Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ даласындағы жұмбақ мекендер: «Әулиенің қолы» немесе «Бес саусақ» ескерткіші

2864
Қазақ даласындағы жұмбақ мекендер: «Әулиенің қолы» немесе «Бес саусақ» ескерткіші  - e-history.kz
Талай сырлы құпияны ішке бүккен қазақтың даласы әлі толықтай зерттеліп біткен жоқ. Қазақстанның киелі жерлері немесе ғажайып өңірлерінің санатына қосылмаған, жұрттың назарынан тыс қалып жатқан жерлер әлі көп.

Талай сырлы құпияны ішке бүккен қазақтың даласы әлі толықтай зерттеліп біткен жоқ. Қазақстанның киелі жерлері немесе ғажайып өңірлерінің санатына қосылмаған, жұрттың назарынан тыс қалып жатқан жерлер әлі көп.

Солардың бірі - Катонқарағай ауданындағы алып саусақ таңбасы. Миллииондаған жылдық тарихы бар бұл ғажайып дүние Қатоқарағай ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округі, Маралды (Фадиха) ауылында жатыр. Жұрт арасында «Бес саусақ» атанып кеткен бұл көне жәдігер ауылдан шығысқа қарай шығар бағыттағы 3 шақырым қашықтықтағы марал қоршауының ішінде орналасқан дейді барып көргендер. Кейбір зерттеушілердің жазуынша, алып алыптарды еске түсіретін бұл сурет осыдан миллиондаған жыл бұрын пайда болған.

Ұлттық парк және облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Катонқарағай филиалының мамандарының зерттеу еңбектерінде алып алақанға мынадай сипаттама берілген: Таста қалған алып қолдың ені - 410 сантиметр. Үлкен саусақтың биіктігі  160 см болса, ені - 60 см, ол сұқ саусаққа жапсырылған. Сұқ саусақтың ені – 80см, ұзындығы – 309 см. Ортаңғы саусақтың ені – 70см, ал ұзындығы – 330. Атаусыз саусақтың ені – 80 см, ұзындығы – 260 см. Шынашақтың ені – 75, ұзындығы – 250 СМ.

«Тағы бір таңғаларлығы қолдың таңбасы кәдімгі адамның қолының саусақтарын еске түсіреді. Бірақ тастағы таңбада буындардың жалғасқан жерлері анағұрлым жуан және саусақтардың ұшы жіңішке. Әрине, қазіргі ер-азаматтардың қолымен салыстырғанда, саусақтардың көлемі шамамен 35 есе үлкен делінген зерттеулерде.

Сол секілді мамандардың айтуынша, жұмбақ саусақ іздерінің тереңдігі он сантиметрге дейін жетеді. Құдды бір алыптардың бірі жартас қабырғасына саусақ ізін әдейі қалдырып кеткендей.
Осы ғажайып ескерткіш жалы біршама еңбектеніп жүрген өлкетанушы ағамыз әрі Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Катонқарағай филиалының директоры Оралғазы Қажаевтың айтуынша, бұл нысанды көнекөз қариялар «Әулиенің қолы» деп ешкімге тиіскізбей, көзінің қарашығында сақтаған екен. Алайда, ауыл-совхоздардың ыдырап-тозуына байланысты Маралды өңірі ешкімге керексіз елді-мекендердің бірі болып қалған.

«Маралды ауылында қазіргі уақытта көне көз қариялардан ешкім қалмаған. «Бе саусақ» немесе «Әулиенің қолына» қатысты талай құпия ашылмай қалды. Керек болса, жергілікті тұрғындардан да ешкім қалмаған десе де болады. Бұл жерде мектеп баяғыда жабылған және бұрынғы Фадихада небәрі бес отбасы өмір сүруде. Яғни, Маралды ауылы еліміздің географиялық картасында ғана қалып отыр. Өкініштісі, көпке дейін бұл қолтаңба зерттелмей келді. Тек кейінгі кездері ғана көңіл аудара бастадық. Тастағы таңбаның бір ерекшелігі кәдімгі адамның алақанынан еш айырмасы жоқ. Соншалықты ұқсасты таңқалдырады. Осы көрсетілген өлшемдерді қазіргі адамның орта саусағымен салыстырсаңыз барлық саусақбуындарының пропорциясы теңбе-тең. Тек тастағы таңба адамның қолынан 45 есе үлкен. Бұл меніңше, көне өркениеттің ізі. Яғни көне неолит дәуірінде, осыдан 8-6 мың жыл бұрын өмір сүрген көне сәулетшілердің қолтаңбасы деуге болалы. Болжаммен тастағы саусақ іздері әлдебір өте мықты материалдың көмегімен емес, тасты жібітетін арнайы қышқылдың көмегімен жасалғандай. Сондай-ақ бұл көне технологиялардың даму деңгейі өте жоғары болғандығын көрсетеді», - дейді Оралғазы Қажаев.

Зерттеушінің айтуынша, бұл таңда табиғи жолмен пайда болған дүние емес. Яғни жұмыр жер жаралғалы бері үздіксіз атқылап жатқан жанартаулардың, жер қыртысының әсері, қозғалуы немесе жаңбыр, жел, температуралық ауытқулар секілді табиғи факторлардың әсері деуге келмейді.
«Тасқа басылған бұл алып петроглиф көне замандардағы шеберлердің бізге қалдырған белгісі», -  дейді ол.

118791497_648517766045194_8469203788207487230_n.jpg

Бір қызығы дәл мұндай алып таңба Канада да бар екен.  Ол таңбаның да көлемі, жалпы өлшемі Маралдыдағы саусақ іздерімен бірдей. Айырмасы - сол қолдың таңбасы. Ал мына таңба – оң қолдың ізі болып отыр.

Айтпақшы, мұндай таңба Қырым түбегінен де табылған екен. Ол таңбаның биіктігі  6 метр. Тағы бір ғажабы «Қырымдағы алақан мен Маралдының бес саусағынан айтарлықтай айырмашылық жоқ» дейді кейбір зерттеушілер.

Сонымен бұл алып таңба кімдікі болуы мүмкін?

Кейбір зерттеушілер мұн есте жоқ ескі замандарда өмір сүрген алыптардың ізі болуы мүмкін деген жорамал да айтқан. Бәлкім рас та шығар. Көптеген тарихи деректерде жер бетінде миллиондаған жылдар бұрын алып адамдардың өмір сүргені туралы айтылады.
Жергілікті басылымдардың бірінде Маралдыдағы саусақ іздерінің алыптардың қалдырған қолтаңбасы болуы мүмкін екендігі туралы жазылған.

«Өздерінің «Жаратылыс тарихында» римдік Плиний төбешік құлағанда, балуанның сүйек қаңқасы табылған, оның бойының биіктігі 20 метрге таяу болған және оны Орион деп атаған. Ал ғалым-философ Филостраттың айтуынша, Эфиопияда бойының ұзындығы 16 метр болатын адамның обасы табылған. Тайлықтардың мәлімдеуінше, жабайы адамдардың бойы өте үлкен болған. Христиандар келгенге дейін скандинавтықтар әлем жаратылғаннан кейінгі алғашқы адамдар өте биік болған деген тұжырым айтады.

118770178_648517836045187_6740182778405435889_n.jpg

АКТ Әртүрлі жылдардағы бүкіл әлем бойынша табылған археологиялық қазбалар көне заманда жер бетінде алып-адамдар өмір сүргендігін растайды. Алыптардың табылуы туралы куәліктер әлемнің әрбір бөлігінде дерлік болған. Мысалы, алыптардың мүрдесі Австралияда табылған, мұнда антропологтар ұзындығы 67 және ені 42 мм болатын азу тісті тапқан. Тістің иесінің бойы 7,5 метр, ал салмағы 370 килограмм болуы тиіс. Көмірсутегі сараптамасының көмегімен қазбаның жасы анықталған – 9 миллион жыл...», - делінген Шамиль Багаутдинов есімді автордың жазбасында.

Айтпақшы, Оралғазы Қажаев та осындай болжамдар жасағанын айта кету керек. Зерттеушінің айтуынша, ежелгі адамдар өздерінің қолының, аяғының я болмаса жұдырығының таңбасын басуы әбден мүмкін.

«Миллиондаған жыл бұрын планетамызда атқылаған жанартаулардың басым бөлігі сөніп, жер қойнауынан оның бетіне шыққан тастар, минералдар қатып әртүрлі биіктіктегі алып тауларды түзген, ол таулар өзіміз күнделікті көріп жүрген, жалпақ тілмен айтқанда көк тастардан тұрды. Жерде вулкандардың атқылауы тоқталмағандықтан әлемнің түкпір-түкпірінде қазақ «қой тас» деп атайтылатын, сұр, қара, қоңыр гранит, мәрмәр тастар жер бетіне шығып жатты, олардың көлемі өте үлкен болды, илеген қамырға ұқсап шыққан заттар қатқанша көп айлар мен жалдар өтті. Әлі суый қоймаған қоймалжың тастарға алып адамдар өздерінің жұдырығын, қолын, аяғының таңбасын басуы әбден мүмкін. Сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпірінде аң-құстардың, динозаврдың тасқа басылған табан іздері көптеп кездесуде. Қырымдағы алақан мен Маралдыдағы бес саусақ іздері де солай басылған болар», - дейді зерттеушінің өзі.

118654668_648517876045183_9174709647922047095_n.jpg

Оның айтуынша, бұл көне өркениеттің белгісі. Кейінгі ұрпаққа қалдырған тарихи естеліктері болуы әбден мүмкін. Ол сөзіне мысал ретінде әлемнің әр-түкпірінен табылған петроглифтерді келтірген.

«Мысалы Таулы Алтай қаласының өлкетану мұражайында 2 мыңнан астам петроглифтердің фотосуреті жиналған. Ауданымызда олардың саны 120 асады. Таулы Алтай мен Катонқарағайдың петроглифтердің бірінен-бірінің айырмашылығы жоқтың қасы. 

Өйткені Алтайды орыстар келмей тұрып түркі халқы мекендеген, олардың дүниетанымы, мәдениеті, қолөнері бірдей болғандықтан табылған петроглифтерде де айтарлықтай айырмашылық жоқ. Осылардың көбі қола дәуірінен басталды деген ғылыми тұжырымдамаға құдайға сенгендей сенудеміз. Қола қашаумен тасқа сурет салып көріңіз. Қазір болат қашаумен тасқа сурет салу өте машақат жұмыс. 

Мүмкін сол кезеңнің құрал-жабдығы басқаша болған шығар, әлде тасты жұмсататын әдістері болды ма екен? Әлі күнге дейін дүние жүзінің ғалымдары ешбір жерден петроглиф қашайтын құрал таба алған жоқ», - дейді О. Қажаев.

2020_02_03_tas.jpg

Расында да тасқа түскен әрбір таңба мен белгінің астарында үлкен сыр жатқаны белгілі. Оны белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың өзі де айтып кеткен. «Таңбалы тас – Қазақ халқының ең алғашқы мемлекетінің ірге тасын қалап жатқандағы жазып қалдырған Дала Конституциясы» деген ғылыми бағасы осы сөзімізге дәлел болса керек.

Айтпақшы, жұрт арасында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтыпты дейтін мынадай тәмсіл бар: «Бетпақ шөлінде Нұра деген жер бар еді. Сонда тасқа басылған таңбалар бар. Үш жүздің баласы арасында қазақтың таңбаларына қатысты талас болса сол тастан барып қарасады. Алаша ханның жарлығымен басылған таңба деседі».

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?