Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жеңісті жырлаймын» атты акция өтеді

1050
Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында  «Жеңісті жырлаймын» атты акция өтеді - e-history.kz
Астанада Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында әскери музыканттардың қатысуымен «Жеңісті жырлаймын» атты ерекше акция өтеді.

30 сәуір күні Астанада Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында әскери музыканттардың қатысуымен «Жеңісті жырлаймын» атты ерекше акция өтеді. 

 Екі қабатты экскурсиялық автобуспен ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің әртістері елорданың көрнекті көшелерін аралай жүріп концерт қояды. Концерттік автобус, Ақжол көшесі — Абылай хан даңғылы — Қабанбай батыр даңғылы («Азия парк» СОО) — «Бәйтерек» монументі — Ақжол көшесі бағыттарында жүреді.Осы орайда жол бойы олар соғыс жылдарындағы танымал әндерді шырқайды, сондай-ақ өз бағыттары бойынша тоқтаған әр пунктте кішігірім әскери-патриоттық концерт өткізіп, елорда тұрғындары мен қонақтарына ҚР Қарулы Күштерінің белгісі басылған естелік сыйлықтар таратады. 

Аталған акция астаналықтар мен барлық қазақстандықтарға санаулы күн қалған мерейтойды тағы бір мәрте еске салып, жастардың бойында отансүйгіштік рухты көтеруге ықпал етеді. Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірінде өткізіліп отырған шаралар ҰОС ардагерлеріне көрсетілген құрмет болып табылады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?