Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әлем тарихындағы атақты балалар

2192
Әлем тарихындағы атақты балалар - e-history.kz
Әлем тарихында әйгілі, дарынды балалар аз болмаған. Солардың біразы кішкентайынан «вундеркинд» атанып, есімі тарихта алтын әріптермен мәңгілікке жазылған.

Блез Паскаль

77e6376d492feeea9b8affb1e9aeced6.jpg

Блез Паскаль 1623 жылы Франция мемлекетінің Клермон – Ферран қаласында дүниеге келген. Ол жастайынан – ақ білімділігі, алғырлығы, зеректігімен, әсіресе математика саласына бейімдігімен баршаның көзіне түсті. Кішкентайынан вундеркинд атанған Паскаль төрт жасында кітап оқып, көркем тілмен жаза білген. Математикалық есептерді де жастайынан шешіп, оның сырлы арифметикалық әлеміне енген. Тіпті тоғыз жасында «Музыка туралы трактат» жазған ол он үш жасында француздың ең озық математиктерімен иық тірестіре жүретін дәрежеге жеткен. 1662 жылы Блез Паскаль қайтыс болған соң, әлем білген қайталанбас аса дарынды математиктердің бірі болып тарихқа кірді. 

Пабло Пикассо

ca62eca2f89b12520c1920cc23f669dd.jpg

Атақты суретші, мүсінші, дизайнер Пабло Пикассо да талантты бала ретінде тарихта қалды. Испандық атақты суретші Пикассо тілі шығысымен қолына қылқалам ұстаған. 10 жасында кәсіби суретшілік талантымен танылған. Ол Барселонадағы әсемдік өнер мектебінде, Мадридтегі Сан-Фернандо Академиясында оқыды. Атақты бала 16 жасында яғни, 1897 жылы алғашқы шығармашылық көрмесін ұйымдастырды. Пабло Пикассо «Барлық адам балалық шағында суретші болады. дегенмен біршамасы ғана өскенде сол бағытынан айнымайды»,- деген. 

Кристиан Генрих Хейнекен

1250a6e30e77448e7b1eba29e8f2cfd7.jpg

Кристиан Генрих Хейнекен 1721 жылы Германияның Любек өңірінде дүниеге келген. Туғанына он ай толмай жатып Генрих суреттегі заттарды айырып атай алды, үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, арифметиканың төрт амалымен есеп шығаруды, көп ұзамай француз тілін үйренуді меңгеріп, географиядан жақсы мәліметі болды, мыңнан астам латын мақалын білді. Әлем тарихы мен жағрафиясына қызықтай қарап, көп білгісі келіп, мол мағұламатпен сусындады. Генрихтың даңқы әлемге жайылып, оны Дания королі қонаққа шақырады. Бірақ көп ұзамай сәби төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болады. Любектік төрт жасар дарынды бала Генрих туралы алған Кристиан фон Шенах жазып қалдырған. 1725 жылы төрт жасында өмірден өтті. Бір қызығы дарынды бала өзінің өлетінінде ескерткен. 

Майкл Кирни

796c8e03415033eb43463528076cec38.jpg

Майкл Кирни 1984 жылы АҚШ-тың Гавай аралы, Гонолулу өңірінде дүниеге келген. Кирни бүгінгі дәуірдің ең білімді, вундеркинд баласы атанған. Ол төрт айында алғашқы сөзін айтып, алты айлығында дәрігерге «Менің сол құлағым ауырады»,-деп айтқан. Он айлығында оқуға ден қойып, қәріптеп оқиды. Майкл Кирни төрт жасқа келгенде математикалық қиын есепті шешіп, ата-анасынан білім алады. Бір қызығы Кирнидің алты жасарлық құрдастары мектеп есігін енді ашып жатқанда, американдық вундеркинд университетке түсу үшін емтихан тапсырып жүрді. 

10 жасында Майкл геология бойынша ғылыми дәрәже алды, ал сәл кейінірек медицина ғылымдары мен антропология шыңдарын бағындыруға кірісті. Ол сонымен қатар кәмелеттік жасқа жетпей жатып, университет профессоры атанды және ол әлі күнге дейін білім беру тарихында ең жас оқытушы болып саналады. Алғашқы рет 17 жасында сабақ берген. Майклдың жасы бүгінде отыз екіде. Жеткен жетістігі де толайым. Атап айтқанда, ол білімінің арқасында 2006 жылы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құраған «Gold Rush» ойынында жеңіске жетсе, 2008 жылы «Кім мил¬лионер болғысы келеді?» дейтін шоуда миллионер атанды. 

Вилли Маскони

d050066c550ed1b47d6ff5b48cbb23a3.jpg

Вилли Маскони 1913 жылы АҚШ-тың Филадельфия штатында дүниеге келеді. Әлем тарихындағы ең жас кәсіби спортшы. Вилли алты жасында бильярд ойынының хас шеберіне айналып, таяқтың құдіретін тамсандырады. Полиция қызметі Виллидің бильярд ойнауына тоқтау сала алмаған. Сол тұста бильярд ойыны ересектердің ойыны болған. Әкесі Джо Маскони – көптеген бильярд залдарының қожайын болған. Виллиге бұл жағы септігін тигізді десе де болады. Бүгінде спорт мамандары «Маскони феноменің түсіндіру қиын. Ол ерте жастан кәсіби бильярдтшы болған. Бірақ бұл оған алланың құдіретімен келген дарын. Оның бойындағы тума таланты»,-деп баға береді. Бильярд жарыстарының бірнеше дүркін чемпионы, ол тіпті бильярд ойындарын көптеген шоу бағдарламалар мен әр түрлі шараларды көрерменге ұсынды. Оның талантына тамсанбаған жанкүйер болмады.

Дайындаған: Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?