Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Қазақ елі» киноэпосы түсіріліп жатыр

3962
«Қазақ елі» киноэпосы түсіріліп жатыр  - e-history.kz
Қазақ тарихының айшықты оқиғаға толы кезеңін суреттейтін «Қазақ елі» көркем туындысының түсірілімі жалғасып жатыр

Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесі Таразда өткен дүбірлі тоймен аяқталған жоқ. Қазақстан жұртшылығының тағатсыздана күтіп отырған тағы бір ауқымды шарасы – «Қазақ Елі» деп аталатын Орда тарихының киноэпосы. 

04b25ec20be9a3d4d7c5137379a9f948.jpg

Осыған дейін Алматы облысындағы Жаркент қаласында түсірілген кино тобы қазіргі уақытта Ұйғыр ауданына қарасты Шошанай ауылында жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазақ ордасының құрылуы тарихын көрсететін ауқымды жобаның алғашқы 10-сериясының түсірілім жұмыстары ресми түрде 7 қыркүйекте Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының аумағында басталған болатын. Елбасы Н. Назарбаев арнайы қатысып, тарихи туындының басталуымен әрі табысты болуымен танысып қайтқан еді. 

a1c6060e5f30260e5aa586a56d2c6340.jpg

Фильмдегі сюжеттер атақты жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының алғашқы томының желісі бойынша түсіріледі дейді мамандар. Мұнда 1465 жылы Қазақ Ордасының шаңырақ көтеруінен бастап Керей мен Жәнібек, Бұрындық пен Қасымдар билік еткен кезеңін қамтымақ. 

4d60a9d28e6af34fe5427337742270f5.jpg

«Қазақ елі» фильмінің түсіріліміне мемлекеттік бюджеттен шамамен бір миллиард теңгенің бөлінгенінен көпшілік хабардар. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет министрі А. Мұхамадиұлының араласуымен жобаға меценаттар қолдау күтілді, нәтижесінде тоқтауға айналған жоба жалғасын тапты. Қазір 100 миллион теңге шамасында қаражат жиналған. 

4320491bf8cfbb35a272e5a214d17af7.jpg

«Тарихи картинаны жасау оңай емес, қазір әлемдік дағдарыстың кезі. Мұның бәрі әсер етті. Кешіктік, қиындықтар болды. Барлығымыз жұмылып, мақсатты орындағымыз келеді. Үлкен түсірілім тобымыз бұл істі махаббатпен, патриоттық сезіммен істеп жатыр. Біз қыруар қаржы таппаймыз. Алайда әр кадрдың кәсіби болып шығуы үшін қолымыздан келгенді жасап жатырмыз. Осы ірі жобаның бөлшегі болғаныма қуаныштымын», – деді «Тенгриньюс.кз» тілшісіне берген сұхбатында режиссер Р. Әбдірашев. 

3a063c8fd3818218f6d951cdef6b30c8.jpg

Шошанай ауылы маңындағы түсірілім сәтінде Керей мен Жәнібектің Жетісу жеріне ауатын кезі экрандалуда. Көш кезінің түсіріліміне 200-ден аса адам, 150 жылқы және 10 түйе қатыстырылған. 

817d7f602649e3a5a344bceaa8e01dbe.jpg

Сондай-ақ тарихи киноға қазақ өнер жұлдыздары Қайрат Кемалов (Керей), Еркебұлан Дайыров (Жәнібек), Аян Өтепберген (Бұрындық), Мейірғат Амангелдин (Қасым), Бекболат Тілеухан (Қазтуған), Досхан Жолжақсынов, Димаш Ахимов, Шұғыла Сапарғалиқызы (Керейдің әйелі), Мадина Ысманова (Жәнібектің әйелі) ойнап, тарихи тұлғалар ролін сомдайды. Серияға хакасия, Моңғолия мен Қырғызстанның да актерлері тартылды. 

7caf5aaceaa471a395f848da8f60a89b.jpg

Ал орындалуы қиын трюктерді, ат үстіндегі әрекеттерді, соғыс-ұрыс көріністерін әлемге әйгілі «Номад» каскадерлік тобы (Ж. Күнғожин) орындайды. Ал 15 қарашада түсірілім тобы Қапшағайға аттанбақ. Материал барысында «Қазақфильм» киностудиясының фотосуреттері пайдаланылғанын ескертеміз.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?