Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ашаршылық мәселесіне мемлекет тарапынан баға берілгені жөн - Президент

2060
Ашаршылық мәселесіне мемлекет тарапынан баға берілгені жөн - Президент - e-history.kz

Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті.

Бұл туралы Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жазды. 

Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда, халқымыздың саны қазіргіден әлденеше есе көп болар еді. Президент тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек екенін айтты. 

"Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді. Тіпті, ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым жоқ. Ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарастар қоғамды адастырады. Тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар мамандар тарихи құжаттарды жинап, жүйелі зерттеумен айналысу керектігін де айтты.

Білікті мамандар жүйелі зерттеумен айналысып, соған сәйкес ашаршылық мәселесіне мемлекет тарапынан баға берілгені жөн. Біз бұл күрделі мәселеге ұстамдылықпен және жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Жалпы, тарихи зерттеулерді ұраншылдық пен даңғазасыз, таза ғылыми ұстаныммен жүргізген дұрыс, - деп жазды Президент. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?