Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстандағы әзірбайжандар

3374
Қазақстандағы әзірбайжандар - e-history.kz
Бүгінде Қазақстанды мекендейтін әзірбайжан халқының жалпы саны 82 мың 300 адамды құрап отыр.

Әзірбайжан Соңғы жылдары Қазақстандағы әзірбайжан ұлтының демографиялық өсу тенденциясы байқалуда. Ресми санақ нәтижелеріне сүйенсек, кейінгі 5 жылда әзірбайжандықтардың саны 6,2 пайызға артқан екен. Бүгінде Қазақстанды мекендейтін әзірбайжан халқының жалпы саны 82 мың 300 адамды құрап отыр. Ауыл шаруашылығын ұршықтай үйіріп әкететін әзірбайжан халқының көпшілігі егін және мал өсірумен шұғылданып, экономикамыздың өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосуда.  

31373bc0b257ffeafd26d328bd3ce5b8.jpg

Қазақ халқы мен әзірбайжан ұлтының ортақ тарихы сонау түркі заманынан бастау алады. Тарихи оқиғалар түркі халықтарының жеке-жеке ұлт болып бөлініп, бөлек мемлекеттерге айналуға септігін тигізді. Кейін, омыртқаны опырған отызыншы жылдардың оқиғалары да әзірбайжандардың тағдырын қазақтармен қайта тоғыстырды. Міне, сол заманнан бері біз әзірбайжан халқымен ортақ отанымызда бір үйдің балаларындай бейбіт ғұмыр кешудеміз. Бұл орайда Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен келе жатқан 1 мамыр мейрамының рөлі ерекше. 

ffe4ead25c3a51abb7839a1f18d3b020.jpg

- Кеңес заманында 1 мамыр мерекесінің маңызы бөлек болатын. Ол жұмысшылардың өзара келісімі күні еді. Егемендік алған соң 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні болып өзгертіліп, елімізді мекендеген барлық этностардың басын бір ортаға біріктірді. Менің білуімше, 1 мамыр мерекесін өз деңгейінде атап өтетін әлемдегі жалғыз мемлекет – біздің Қазақстан,- деді «Қазақстан әзірбайжан мәдени орталықтары одағының» президенті Салахов Видади Кораевич өз сөзінде. 

44b8bbd24f0c782b7c9a2009bbcf8cb2.jpg

«Қазақстан әзірбайжан мәдени орталықтары одағы» 2008 жылы ҚР Әділет министрлігінде тіркелген. Оған 10 облыстық, 2 қалалық әзірбайжан ұлттық бірлестігі кіреді. Барлық бірлестіктердің басшылары Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі болып табылады. Мемлекттік тілді меңгеру және жастармен жұмыс жасау жүйеге қойылған. «Гейдар» әзірбайжан жастары бірлестігін Ахундов Бахруз Фаяз оглы басқарады. Олар түрлі қоғамдық және әлеуметтік маңызды тақырыптарда акциялар, конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, ел бірлігі үшін белсенді қызмет атқаруда.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?