«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

#Қазақ диссиденттері: «Банды» атанған Аманғали Кенжеахметұлы

7771
#Қазақ диссиденттері: «Банды» атанған Аманғали Кенжеахметұлы
Аманғали Кенжеахметұлы (1887-1928) - 1925 жылы Нарын өңірінде Кеңес өкіметінің әділетсіздігіне қарсы шығып, соның салдарынан ұзақ уақыт бойы қуғын көрген жандардың бірі. Жазықсыз жалалы болып жұрт арасында «банды» атанғаны болмаса, шынайы өмірде шыншыл, әншілік, серілік, палуандық секілді жігітке тән өнердің біразын бойына қондырған азамат болған.

Аманғали Кенжеахметұлының жай адам болмағанын

 

«...Менде бір ұлың едім күміс көмей,

Сөзімді түсінуге тырыс кедей.

Неліктен Аманғали Нарында жүр,

Еліктен Тайсойғанда Құныскерей?

немесе

 

Қолымда бір қамшым бар сәліңгірдей,

Кей жаман сөз сөйлейді әлін білмей.

Бір сері ел ішінде жүрмей ме екен,

Соңыма неге түстің бәрің бірдей?!» деген өлеңдерінен де байқауға болады.


Аманғалидың 1928 жылы ГПУ-НКВД тобымен атысу кезінде қаза тапқаны белгілі.

Зерттеушілердің жазуынша, Аманғали он екі ата Байұлына жататын Беріш руынан (оның ішінде Себек) тарайды.

Бір әулеттен он бала болған. Аманғали солардың үлкені болған. 1916 жылғы атышулы Маусым жарлығы бойынша, майданға қара жұмысқа алынады. Алайда келесі жылы күтпеген жерден ақпан революциясы (1917 жылы) болып, қара жұмысқа алынған боздақтар үйлеріне қайтады. Аманғали да солардың қатарында елге оралып, үкімет жұмысына араласа бастайды. Милиция қатарына алынады. 1918-19 жылдары Нарын өңірінде кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. 1921-22 жылы Нарын құмы бойындағы шайқастарға қатысып, Серов, Киселев секілді ақ гвардияшыларға қарсы ұрыстарға атсалысады.

Бірақ өз қызмет етіп жүрген жүйенің артында үлкен шикілік барын сезген Аманғали біртіндеп қызыл жүйеден ат құйрығын кесе бастайды. Іздегенге сұраған демекші, сөйтіп жүргенде ағайын арасында дау туындай қалады. Осыны пайдаланып, «жұртқа өкпелеп» Аманғали құм арасына кетіп қалады. Содан қайтып оралмайды. Ұзамай Аманғали Кеңес одағына қарсы бандылар тобына қосылыпты деген сыбыс тарайды.

Жүйеге берілген адамның бұлайша қызметін тастап, құмға барып, бандылар тобына қосылып кетуі үлкен шу тудырады. Ұзамай Аманғалиды ұстап әкелу мақсатында арнайы топ құрылады. Алайда, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгеріп қалған Аманғали оңайлықпен қолға түсе қоймайды. Керісінше, Ордадан (Бөкей губерниясынан) шыққан әкімшілік тергеуші Е.Шкоков бастаған қарулы отрядтың өзін тұтқынға алады. Олардың ішінде тергеуші Е.Шкоков пен 4 бірдей болыс мүшесінің уездері бар еді.

Іс насырға шаба бастағанын сезген отряд жетекшісі Шкоков сол жерде Аманғли тобын келісімге шақырады. Тұтқындарды босатып, өз еріктерімен қаруларын тапсырса, қудалаудың тоқтайтынын айтады. Осылайша, келісім жасалып, Аманғалилар тобы тұтқындарды босатып қоя береді.

Алайда шолақ белсенділер Аманғалидың соңына түсулерін қоймайды. Аманғали амалсыз 1925 жылы Бұхара өтуіне тура келеді. Сол өңірдің ревкомы Тобанияз Әлниязовтың ауылына барып бой тасалайды. Алайда ол шарасыздан Аманғалиды ұстап береді. Осылайша ол қолға түсіп, Орал түрмесіне жөнелтіледі. Бірақ ол түрмеден ебін тауып қашып шығады. Өзімен бірге еш жазықсыз сотталған тағы екі адамды ілестіре кеткен Аманғали 1926 жылы біржолата күрескерлік жолға түседі.


Бірақ күрескерлік жол Аманғалиға оңайға түспейді. Атыс-шабыс кезінде қасындағы серіктерінен айырылады. Аманғалидың соңына түскен жазалаушы отряд ұлы Нағымжанды, зайыбы Мұхсина және басқа да туған-туыстарын қамауға алып, кейбіреуі оққа байлайды. Аманғалидың зайыбы Мұхсина мен үш інісі жазықсыз сотталып, екі інісі (Мұқанғали, Әндірғали) атылып кетеді, Тір інісі (Үмбетқали) мен тағы бір жақын туысы (Есмұрза) Финляндияға өтіп кетіп, аман қалған. Тек Аманғалидың бір қызы ғана аман қалады.

Аманғалидың өзі 1928 жылы 11 қаңтар күні немере інісі Тайыр екеуі куғыншылар қолынан қаза табады.

Аманғали Кенжеахметұлының зираты Атырау облысы Құрманғазы ауданының Қарағайлы деген жерінде жатыр. Зайыбы Мұхсинаның зираты Батыс Қазақстан облысына қарасты Казталовка деген ауылы маңында жатыр.

Жұр арасында Аманғалидың әні делінетін әндер өте көп. Солардың бірнешеуі А.В. Затаевичтің «Қазақтың 1000 әні» кітабына енген екен.

Аманғали туралы белгілі композитор әрі жазушы Ілья Жақанов, Атыраулық қаламгерлер Т.Тінәлиев, ақын Т. Досымов, сондай-ақ Л.Қапашев әдеби-көркем шығармалар және зерттеу мақалалар жазып, деректі кинофильм түсірген. Жазушы Есенжол Домбаевтың «Жаман жәутік» романының кейіпкері осы Аманғалидың прототипі болғанын айта кету керек.

Сол секілді белгілі жазушы, зерттеуші Ләтифолла Қапашевтың «Банды Аманғали ісі» деген деректі кітабы шыққан. Автор бұл еңбегінде қазақтың Аманғалидай серісінің қалайша банды атанғанына тоқталған.

«Иә, қазақтың осынау серісі қалай банды атанды? Немесе Аманғалиды осынша алындырған қандай трагедия? Соны ғана сөз етейін», - деп атап өткен автор Аманғалидың «банды» атанып, елден кетуіне сол кездегі ағайынның алаузыдығы ғана емес жүйенің озбырлығы, бауыр арасына от салып, елді қырқыстырып қоюды жақсы меңгерген советтік система әсер еткенін айтқан. Осыны көрген Аманғали амалсыз, қару алып, банды болған.

«Отызыншы жылдардың басында Атырауда ФЗО-да менің аға досым Аманғалиұлы Нағымжан болған. Осы Нағымжанға сәби күнінде атастырған қыздың әкесі Қайыр Қарымбаев бата бұзып, әрі алған қалыңмалды қайтармаған. Ардан жаратылған Аманғали амалсыз Кайыр ауылын шапқан.

Cеріні судья Жұмагали Жанғожин соттамасқа шарасыз. Ауыл төрағасы Отарғали да солай. Ақсақалдар бітістіре салатын заман емес. Өз ауылынан үкім арқалап сытылып келген Аманғалиды көріп отырып, ұстап беремесе Адай уезінің правителі Тобанияз да өз басына пәле тілеп алады.

Ал Орал түрмесінен қашып шыққан Аманғали жан сақтау үшін енді жалғыз жүрмей, жасақтанып, бой тасалайды Бірақ, іс насырға шапты. Елдің бетке ұстар беделділерін бір-біріне айдап салып кұрту, ГПУ-ға керегі де осы еді. Ол Аманғалидың соңына атты әскер салды, елдегі туыстарын түгелдей қуғынға ұшыратты. Бір орайда орыс ескері - Аманғали тобынан Нағымды да қолға түсіреді. Қаскөйлік онымен тынған жок. Жұмағалидың інісі мен баласын Аманғали өлтірді деп келдік.

Бұдан кейін ол банды атанбағанда қайтеді? Бірақ кейін есі кіріп, көзі ашыла бастағанда елден естігенім, әлгілерді Аманғали тобына кірген чекистер жансызы өлтірген. Сол расқа келеді. Бәсе, бәсе, өйткені: үйіне Оралғали екi барып, хайуанды өлтіруге қия алмадым", - деп кісі қанын төгуге қолы бармайтынын ол өзінің өлеңінде де айтады. Қас дұшпанына соншалык қимастык жасаған адам бейкүнә балалар обалын арқаламайды. Сол жансыздың бірі сонынан Аманғалидың жансерігі - жұбайы Мухсинаны да ұстап береді», деп атап өткен автор өз кітабында.

Автордың жазуынша, ел жұрты қанша жерден тілеулес болып, жасырып бақса да Аманғалиды ұзақ сақтай алмаған.

«Ел іші Аманғалиды қанша жасырса да үш жылдан артық сақтай алған жоқ. Оған қоса талай боздақ қыршынынан киылды. Ал соның артынша Аманғалиға қарсы жұмсалған Жұмағалиды да, Отарғалиды да, Тобаниязды да сол ГПУ, сол НКВД өз қолынан о дүниеге аттандырды.

Бүл трагедия кұрбандарының, яғни бейкүнә төгілген қанның өтеуі Аманғалидың осынау саздары мен сөздері. Осы халық жетпіс жылдай жeң ішінде сақталы. Иә, бұл аяулы азаматтың аса қымбатқа түскен асыл аманаты еді-ау», дейді Ләтифолла Қапашев.

Сұрасаң менің атым Аманғали

Болғай еді құдай панам Алла жары

Қазағым мені көрсе банды дейді

Мен, сіра, шапқаным жоқ қазынаны...

«Аманғалидың ата қонысы Нарын құмынын күншығыс жағындағы Тума деген жер, Көкалашағыл деп те аталады. Казipғi Индер ауданына қарасты «Нарын» кең шарынын жайлауы. Молшағыл құмының жалғасы болып келеді.

Аманғали он екі ата Байұлынын Беріш руынан. Оның ішінде Кемесей-Себек Беріш. Әкесі Кенжахмет, арғы атасы Қоржымбай деген адамдар. Анасы - Тағжан. Кенжеахмет пен Тағжан балаларының туған жылдары:

Аманғали 1888 ж. Зияш (кызы) - 1890 ж. Мұқанғали - 1892 ж. Қуанғали - 1894 ж., Сақыш (кыры) - 1896 ж. Әндірғали - 1899 ж., Кадиша - 1900 ж. Сүндетқали - 1902 ж. Үмбетқали - 1905 ж., Нәсия (қызы) - 1902 ж.

Аманғали сол он баланың үлкені. Өр мінезді, намысқой, өте пысық, батыр түлғалы палуан, оған қоса сауықшыл серілігі тағы бар. Ат бәйгеге түссе, өз үлесін жібермейтін ат бапкері, тазы жүгіртіп аң аулайтын сұрмерген», деп жазады автор.

fTE5E4wohDw.jpg

Ләтифолла Қапашевтың жазуынша, Аманғалиға бар өнер әкесінен дарыған.

Осы күнге дейін ағайындардың арасында ол туралы мынадай бір әнгіме бар. Кенжеахметтің жастау кезі болса керек. Бірде қазақтар мен орыстар жиналған жәрмеңкеге бара калса, бірнеше казакорыс жалғыз қазаққа жабылып, көкала қойдай етіп сабап жатканының үстінен түседі. Шамасы, Кенжеахметке сол орыстар ептеп таныс. Үстіндегі бар киімін шешіп тастап, iшкiмiмен басқа атқа отыра сап, қолына дойыр қамшы алып, әлгілердің арасына жалғыз өзі түскен екен. Казак-орыстарды оңды-солды шыңғырта сабап, үйді-үйіне қуып тығып, әлгi қазақ бауырды арашалап алады. Енді көзіңді күрт, әйтпесе мыналар сені өлтіреді" депті. Басы жарылған қазекем әрен кашып құтылады. Әлгі казак-орыстар күллі селен болып бері жиналып келгенше Кенжеахмет киімдерін киiп, өз атына мініп үлгеріпті. Орыстар өздерін соқыға жыққан қазақты іздеп сабылып жүрсе, орталарында танысы Кенжехмет те бірге бопты. Таба алмай, айрандары қара су болып, әбден шаршаған казак-орыстар өздерін жәбірлеген адамды тауып, сазайын беруді ақыр соңында Кенжахметтің өзіне тапсырыпты дейді.

«Банды Аманғали ісі» кітабында Кенжеахметтің арғы аталарының ауқатты, ал өзі кезінде Бегалы правительдің писарі болғаны айтылады.

Аманғалидың бәйбішесінің есімі Сәбила болған. Автордың жазуынша, Берiштiн Бегіс руынан тарайды. Қажы Алдоңғардың ұлы Құбаштын қызы. Аманғалидың Сәбилардан туған бес баласы болған.

Сұрасаң менің атым Аманғали.

Болғай еді, өз пана Алла жары

Азамат қайда жүрсе күнін көрер,

Артымда қалып барад бес жас сәби.

1. Қызы Рахила - 1910 жылы туған, Атырау облысы, Исатай ауданы, Жамбай аулында турган. Он баласы бар. 1991 жылы қыркүйек айында дүниеден озды.

2. Нағымжан - 1912 жылы туған. Нағымжан Ұлы Отан соғысына бір аяғынан айрылған. Алпысыншы жылдары ұйымдаскан есерлердің қолынан Атырау қаласында қаза тапкан. Әйелі, үш қызы Атырауда тұрады.

3. Ұлы Қадымжан - 1915 жылы туған, Фин соғысында қаза тапқан.

4. Қызы Рахима - 1918 жылы туған, Атырау облысы, Мақат станциясында тұрады, бір қызы бар.

5. Кіші ұлы Қадыржан - 1921 жылы туған, Ұлы Отан соғысынан оралмаған.

1920-1921 жылдары Аманғали әулеті екі рет казалы болған. Әуелі әкесі Кенжеахмет кезік ауруынан қыста, ал келер жылы жазда Аманғалидың бейбішесі Сәбила дүние салады.

Аманғалидың үлкен қызы Рахила әжейдің айтуынша: Сәбила кайтыс болғанда ең кішілері Кадыржан тек қырқынан жаңа шыккан сәби болған.

Айтпақшы, Ләтифолла ағамыз бұл еңбегінде Аманғалиға қатысты әлі де зерттелмей жатқан, тарихшылар назарынан тыс қалып жатқан дүниелердің көп екенін айтады.

Солардың бірі – оның құмға кетуі.

«Нарын өңірінде Кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдары Аманғалидың милиция катарында қызмет істегені рас. Сонымен қатар, Азамат соғысы жылдары қызылдардан соққыы жеп, шегінген Серов, Киселев отряттарына қарсы Шолақтау жерінде жорыкта жүргені, қарамағындағы 30-40 қызыл әскерге командир болып, қазақ жерін ақ бандылардың қанды сойқанынан азат етуде еңбек сіңіргені шындық. Ол кезең әлі дұрыс зерттеуді керек етеді» деп атап өткен ағамыз Аманғалидың құмға кетуіне себеп болды делінген бірнеше түрлі себепті атап өткен.

«Міне, осы кезде Аманғалидың өмір сахнасына оның бұрынғы құдасы, Жаппас руының адамы Кайыр Карымбаев келіп шығады. Кайыр кім? Ол Аманғалимен көрші ауыллардың бірінде тұратын өзінің замандасы, әрі саудагер бай. Әрі карта ойынына өте құмар адам. Қайырдың бәйбішесі пұшпағы қанамаған кісі екен, тек бауырына басып өсіргені бір ұл, бір кызы болған. Сол қызға Аманғали ұлы Нарымжанға бесік құла болып, әрі қалың малын беріп қойған» деп атап өткен ол ары қарай белгілі жазушы Хамит Ерғалидан естіген дерегін келтіреді:

Аманғaли тағдырының әлеуметтік негізінде не жатыр? Кайыр бай... Рас, Қайыр мен Аманғали бесік құда. Қайырды оған кім итермеледі, бір құлайдың өзі біледі. Амал не, жаратылысы дәйексіз. Қайыр құлалық сертінен тайды. Аманғалиды «кедейсің, теңім емессің!» деп кемсітті. Қызын бермеген.

Сол секілді екінші нұсқасында екі құданың арасына оттың түсуіне жұйрік ат себеп болғаны айтылады. Дәйек ретінде Аманғалидың қызы Рахиланың сөзін келтіреді:

Рахила әже енді бір әңгімесінде: «Әрдайым бəйгіге сайгүлік қосатын ат бапкері әкеміздің жақсы көретін үш аты болды. Соның біреуі «Кара жорға» атанған, шапқанда жорғалап отыратын жүйрік еді, соны Кайыр калыңмалға қосып сұрап алды

Ал келесі бір жолы Кайыр той малына деп екінші жүйрігі «Кара бедеуді» сұрауы әкемді ренжітіпті. Сонда ол: «Айырылысар дос ердің артқы қасын сұрайды» деген, мен саған мінген атымды түсіп бере алмаймын деп Қайырға жауап берді", - дейді. Міне, бұған Қайырдың да көңілі қалды. Осылай іштей араздықтың оты кезекті бір кездесуде лап ете түскен.

Сонымен қатар, бұл кітапты Аманғалидың туған құдасы Әбдірахманнан жазылып алынды делінген тағы бір нұсқа келтірілген. Онда Аманғалидың Қайырмен көршілес бір ауылда карта ойнау барысында астындағы атынан ұтылып қалғаны айтылады. Жаяу қалған Аманғали ер-тұрманын арқалап, құдасы Кайырға келіп, ауылға жетіп қалуға ат сұрайды. Үйде Қайыр жалғыз екен, ол Аманғалиға, алдында атын ала алмаған өкпесі бар, онша жылы қабак таныта коймаған. Оған қоса Кайыр бай соңғы кездері біраз кедейленіп калған Аманғалиды менсініңкіремей жүрген. Аманғали да сол кезде құдасы туралы ел арасында бір жағымсыз әңгіме естігендей. Қайыр тағы қулық жасап, Haғъмжанға айттырған кызын бір милиция бастығына беруге жасырын құда түсіп койған көрінеді. Сол жерде екі құда арасында оңаша біраз ұрыс-керіс болған. Осылай ренжіп отырған екі құданың үстіне Аманғалидың інісі Мұқағали кіріп, оған ағасы болған жәйді айтады. Сонда інісі «біз құдандалы адамдармыз ғой» дейдi, бiрак өр мінезді Аманғали көнбей: «Сен барып ана құдық басындағы биені маған ертте, желіні кес, қалған жылқыны айдап әкетеміз!», - деп Қайырға естірте айтады және соны інісіне істетеді.

432afb5db93ac5467ae712765427594b_XL.jpg

Ол кезде Аманғалидың тұрган жері Бөкей губерниясы (орталығы Ордa) Teңіз уезіне (Ганюшкин) караган. Міне, сол Ганюшкинге Қайыр үсті-үстіне арыз түсіреді.

Әнші Куанғали Жұмалиевтің айтуынша: "Сол кезде болім милициясы Амангалиды бәйбішесі Сәбиланың інісі - Алдоңғаров Табылды екен. Оған адам косып, бастығы «сен жездеңе айтып, Кайырдың малын қайтар, көнбесе оны осында жеткіз» деп жібереді. Ал Аманғали олардың сөздерін тыңдамай, каруларып тартып алып, өздерiн коя берген.

Айтпақшы, бұл кітапта Атыраулық тұрғыны, Мүбәрақ Кенжеғали есімді қарияның естелігі бар. Қария өз естелігінде Аманғалидың озбырлықтың құрбаны айтылған.

«Аманғали өзіміз сияқты қарапайым азамат еді. Бірақ қайсар, бірбеткей. Денесі ірі, өте қуатты адам болатын.

Аманғали оқиғасының негізгі себебі – әкімдер мен байлардың жарлы-жақыбайларға жасаған озбырлығы, ойыннан өрбіген өрт. Патша өкіметі құлап, Кеңес өкіметі келген соң шала сауатты белсенділер. «Елді серіктестікке біріктіреміз, үлкен өзгеріс болады. Байларды қуамыз, кедейлер өкіметін орнатамыз», - деп ұран тастаған. Сол кезде елге бір милиция керек болып, оған Аманғали үйлесімді деп көндіріпті. Бұл 1920 жыл, әкесі Кенжахмет орта дәулетті адам, малын алты балаға бөлгенде, алты кедей үй болып шыға келген.

Аманғалидың қолына винтовка беріп, өзінің міндетін түсіндіргенде қобалжып қабылдаған деседі. Осы елдегі халықтың бәрі ағайын, бәрін жақсы таниды. Сол жылы жоғарыдан әкімдер келіп, ауылдан бай адамды алғаш кәмпескелеп, өзін Үйшікке (Атырауға) түрмеге жөнелткен. Оны Аманғалиға айдатады. Сонда Аманғали уездік милиция бөліміне қаруы мен құжаттарын тапсырып, өзі қайтып кеткен. Кездескен таныстарға: «Маған бұл жұмыс үйлеспейді екен, өзім жақсы білетін ағайындарды түрмеге айдап апару оңай емес», - деп түсіндірген.

Екі құда арасындағы керістің соны жанжалға айналады. Аманғали Кайыр құдасынан малдарын әкеткенде, ол үн түнсіз қалған. Арада бір жеті өткен соң сот Жұмағали Жанғожин Қайырды өзіне шақырып., «Ay, Қайыр, сені Аманғали шауып, малыңды әкетіпті ғой. Неге маған келмей жатырсың?» — деп ұрсады. Сөйтсе бұлар алдында бәрі бірге карта ойнаған, Жұмағали мен Қайыр алдын-ала келісіп, Аманғалиды ұтқан екен. Қайыр

— Мал алуының негізі бар, тек соны үстемелетіп әкетті, дегенмен қалғанының қайырын берсін, Малды енді үкімет те алатын сияқты, соны сізге айтып қайтем деп едім.

Жұмағали:

— Ау, сен жұрттың зорлығына көне бересің бе? Өйтсең малың қала ма? Қазір қолыңнан болысқа арыз жаз. Аманғалиды заңға тартамыз! – дейді.

Және оны көндіреді. Жұмағали арызды уез басшыларына апарып, болған жағдайды айтып, карымта қайыру үшін адам сұрайды. Шыққан адамдар Аманғали ауылына келіп, малын Қайырға кайтарады. Артынан Аманғали уезге шақыртылады, бірақ ол бармайды. Оны ұстауға енді милиция отряды шығады. Аманғали атысады, бірақ берілмейді. Болған жайды түсініп, Аманғали Қайыр мен Жұмағали ауылына барса, олар қашып, үйлеріне жоламай қояды. Жұмағали қауіптеніп, Аманғалиды ұстап әкетуге бірнеше рет милиция шақыртып, ұстай алмаған соң, енді айлаға көшеді» делінген ақсақалдың естелігінде.

Қыс айы желтоқсанда Аманғалиға хат жазып, «ағаттық кетті, кешірісейік!» деп хат жазады. Осылайша Аманғалиды қолына түсіріп, соттатып жібермек болады. Солай болада да. Отырыс үстінде дайындап қойған адамдары Аманғалиға бас салады. Бірақ амалын тауып қашып шыққан.

Содан басында айтып өткеніміздей, Аманғали Бұхара асып, Адай билеушісі Тобаниязға барады.

«Аманғали ол жерде алаңсыз екі айдай болады. Уездік милиция бұл кезде Аманғалидан мүлдем көз жазып қалған. Бірақ жер-жерге тыңшыларын, жансыздарын жіберіп, қалайда ұстауды жоспарлайды. Осындай ұсыныс Тобаниязға да кеп түседі. Ол Аманғалиды өзіне шакыртып кеңес береді.

- Сен. Аманғали, еш нәрседен сескенбе! Адам өлтірген жоқсың, ешкімнің нәрсесін жөнсіз алған емессің. Осы жүрісің не, өзіне де бос сергелдең, тыныштық та жоқ, ел де кейде дүрлігіп қалады. Кеңес өкіметі кінәсіз жанға, жарлы адамға тимейді. Мен уез басшыларын білемін, милиция жағында танимын, соларга айтайын. Сен өзің кейбір кінәні мойындап барып, кешірім сұрасаң қалай болар екен?

Аманғали біраз ойланып, келпсiм берген соң, Тобанияз хаттен уезден милиция шақыртады. Келген қазақ офицер мен солдатты қарсы алып, Аманғалиды шақыртып, офицермен бірге қонақ етеді. Қай-қайсысына да айтып түсіндіріп, өзі де қағаз жазып береді. Аманғали қаруын Тобаниязға қалдырып, келгендермен ілесіп Үйшікке кетеді. Бірақ мұнда Аманғалиға Қайырдың, Жұмағалидың, Отарғалидың арыздары бойынша кінә тағылып, бес жылға Оралға айдалады.

Тұрмеле алты ай жатып, келер жқылы жазғытұрым, қасында Мұхамбетберлі және біреу бар, тас үйдің іргесін түнде шам жағуға берген керосині кызыл тасқа күнде құйып, ерітіп кеседі де қашып шығады. Сөйтіп Аманғали өзі жауласқан адамдарынан кек кайтару үшін ауылына келеді. Сосын ол Қайырдың ауылын тауып, малын жарлыжақыбайларға таратады. Соңынан Жұмағалидың да ауылын тонап, малын қару-жараққа айырбастауға қарекет жасайды. Қайыр, Жұмағали, Отарғали ұстатпай кетеді, тек Аманғали өлген соң, конфескеге ұшырап, өздері айдалып, жоқ болады...

Осыдан кейін Аманғалиды, қолға түсіруге белсенділер көбейе бастаған.

Сонда ол:

Амандым Аманғали – Сәліңгірдей,

Соңыма неге түстің бәрін бірдей.

Әділет іздеп жүріп «банды « аттандым,

Мен емес жүрген адам әлін білмей, - деген екен.

Аманғали ең соңында көп әскермен жалғыз өзі атысып өлген», деп атап өткен Мүбәрақ Кенжеғали ақсақал өз естелігінде.

Белгілі жазушы, зерттеуші Ләтифолла Қапашевтың «Банды Аманғали ісі» деректі кітабында кейіпкерімізге қатысты біршама мұрағаттық деректер қамтылғанын айта кету керек. Автордың жазуынша, еңбекті жазу барысында үш бірдей іспен танысқан.

Олар:

1.     N 671 1892-іс – «Ерғали Аязбаев, Кенжахметов және - басқалары туралы» (14 том).

2.     No 92-іс – “Сабитов Боқай және басқалары туралы" (5 том).

3. No 289-іс – «Кенжахметов Әндірғали туралы қылмысты іс" (2 том).

Бірінші және үшінші архивтік істермен Алматыда ҚР Бас прокуратурасының ғимаратында 1993-1994 жылдары (желтоксан наурыз айларында), ал екінші ( 92) іспен - 1993 жылы мамыр айында ҚР Жоғарғы Сот кеңсесінде таныстым деп жазады.

Айтпақшы, Аманғалидың артына түскендер жұртты үркіту және оның атын қаралау мақсатында неше түрлі сыбыстар таратып, «сақ болыңдар, ауылдарыңды шауып, малыңды талайды» дейтіндердің болған да айтылады. Ал іс жүзінде Аманғалидың жалпы халыққа еш зияны тимеген. Бұл сөзімізге дәлел ретінде тағы бір куәгердің естелігімен бөлісуді жөн санап отырмыз.

Ол - Алматы қаласының тұрғыны, дербес зейнеткер. Орайхан Құспанғалиев ақсақал. 1915 жылы Атырау облысы, Индер ауданы, Толыбай ауылында туған. Ол кісі былай дейді:

«Аманғали такырыбын көтеруді өз басым өте дұрыс дел санаймын. Керек-ақ... Есіресе жастар білу керек, одан сабақ алу керек...

Аманғали уақиғасы сол кезеңдегі тап күресінің нәтижесі Ол өзі жай, кара шаруа, әрі кеткенде орта шаруаның адамы. - Бірақ батыр, өр мінезді. Аманғали тағдырының бұлай болуы - ол байлардың жасаған ісі деп білеміз. Оның құдасы Кайыр Қарымбаев та, дәрігер Отарғали Мұқышев пен сот Жұмағали Жанғожин де бай кісілер болған. Олар қарапайым Аманталиды өздеріне қаратқысы келді, оның басын өздеріне игілері келді. Аманғалиды менсінбеді, жарлы деді. Мүмкін Аманғалиды барымташы ретінде қолшоқтар етіп жұмсағылары да келген шығар, кім білсін. Өздері біркыдыру қатар қоныстанған, бұл азаматтар бір-бірімен араласқан ауыл адамдары. Соңынан Аманғалиды банды атандырып жүргендер де солар.

Мұнысымен қоймай олар Оралдан, Ордадан, Атыраудан, дүркін-дүркін отряд шақыртып, атыс-шабыс болып, тұрганы да сондықтан, Әйтпесе Аманғалидың қара бұкара халыққа зияны тимеген. Оны халқы әр кез құшақ жайып қарсы алушы еді, оған ән салдырып, әнін тыңдаушы еді. Елдегі ауыл қарияларынан естігенім: «Сол байлар, Аманғалидың қыр соңына түсіп қайтеді екен? Мазаламай-ақ койса да болады ғой дейтін. Ел болған соң ауыл арасында ондай бір намысқор, өз дегенімен жүріп, өзгеге көнбейтін, батыр мінезді адамдар міндетті түрде болады.

Енді сол Аманғалиға байланысты бір-екі эпизодты айтайын, Бірі - өзіміз жәй шаруа ауыл болдық. Біздің ауыл Аманғалидан ешқандай зәбір корген жок. Бала күнімде бірде кыдырыстап жазда нағашыларымнын ауылына бардым. Барсам, ол ауыл абыр-сабыр. әОйбай, Амангали келеді екен. Ол келсе ауылды шабады» деп әбігерге түсуде. Киіз үйлерін қоңырлықтан көшіріп, құм ішіне, ойпаң жерге тіккен, шағыл басына қарауыл қойған. Маған осының бәрі ерсі көрінді. Онымен Аманғали келген жок. Кейін ол туралы ауыл ұмытып та кетті.

img5.jpg  

Бір қызығы, Аманғалиға қатысты істер сақталғанымен жауап алу барысындағы құжаттар табылмаған.

«Бірақ бір ақиқаты, Аманғали тұтқындалғаннан Атыраута (Гурьевке) емес, бірден Орал қаласына жөнелтілген. Сонда түрме үйінде тұтқында болған. Талай тергеуден өткен. Өкініштісі, мұрағаттық істе Аманғалидан ешбір жауап алу хаттамасы сақталмаған. Тек осыншама үлкен архивтік істің: он үшінші томының бір бұрышында Аманғалиды айыптау қорытындысы ғана тіркелген. Онда тек жалаң айыптау қорытындысы ғана. Оның мазмұнынан ұққанымыз: Аманғалиға Орал түрмесінде жеке-дара іс жүргізгендей, себебі, айыптау, қорытындысында, соның беттеріне сілтемелер жасаған. Ал Аманғалиға қандай сұрақтар қойылды, оған калай жауап берді, екінішке орай, одан мәлімет жоқ. Тек қолға түскен Аманталиға барлық айынтарды аямастан үйіп-төккен, оны айыптау қорытындысы бастан-аяқ айқындап тұр жоне оның мазмұнын да қайталап жаза берген.

Ал осыдан кейін Аманғалиға сот болды ма, болса, оған қандай жаза берді? Ол жайлы бірде-бір құжат сакталмаған. Осы материалмен таныса отырып көзіміздің жеткені Аманғалиды әрине, кеңестік заң жолымен Жұмағали Жан ғожин соттамаган. Бұл – ақиқат! Айыптау қорытындысы 1925 жылдың аяғында дайындалған

Тексеру орындарының тәртібіне сенсек, архивте сакталған «істерді жыл өткен сайын қайта қарап, құжаттарды тексеріп отыратын көрінеді. Оның күштерін жойған кейбір жарамсыз немесе басы артық деген парақтары архивтік істерден алынып тасталады екен. Сондай парақтар Аманғалидың ісінен де алынып тасталынбады ма? Осындай күдікті ойдың туындауы заңды ғой», деп атап өткен автор айыптау қорытындысын келтірген.

Айыптау қорытындысы

Орал губерниясы, Бөкей уезі, Шаланды болысы, екінші ауыл азаматы Алманғали Кенжехметовті сотқа тарту туралы.

Аманғали Кенжеахметов, жанында тағы біреулер бар, 1922 жылы жылқы барымталаумен шұғылданған (lс беті - 40). Бұған қоса Аманғали Кенжеахметов, бұрынғы милиция қызметкері, взвод командирі болып ақ гвардия бандыларына қарсы күрескен, ол 1921 жылы өз айналасына қылмыскерлерді, партияда жоқтарды жинап, Орал губерниясы аймағында әскери әрекеттер көрсете бастаған

1923-25. жылдар аралығында Аманғалы Кенжеахметов Кеңес өкіметі адамдарына және жекелеген адамдарға қарудың күшімен дүркін-дүркін қыр көрсеткен. Совет мекемелеріне

шабуыл жасап, өкіметі уәкілдерін тұтқындаған. Оларды қарусыздандырып, мөр, басқа да іс қағаздарын қолға түсірген,

Аманғали Кенжахметов қасындағы серіктерімен осы - жылдың мамыр айында (демек, 1925 ж. - Л.К.) Бает - болысындағы мал дәрігерлік пунктін талқандап, дәрігердің әйеліне тағы біреудің зайыбын қосып, өздерімен бірге ықтиярсыз ілестіріп әкетеді.

Сосын Бает болысынан өтіп, Адай уезіне барған, сонда біраз жасырынып жүрген, тек оны ұстап, өкіметі орнына тапсырған соң серіктері жан-жаққа қашып ұстатпай кетті.

Аманғали Кенжахметовтің қылмысы агентуралық малiметтермен дәлелденген. Оәси ОГПУ Орал губерниялық - бөлімінің және тағы басқа органдардын, бірнеше уездердің көрсеткен қағаздары куә

Алдын ала жүргізілген тергеуде мыналар анықталды:

Айыпкер Аманғали Кенжахметов өзі мойындағандай, айналасына өкіметтен қашып-пысып жүргендерді жинап, қарулы топ құрған. Өзі бұрын Бает болысының кейбір түрғындарымен рулық қатынаста жауласу әрекеттерін жасаған. Осындай әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар (Аманғали өзі атап көрсеткендей, оны қарулы топ құруға мәжбүр еткен (Іс беттері - 67-74).

1924 жылы Аманғали Кенжахметов өзінің сыбайластырымен бірнеше дүркін арандатушылық әрекеттер жасады, соның ішінде егінді жерді дұрыс пайдалану жөнінде бас қосу да жұрт алдында шатақ шығарып, мылтық атып, адамдардың тарауына жол берді (Іс беттері - 47-48).

1925 жылы 1 мамыр күні Бает болысының малдәрігерлік пунктіне шабуыл жасап, дәрігер Мұқышее Отарғалидың әйелін өздерімен бірге алып кетеді (lс беттері — 32-42).

1923 жылы оның бір серігін аудандық милиция бастығы - жолдас Әлдижаров (мүмкін Алдияров - Л.Қ.) тұтқындағанда, оған шабуыл жасап, сыбайласын босатуды талап emedi (lс беттері - 47).

1924 жылы Аманғали өкімен уәкiлдерiн, губерниялык қылмысты істер бөлім инспекторы Шкоковты, болисполком төрағасы Ерекеновті, РКП (б) мүшесі Лұқпановты тұтқындаған, кейбіреулерін соққыға жыққан (Іс беттері - 45, 105),

1923 жылы оның тобын құрту үшін Бөкей губерниясынан. ЧОН отрядын (басшысы Агеевті) жібергенде Аманғали

 

олармен атысқан, мақсаты - қалайда қолға түспеу болды (Іс беттері - 47-48).

1924 жылы Калмыково поселкесі түбінде Аманғали тобы телеграф линиясының қарауылымен атысқан. Сегіз адамнан құрылған отряд Аманғали жолын кеспек болғанда ұстатпай, акырында қайыққа мініп, теңізге шығып кеткен (Іс беті - 119).

1925 жылы Аманғали тобын құту үшін милиция отряды, құрамында алты адам, бастықтары ГПУ өкілетті өкілінің кемекшісі Испанский Аманғалилардың артынан қуғанымен ұстатпай, Адай уезінде біраз уақыт жасырынып жүрді. (Іс беті – 117). Оны кешікпей өкімет орнына қылмыстары үшін соттауға ұстап береді.

Аманғали Кенжаеметов Бөкей губерниясының тұрғындарынан және жергілікті өкімет басшыларынан өзін актайтындай бірнеше үкімдер алған, тұрғындарға жоғарғы Өкімет орындарына айыпты басымен барып берілуге уәде еткен, бірақ ол қайта қаруланып, баяғы әрекеттерін қайта бастаған.

Сұрақ - жауап алу хаттамасында Аманғали Кенжахметов кінәлі екендігін мойындайды (Іс беті - 97).

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келіп, мынадай ұсыныс жасауға болады:

Аманғали Кенжахметов, 37 жаста, Орал губерниясы Бөкей уезі, Шоланды болысы, екінісі ауыл тұрғыны, кәсібі малшы, үйленген, отбасында - 6 адам, партияда жок, сауатсыз, үй түрмысында сиыры, аnы, түйесі, қыстауы бар, жоғарыда көрсетілген қылмыстары үшін оны Қылмыс кодексінің No 76 бабы бойынша сотқа беруге болады.

Сондықтан Қылмыстық-процессуальдық кодексінің (УПК) 24-бабына сәйкес бұл істі губерниялык, прокуратураға жіберу керек.

ІІБ уәкілінің көмекшісі:                                                               Байсуаров (қолы)

«Келісім берген»

ІІБ бастығының орынбасары:                                                    Рязанцев(қолы)

«бекіткен»

Орал ОГПУ губерниялық

бөлімі төрағасының орынбасары.                                              Тихонов(қолы)

Белгілі жазушы, зерттеуші Ләтифолла Қапашевтың бұл еңбегінде Аманғалидың әлі күнге дейін ақталмай келе жатқанына алаңдаушылық білдірген.

«Аманғали - Құныскерей, Кейкі батыр, Шәкәрім қажы, Жақыпберді сияқты түлғалармен тағдырлас жан. Себебі, Аманғали ГПУ-НКВД окілдері Жәнібеков Ғаббас пен Жұмағали Жанғожиннің ерікті тобымен атыста қаза тапса, Шәкәрім де НКВД өкілі Қарасартовтың әтірәтінін қолынан өлді. Құныскерей аты-жөнін өзгертіп, туған жерден жыракта көз жұмган. Кейкі батыр қызыл террордын құрбаны болды. Жакыпбердіні Кытайдын зәңгілері мен шеріктері өлтірді. Бұл адамдарға өз уақытында кесілген сот шешімдері жоқ. Сондықтан оны ешбір орын да, орган да актай алмайды. Олардың өр мінезі, өршіл өнері халық санасында сақталған. Сол себепті де Шәкәрімді де, Жақыпбердіні де ақтаған халқы, ардақтаған халқы. Аманғалиды да ақтаса - тек халык кана актай алады», - деп атап өткен.

Материалға Ләтифолла Қапашевтың «Банды Аманғали» ("Банды" Аманғали ісі : аңыз бен ақиқат / Қапашев, Ләтифолла, - Алматы : Арыс, 2004 . - 248) кітабындағы деректер пайдаланылды.