік өндіріс мәселелері, жылқы шаруашылығының басқа да өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және тұтыну тәрізді өзекті мәселелері қарастырылды.

Алтынбек Құмырзақұлы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?