Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Фидель Кастроның ұлы ат басын Астанаға бұрды

1814
Фидель Кастроның ұлы ат басын Астанаға бұрды  - e-history.kz
Аты аңызға айналған тұлға Фидель Кастроның ұлы Фидель Кастро Диас-Баларта Астанаға келіп, студент жастарға ғылым жөнінде дәріс оқыды

2015 жылы 20 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде айта жүретін сәт туды: оқу орнына аты аңызға айналған тұлға Фидель Кастроның ұлы Фидель Кастро Диас-Баларта келді. 

1949 жылы Гавана қаласында дүниеге келген Диас-Баларт – Кубаның атақты революционері, мемлекет және қоғам қайраткері, Кубаны 1961 жылдан 2011 жылға дейін 50 жыл басқарып келген Фидель Кастро Рустың ұлы. Кіші Фидель Кастро 1974 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Ядролық физика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Хосэ Рауль Фернандес деген атпен ғылыми мақалалар жариялаған. Ғылыми жұмысын Курчатов атындағы Атом энергиясы институтында қорғады. Әр жылдары Экономикалық өзара көмек Кеңесі жанында Куба делегациясын басқарған.

78a9024b9b6071b44415218e9c4e002c.jpg

Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің ғылым жөніндегі кеңесшісін еліміздің білім және ғылым жүйесі қызықтырса керек. Кубалық ғалым әуелі Инженерлік бағыттағы лабаратория жұмысымен танысып, «Жазу» тарихы мұражайын аралады. Содан соң Фидель Кастро Диас-Баларта Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және бірінші проректор Жәмила Нұрмамбетовамен кездесіп, белгілі ғалымдармен әңгімелесті. 

Шара барысында физика-техникалық университетінің студенттеріне «Кубадағы жаңа технологияның дамуы: биотехнология және нанотехнологиядағы тәжірибе» тақырыбында дәріс оқыды. Куба мемлекеттік қайраткерінің дәрісі төмендегідей үш тақырыпты құрады: 

– әлемдегі білім мен технология шеңберіндегі ілгерілеушілік және қазіргі үрдіс; 

– Кубадағы ғылым және инновацияның дамуы; 

– Кубаның биотехнология мен нанотехнологиядағы жетістіктері. 

b9cd7c3e7718ba3695b1cb7cee8b75dd.jpg

Фидель Кастро Диас-Баларта әлемдегі нанотехнологияның өсуі туралы айта келіп, әлемдік нарықта наномедицинаның өзі келесі жылы 2 млд. долларға жуықтайтынын жеткізді. Дәріс барысында Фидель Кастро Диас-Баларта негізгі әңгімені денсаулық сақтау және жоғары білім жүйесіне аударды. Кубада орташа өмір сүру жасы 80 жас екенін айта келіп: «Елімізде ақылы емдеу бағасы өте төмен және медициналық қызметтің сапасы АҚШ пен Канададан ешқандай кем емес», – деді. 

Сондай-ақ кубалық ғалым студенттер сауалдарына жауап қайтара отырып, АҚШ арасындағы қазіргі өзара ынтымақтастық жайына тоқталды: екі ел арасында 1961 жылы үзілген дипломатиялық қатынас араға 54 жылы салып, 2015 жылғы 20 шілдеде қайта жалғанғанын жеткізді. 

Сөйтіп, орыс тіліне жетік, түрі ғана емес, болмыс-мінезі де аты аңызға айналған әкесінен айнымаған Диас Балартпен болған кездесудің соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?