Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта
31
Желтоқсан

Қазақ фольклорындағы «батыр» феномені

3614
Қазақ фольклорындағы «батыр» феномені - e-history.kz

...Біздің батырлар жырында көп кездесетін «Отқа салса жанбайтын суға салса батпайтын» мотиві дәл қазіргі біздің сана үшін хас батырды әсіре көтермелеу мен адақтау секілді қабылданары хақ.

Осы бір «отқа жанбау» оқиғасының киелі төрт кітап парағында да дерек іздері бар. Бұл көбіне Авраам (исламда Ибраһим) пайғамбар өміріне тиесілі. Көне хисса-аңызда пайғамбар қарсыластары ішіне ақсөңке ағаш жағылып, әбден нарттай қызарған ор ішіне Ибраһимді лақтырғаны баяндалады (Аталған оқиға Құранның «Әнбия» сүресінде де айтылады). Бір қызығы, жоғарыдағы кітаптардың барлығы да бір ауыздан Ибраһим пайғамбардың сол отқа жанудың орнына, керісінше тісі-тісіне тимей дірілдеп тоңғандығын, әрі аталған «қияметтен» аман-сау құтылғанын алға тартады. Әрине, мұның бәрі түгелдей дерлік астарлы әм символдық мағынаға ие.

Біз десекте күдікке жосын ұялатып, бұл хисса дерегіне нанбайтындар қарасының мол екендігін де ептеп ішіміз сезеді. Оқиғаның осылай өрістеп жетуіне басты дәйек болған дүние АДАМ РУХЫНЫҢ күші мен дәргейі ме дейміз. Ибраһим пайғамбар лаулаған отқа неге жанбады?

Бұл нендей заңдылықтардың негізінде жүзеге асты, міне біздің бұған еш бас қатырғымыз жоқ. Керек десеңіз сол пайғамбарлардың өзі ет пен сүйектен жаратылған пенде баласы екендігін есімізден шығарып алғандаймыз. Біз көбіне мұндай тұлғалардың (тұтынған заты мен сақалы секілді) сыртқы сипаттарына ғана еліктегеніміз болмаса, ал ішкі рухани жан қабаттарына атымен де аттап басқымыз келмейді.

Пайғамбарлар мен данышпандардың (дұрысы тұлғаның) басты миссиясы адамды өз танымына тәрбиелеп, өзі жеткен кемел рух кеңістігіне көтеру ғой.

Көне Мирдад кітабындағы бір ғақлия: «Сіздің әр ойыңыз аспанда жалындаған үлкен әріптермен жазылып, ол әр адамға көрінеді деп ойласаңыз, шындығында да дәл солай болады», – дейді.

Ендеше «Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын» ұғымы әсіре сөз емес, адам рухының алапаты мен мүмкіндіктері.

Сол үшін де біздің ілгерідегі бабатаным жау жапырған адамнан гөрі рухы мен нәпсісін игерген осындай жандарға БАТЫР деп айрықша атау беріп отыр. Сонымен батыр дегеніміз көбімізге советтік сана сіңірген қара күш иесі емес, ол өз рухын игерген әулие тұлға.

Жапон пәлсапасындағы жиі ұшырасатын СЕМСЕР мен ГҮЛ үйлесімі де батырдың шын образы (Бұл батырдың сырты семсер секілді сұсты болғанымен іші гүлдей нәзік болуы керек дегенді ишаралағаны).

БІЗ ӨКІНІШКЕ ҚАРАЙ, РУХТЫҢ МҰНДАЙ ЖОЙҚЫН КЕРЕМЕТТЕРІН ЕЛІМІЗГЕ ЕНГЕН МЫНА БІР ВАХАБИЗМ ІНДЕТІНЕН КЕЙІН «БАҚСЫЛЫҚ» ПЕН «ЖЫН-ПЕРІ» ДЕГЕН АТАУЛАРДЫҢ АЙНАЛАСЫНДА ҒАНА ҚАРАП, БЕЛІНЕН СЫЗДЫҚ ТА САЛДЫҚ.

Қысқасы, кешегі коммунистік жүйеден әбден қансырап шыққан қазақ танымын осыбір вахабизм идеясы небары отыз жыл төңірегінде түгелдей дерлік отап тынды.

ЖАЛПЫ ВАХАБИЗМ МЕН БОЛЬШЕВИК ИДЕЯСЫ БІР-БІРІМЕН ҚОЙЫНДАС ЕШ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ЖОҚ ТҮСІНІКТЕР ДЕСЕК ТЕ БОЛАДЫ

Ең бастысы екеуі де азаматтық қоғам мен демократияның, еркін ой мен автономды сананың қас дұшпандары.

Ең өкініштісі біздегі сәләфизм идеясы астыртын діни индексте ғана емес, ол бейсаналы түрде біздің санамызға жаппай жайылып кетті. Мысалы, мәдениет пен өнердегі санасына сақал өсіргендердің әлде бір тосын жаңалыққа келгенде аяғын ат басқандай шар ете қалатыны да сол. Қазақ танымындағы кие мен білім о бастан-ақ екі түрлі категория еді. Әруақ ұғымы да дәл солай болатын.

Біздегі коммунистік бұлғақтан кейін іргелі білім өз арнасынан ажыраса, ал мына сәләфизм індетінен кейін кие мен аруақ атаулы арқамыздан біржолата көшіп тынды. Жалпы аруақ пен әулие феноменіне бір бойламайынша КИЕ мен ТЫЛСЫМ ұғымдарының нарқына жету еш мүмкін емес. Қобыландынының "төрт бұлты" мен Ер Жәнібектің "қос бөрісі", Сүйінбайдың "қызыл жолбарысы" мен Кемпірбайдың "көкала үйрегі", сол секілді Қорқыт пен Қазанғап күйлеріндегі тылсым қамырықты түсінуге қолбайлау болып отырған дүниелер де осы (сәләфтық) ойлау формамыздың түпкі үрейінде жатыр...

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?