Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сиыр жылы туғандар

2163
Сиыр жылы туғандар - e-history.kz

Жаңа кірген 2021 жыл шығыс күнтізбесі бойынша сиыр жылына сәйкес келіп отыр. Бұл жыл ұлтымыздың тарихында көптеген келелі оқиғаларға куә болуымен қатар, ұлтымыздың біртуар тұлғаларын да дүниеге әкелген жыл. Төменде біз осы есімдерді атап өткенді жөн көріп отырмыз.

 Әуелі Қазақ хандығы құрылғаннан бергі кезеңге назар аударып көрелік.

1565 жылы ел есінде «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атымен қалған Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың бірі – Жәнібек ханның ұлы Есім хан дүниеге келген.

1709 жылы Олжабай батыр туған.

1841 жылы ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин дүние есігін ашты.

1841 жылы ақын, жырау Қашаған Күржіманұлы өмірге келді.

1841 жылы күйші, Жетісу күй мектебінің негізін салушылардың бірі Байсерке Құлышұлы туды.

Осы жылы, яғни 1841 жылы атақты әнші, халық композиторы Мұхит (Мұхамбеткерей) Мерәліұлы дүниеге келді.

1865 Июнь жарлығына қарсы 1916 жылы болған Қарқара көтерілісі басшыларының бірі, би, шешен Жаңабай Құдайбергенұлы өмірге келді.

1865 жылы Алаш қозғалысының қайраткері Асқар Дулатов дүниеге келді.

1877 жылы ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, ағартушы, қоғам қайраткері Қалжан Қоңыратбаев дүнеге келді.

1877 жылы Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, заңгер Айдархан тұрлыбаев туды.

1889 жылы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-ғалым, педагог, профессор Санжар Аспандияров дүние есігін ашты.

1889 жылы Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы Жүсіпбек Аймауытұлы өмірге келді.

1889 жылы Қытай қазақтары арасынан шыққан қоғам қайраткері, мессенат Баспай Шолақұлы дүниеге келді.

1889 жылы Алашорда үкіметінің мүшесі, заңгер Садық Аманжолов туды.

1889 жылы Батыс Алашорда қайраткері, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Бақтығали Бейсенов өмірге келді.

1889 жылы Батыс Алашорда мүшесі Бижанғали Жанқадамов дүние есігін ашты.

1901 жылы қоғам қайраткері Абдолла Байтасов туды.

1901 жылы Абайдың немересі, Абай және айналасы туралы құнды естеліктер қалдырған Ақылия (Ақыш) Турағұлқызы өмірге келді.

1913 жылы атақты композитор, ССРО халық артисі Мұқан Төлебаев өмірге келді.

1913 жылы ақын, драматург, аудармашы Қалижан Бекхожин туды.

1913 жылы биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі Аймақ Жанғалиев дүниеге келді.

1913 жылы белгілі жазушы Рахметолла Райымқұлов өмір есігін ашты.

1925 жылы ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі, мүсінші Хакімжан Наурызбаев дүниеге келді.

1925 жылы ақын Қуандық Шаңғытбаев туды.

1925 жылы әйгілі композитор, дәулескер күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиев өмірге келді.

1925 жылы Совет Одағының батыры, мерген Әлия Молдағұлова дүние есігін ашты.

1925 жылы ақын Тоқаш Бердияров туды.

1937 жылы белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин өмір есігін ашты.

1937 жылы философия ғылымдарының докторы, профессор Әбдімәлік Нысанбаев дүниеге келді.

1937 жылы жазушы, драматург, журналист Әнес Сарай өмірге келді.

1937 жылы белгілі мемлекет қайраткері Мырзатай жолдасбеков туды.

1937 жылы кино және театр актері Асанәлі Әшімов өмірге келді.

1937 жылы биология ғылымдарының докторы, профессор Ізбасар Рақымбаев дүние есігін ашты.

1949 жылы жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт, Мырзакелді Кемел, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұлов, белгілі қоғам қайраткері, композитор Хасен Қожахметовтер дүниеге келді. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?