Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлы той Ұлытауда басталды

1382
Ұлы той Ұлытауда басталды - e-history.kz
Ұлт ұясы – Ұлытау — талай тарихтың куәгері. Ұлы хандарымыз мен бабаларымыз жатқан алтын мекен. Бұл өлкеде бүгін шартарапқа жар салып, сауын айтылып, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы басталды

Ұлытау – қазақ халқы үшін тарихи, мәдени маңызы зор өлке. Сондықтан ұлт тойының ұлы мекенде өтуі құптарлық оқиға. 

«Қазақ мемлекетінің 550 жылдығын тойлау осы жерден басталуы керек. Себебі қазақ этносының шоғырланған орталығы осында болды, хандарымыз Ақ киізге отырған жер, қазақ тілінің байыған тұсы да осы Ұлытау. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақтар шегінуге мәжбүр болып, Ұлытау өлкесін паналады. Кейін қалың күш жинап, бостандық үшін күресті. Жоңғарларды ойсыратқан екі ірі соғыс осы Ұлытауда болыпты. Ұлытаудың арқасында Қазақ мемлекеті жойылған жоқ», – деген болатын Ұлытау кешенді экспедициясының жетекшісі, «Қазақ ұлттық география қоғамы» директорының орынбасары Сәулет Сәкенов. 

Үш жүздің басы біріккен қасиетті мекенге арнайы ат басын тіреп, Алматы мен Астанадан қадірлі қонақтар келді. Олардың қатарында Мемлекеттік қоғам қайраткерлері Мұрат Әуезов, Мәди Артығалиев, Халық қаһарманы, ұшқыш Тоқтар Әубәкіров, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Әнес Сарай, Қажығали Мұхамбетқалиев, Қойшығара Салғараұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, Мемлекет тарих институты директорының орынбасары Радик Темірғалиев, «Қазақстан әйелдері» журналының бас редакторы, қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова, қоғам қайраткері Серік Тілеубаевтар келді. 

Ертең, яғни 21 тамыз күні Ұлытау кентінде «Ұлытау – ұлт бесігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы жұмысын бастайды. Ғылыми-практикалық конференцияда көрнекті тарихшылар, жазушылар мен ғалымдар баяндама мен зерттеулерін жұрт назарына ұсынады деп күтілуде. Конференцияға жиналған ғалымдар Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының Ұлытауда өтуінің маңызы зор екенін атап өтіп, өздерінің Қазақ хандығына қатысты тың зерттеулерін ортаға салады. «Ұлытау – ұлт бесігі» Қазақ хандығымен біте қайнасқан. Себебі, Қазақ хандығына қатысты көптеген тарихи оқиғалар осы өлкеде өрбіген. Халықаралық конференцияда осы мәселе төңірегінде пікір алмастырмақ ниетте. 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның соңы бірнеше секция бойынша жұмысқа жалғасады. Қарағанды облысындағы Жоғарғы оқу орындары мен республикамыздың әр түкпірінен келетін зерттеуші ғалымдар «Ұлытау – ұлт бесігі» атты тақырыпта пікір таластырып, сарабдал ойларын ортаға алады. Конференцияның негізгі бөлімінде Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Әнес Сарай «Ұлытау көнеліктері» атты тақырыпта баяндама оқиды. Қазақ тарихындағы «Алаш үкіметі» тақырыбында ф.ғ.д., профессор Тұрсын Жұртбай салиқалы ой қозғаса, «Қазақ хандығының құрылуындағы Ұлытаудың рөлі» атты тақырыпта Мемлекет тарих институты директорының орынбасары, ғалым Радик Темірғалиев сөз сөйлейді деп күтілуде. Сондай-ақ «Қазақ хандығы дәуіріндегі Ұлытау өңірі» атты баяндама бойынша Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музей директорының орынбасары, зерттеуші ғалым, археолог Темірғали Аршабеков, «Орталық Қазақстанның сақ дәуірі бойынша археологиялық ізденістер: кейбір қорытындылар және перспективалар» атты тақырыпта, «Орталық Қазақстан ескерткіштері: бүгінгі таңдағы зерттеу және қорғау жұмыстары (Беғазы, Атасу)» атты баяндамаларды А. Бейсенова «Орталық Қазақстанның ежелгі металлургиясы» атты баяндаманы С. Жауымбаевалар оқиды. 

 Ал 23 күні Ұлытаудағы ұлы той «Хан төбедегі» спорттық жарыстарға ұласпақ.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?