Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарих толғауындағы 10 махаббат хикаялар топтамасы

3290
Тарих толғауындағы 10 махаббат хикаялар топтамасы - e-history.kz
15 сәуір – Ғашықтар күні. Махаббат мерекесі қарсаңында, Қазақстандағы ұлы тұлғалардың өмірінен алынған махаббат хикаяларын назарларыңызға ұсынамыз.

Дінмұхамед Қонаев және Зухра Шәріпқызы 

b97d8d526ccbc593c025d92a51b75a61.jpg

Дінмұхамед Ахметұлы сүйікті жары Зухра Шәріпқызымен өткізген өмірінің әрбір күнін бағалаған. «Мен жарыммен 50 жыл 6 ай 2 күн бірге өмір сүрдім», — деді ол кейін. 1939 жылы қыркүйектің соңында Дінмұхамед Қонаев Балқаштан Алматыға сапар шегіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қайраткерлерімен бірқатар кездесулер өткізеді. Сол күні Зухра Шәріпқызымен танысады. Дінмұхамед Ахметұлы қызға қызметі Риддерге ауысатынын айтып, «Зухра, менімен Риддерге баруға қалай қарайсың?», — деп сұрады. Бұл — Дінмұхамед Қонаевтің Зухраға тұрмыс құруға жасаған ұсынысы болатын. Қыз келісімін берген кез Қонавтың өміріндегі ең бақытты сәттердің бірі еді. «Сүйіктіммен кездескенім үшін тағдырыма ризамын. Біздің көңілді тойымыз 18 қазан күні әпкем Әмина Ахметқызының пәтерінде өтті. Қонаққа институттағы достарым, Қазақ тау-кен институтының мұғалімдері, инженер Жақсыбаев пен Кравченко, Зухраның ағасы Гариф Шәріпұлы жас жұбайымен келді...», — деп жазды Дінмұхамед Ахметұлы өз естеліктерінде. Өкінішке орай, ерлі-зайыптылар балалы болмады, соған қарамастан, тату-тәтті ғұмыр кешкен.

Ахмет Байтұрсынұлы және Бадрисафа Мұхамедсадыққызы 

db408a28fd45762f33f1763f6d0687f2.jpg

Ахмет Байтұрсынұлының өмірлік серігі — оның жан жары еді. Александра Ивановна Әулиекөл ауылындағы орыс-қазақ мектебінде мұғалім болып жұмыс жасап жүріп, Ахмет Байтұрсынұлымен танысады. Сол 1896 жылы олар Троицк қаласындағы мешітте некелесті. Осы кезде Александра Ивановна ислам дінін қабылдайды. Әйелінің келісімімен Ахмет Байтұрсынұлы өз зайыбына Бадрисафа Мұхамедсадыққызы есімін береді. Ахмет пен Бадрисафаның мөлдір махаббаты әлі күнге дейін ел аузында. 

Ілияс Есенберлин мен Диляра Жүсіпбекова 

b9f7f27aed66f69cdce1bdd97512cf26.jpg

Диляра мен Ілияс опера театрында танысты. Олар бір-біріне бірден ғашық болды: жас қызға кеудесіне орден таққан бұрынғы офицер қалай ұнамаушы еді? Ілияс Есенберлин аяғынан ауыр жарақат алғандықтан, таяққа сүйеніп ақсап жүрген.

Ілияс Есенберлиннің болашақ жары Диляра Жүсіпбекованың әкесі Хамза Жүсіпбеков — Қазақстан Әділет Министрлігінің министрі. Хамза Жүсіпбеков репрессияға ұшырап, ату жазасына кесілген.

Диляра Жүсіпбекова өз Отанына опасыздық жасаған тұлғаның отбасы мүшесі — «Халық жауының қызы» ретінде тізімде тұрды. Мұндай адамдардың тағдыры ауыр еді. Диляра қуғын-сүргінге ұшыраған адамның қызы екендігін жасырмай, Ілиясқа бірден айтты. Әдетте осы сөздерден кейін Диляраны ұнатқан жігіттер қас қағымда көзден ғайып болатын, ал Ілияс Есенберлин: «Мен сені сүйемін, менің жарым болғаныңды қалаймын», — деді. Ілияс өз жарын құрметтей білген. Диляра да осындай көзқарасқа лайық болып шықты. 

Сәбит және Мариям Мұқановтар 

65fe2aad444f2be302c4cec5c38b247f.JPG

Сәбит және Мариям Мұқановтар жарты ғасырдай бірге ғұмыр кешкен. Мариям Мұқанованың өмірі «Ұлы жетістікке жеткен әрбір ер адамның артында әйел тұр» деген сөздерді растайды. Мариям апай Сәбит Мұқановтың бірінші оқырманы мен кеңесшісі, сыншысы мен музасы болды. Мариям Сәбит Мұқановпен бірге алты бала тәрбиеледі. Жарияның мейірімділігі мен даналығының арқасында Сәбит Мұқанов  шығармашылық шыңынан көріне білді. Мариям Мұқанова —  ана мен жардың үздік үлгісі. 

Сәкен Сейфуллин және Гүлбаһрам апай 

1cb4ec82c9a3bb70227a1d064f2ceb97.jpg

Сәкен тұтқындалғанда, Гүлбаһрам 28 жаста болды. Гүлбаһрамнан барлығы бас тартып, ол өз туған-туыстарына кетуге мәжбүр болады. Қолында жалғыз ұлы Аян бар еді. Төркініне бара жатқанда, жолдың қиындықтарына төзе алмаған кішкентай бала қайтыс болады. Қара жамылып, қайғыға батқан әйел өз ұлының жерлеу орнын есінде сақтап қалуға да шамасы келмеді. Гүлбаһрам дүниеден өткен соң, 10 жылдан кейін ғана Аянның қабірі табылды. 

Гүлбаһрам көзі тірісінде іс-түссіз жоғалып кеткен Сәкеннің тағдырын білу үшін ІІХК-на бірнеше рет барған. Бейшара әйел АЛЖИР лагерінің тұтқыны да болды... Бірақ, ол өзінің ар-намысын әр кез биік қоя білді. Сәкен Сейфуллин ату жазасына кесілді. 

Кейін  жазушының мерейтойы Қарағанды қаласында өтті. Гүлбаһрам мерейтойлық шараларға түгел қатысты. Сәкен Сейфуллин ақталғандықтан, Гүлбаһрамның жүзінен қуаныш лебі байқалса да, жанарын мұң басып тұратын. Жары мен ұлын келмеске әкеткен заман оның жүрегіне жазылмас жара қалдырған еді.

Балуан Шолақ пен Ғалия 

f8c29047166109eb16fc418b4ceaa101.jpg

Балуан Шолақ ақын болған, ал ақын жүрегі қашан-да ғашық болғыш... Сырт келбеті жарқын, зор дауыстың иесі білекті балуанға әйелдер көп көңіл аударды. Бірақ Ғалия есімді қыз ғана Балуан Шолақтың тағдырында ерекше орын алды. 

Ғалия Тілеу атты дәулетті адамның қызы. Тілеудің руы — Арғын. Ғалия — жүзі жарқын, ұзын бойлы қыз болған. Қазақ әдет-ғұрпы бойынша Ғалияны жастайынан Біржан деген жігітке атастырылып, бой жеткен соң ұзатылды. Бірақ ол Біржанды сүймеген еді... 

Кейін Ғалия Балуан Шолақпен танысады. Екеуі жасырын  кездесе бастайды. Бұл туралы Ғалияның күйеуі біліп қояды. Таяқ жеген Ғалия төркініне қайтып келеді. Балуан Шолақ сүйіктісіне үйленуге дайын екендігін айтады. Олардың қосылуына кедергі — Біржаннан (Ғалияның бұрынғы күйеуінен) алып қойған қалыңмалы еді. Біржан қалыңмалды би соты арқылы қайтаруды талап еткен еді.

Балуан Көкшетауға қалыңмалды жинап келуге кетеді. Көкшетауда оған ұрланған малдың жаласы жабылып, Шолақ түрмеге қамалады. Ғалия сотта жеңіп шығады, енді оның басы бос, бірақ Балуан Шолақтан еш хабар жоқ: Шолақ бәлен жылға жер аударылыпты, Балуанның елде тағы көп әйелі бар екен деген сыбыстар көбейе береді. Ғалия не істерін білмей, әбден сасады. Әкесінің меңзеуі бойынша екінші рет күйеуге шығады. Енді ол қалада атақты адамның тоқалдығына алынды.. 

Достары Балуан Шолаққа Ғалия тұратын қалаға ауысуға көмектеспекші болады. Балуан өз сүйіктісімен болатын кездесуді күтіп, «Ғалия» әнін жазады... Тағдыр қоспаған Балуан Шолақ пен Ғалияның арасындағы оқиға осылай мұңды аяқталады. 

Әбілқайыр хан және Бопай ханша 

ae9e11db5da0ff37cc707fa6b8faec58.jpg

Егер Әбілқайырдың әйелі Бопай ханша болмаса, Ұлы даланың тарихында ханның рөлі басқа болуы мүмкін еді... Бопай ханшаның Әбілқайыр хан мен қолбасшы қасындағы қолбасшыларға жасаған ықпалының арқасында, тарихшылар оны орта ғасырлар мен жаңа заманның аса көрнекті қазақ әйелдерінің біріне жатқызады. Бопай ханша мен Әбілқайырдың алты баласы болған: бес ұл — Нұралы, Ералы, Қожа Ахмет, Айшуақ, Әділ, бір қыз — Зулейха. 

Жәңгір хан және Фатима ханша 

e6bf7b3405e5dbaf27160d2bf6044931.jpg

Өз заманының ең әйгілі әйелдерінің бірі — Жәңгір ханның екінші әйелі Фатима ханша. Тарихтан білетініміздей, ол өте сұлу, білімді әйел болған. Фатима мен Жәңгір ханның жеті баласы болды: төрт ұл, үш қыз. Жәңгір хан өз Фатимасын ерекше сүйген. Сүйіктісі үшін Мәскеуден қымбат киімдер және әшекейлерге тапсырыс берген. Соңғы жылдарда ханша ауыр сырқатқа ұшырайды. Жәңгір хан Фатиманы Кавказдағы минералды бұлақтарға бірнеше рет апарады. Алайда еш көмегі тимейді... Қайғыға батқан Жәңгір хан қайтыс болады. Үш айдан соң хан дүниеден өткеннен кейін Фатима бақтық сапарға аттанды. 

Ермұхан Бекмаханұлы және Халима Бекмұхамедова 

27441d077c87161219652e08a45d3e16.jpg

1946 жылы Тәшкент қаласындағы Алишер Навои атындағы кітапханада Ортаазиялық университеттің филология факультетінің студенті Халима Ермұхан Бекмахановпен танысады. Ермұхан Халимадан 10 жас үлкен, өте білімді, тапқыр болды. Олардың арасында махаббат сезімі оянды. Бірақ ол кезде Бекмахановтың өз отбасы: әйелі мен екі қызы бар еді... Алайда екі ғашықтың қосылуына бұл да кедергі болмады. Ермұхан Бекмаханұлы тұтқындалып, қайтыс болған соң, 41-жасар Халима жесір болып қалады... Қайғы құшқан Халима өмір бойы өз махаббатына берік болып өтті.

Қозы Көрпеш пен Баян сұлу 

cc849075a300df6948f4903371cd3b81.jpg

Қозы Көрпеш пен Баян сұлу аңызының ел аузында бірнеше нұсқасы жүр. Соның бірі әйгілі аңызды былайша өрбітеді: Кішкентайынан бірге өсіп, дос болған Сарыбай мен Қарабай әлі дүниеге келмеген балаларын атастырып қояды. Ұлы дүниеге келмей жатып Сарыбай аңшылықта қайтыс болады. Атастырылған Қозы мен Баян ер жете бір-біріне ғашық болады. Бірақ Қарабай сөзінде тұрмай, қызын бір кездері малын жұттан сақтап қалған палуан Қодарға беруді жөн көреді. Сөйтіп Қодар екі ғашықтың ортасына түседі. Екеуара шайқаста бірінші болып Қозының басы кетеді. Сүйіктісінен айрылған Баян кек алуды ұйымдастырады. Ол Қодарды алдап, егер ол құдық қазып берсе, оған тұрмысқа шығамын дейді. Қодар Баянның шашынан ұстап алып, құдықты терең етіп қаза бастайды. Құдық тереңдей бергенде, Баян шашын кесіп жіберіп, Қодарды құдыққа батырып, өлтіреді. Ал өзі өз-өзін қылыштап, бақилыққа аттанады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?