Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жошы хан туралы тарихи кітап жарық көрді

2397
Жошы хан туралы тарихи кітап жарық көрді - e-history.kz
Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында «Жошы хан. Ұлы дала» атты тарихи кітап жарық көрді, деп хабарлайды Qazaqstan tarihy порталы

Өткен жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт ұясы Ұлытауға барған сапарында Жошы хан есімін жоғары деңгейде ұлықтау шарасын жеделдету керектігін айта келе, 1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған Алтын Орда (Жошы ұлысы) империясының 750 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы бастама көтерген. 

«Ұлытау халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс. Бұл жұмыстарды Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу қарсаңында бастау керек. Сонымен қатар Біз Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек», – деген болатын Мемлекет басшысы Жезқазған өңіріндегі Жошы ханның кесенесіне зиярат етіп тұрып.

«Жошы хан. Ұлы дала» атты тарихи кітап ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы Болат Көмековтың жетекшілігімен жарық көрді. Ұжымдық еңбек ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында және Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында жарық көріп отыр. Мақала авторлары Қазақстан мен Ресей Федерациясының Шыңғыс ханның империялық және постимпериялық тарихын зерттеушілер болып табылады. 

Кітаптың жауапты редакторы Дүниежүзілік Шыңғыс хан академиясының академигі, тарихшы Ғизат Табулдин. Ол бұған дейін «Шыңғыс ханның шежіресі: тарихи талдауы» атты ұжымдық еңбектің де жауапты редакторы болған. Жинақты безендіруде суретші Альжапар Даниярдың иллюстрациялары пайдаланылған. 

Тарихи кітаптың тұсаукесері алғаш рет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде өткен тарихшылар конгресінде өтті. Кітап тарихшыларға, шығыстанушыларға және Қазақстан тарихына қызығушылық танытатын барлық оқырманға арналған. 

«Жошы хан. Ұлы дала» кітабының беташары ретінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлытау-2019» халық­ара­лық туристік форумында сөй­леген сөзі берілді.

IMG_8780.JPEG

Кітап 4 бөлімнен тұрады. «Ұлы дала» деп аталатын алғашқы тарауда Ұлы Еуразия даласындағы Дешті-қыпшақ мемлекетінің қалыптасу тарихы туралы, маңғол шапқыншылыңы, қыпшақ көшпенділері, Ұлытаудың тарихи-мәдени аумақтары туралы ғылыми зерттеу мақалалар жарық көрген.

«Жошы хан» тарауынан Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаған Жошы хан туралы танымдық зерттеулер қамтылған. Алтын Орданың ұланғайыр даласында қалыптасқан Ақ Орда, Көк Орда және Қазақ хандығы туралы да зерттеу еңбектер берілген. 

Алқалы жиын орта ғасырдағы түркі әлемінің аңызға айналған көсемі, Жошы ханның әкесі, әйгілі Шыңғысханның тарих сахнасына шығуына ықпал еткен, тарихта өзіндік орны бар тұлға – Тұғырыл ханға арналды.

«Көшпенділер тарихынан» атты үшінші бөлімде Жошы ханның әкесі Шыңғыс хан туралы, әйгілі Шыңғысханның (Темужин) анда (өкіл) әкесі, әрі әскери өнерге баулыған алғашқы ұстазы Тұғырылхан, VII-ші ғасырда негізі қаланған Керей мемлекетінің қысқаша тарихы, әскери, мемлекеттік құрылымы қамтылған мақалалар жарық көрген.  

f1bd7ff528bac31a9f6ea4ca92f93fcb.jpg

Соңғы бөлім Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған. Бұл бөлімде Қазақ хандығының батырлары және олардың тарих сахнасында алатын рөлі аз-кем баяндалады. Журналист-этнограф Мақсұтбек Сүлейменнің «Қазақ хандығының батырлары» атты мақаласында Қазақ хандығынан бастап Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан батырлар туралы мәліметтер қамтылған. Қазақ қоғамындағы батырлық, қаһармандық дәстүр туралы және түркі халықтарында ертеде қолданылған әскербасылық, батырбасылық, қолбасшылық атауларға түсінікте берілген. 

Сондай-ақ кітапта Жошы ханның генеологиялық тізбесі берілген. Жошы хан шежіресін тарихшы, картограф Ғизат Табулдин жинақтаған. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?