Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шағалалы қонысы — ежелгі металлургтар кешені

2796
Шағалалы қонысы — ежелгі металлургтар кешені - e-history.kz
Ескерткішті 1954 жылы алғаш рет Кемал, Ақышев ашты.Ғылым әлеміне ол Павловка деген атпен белгілі болды.


— Серғазы Қайырбекұлы, Шағалалы ежелгі қонысы туралы айтып берсеңіз…

— Бұл көне металлургтардың ескерткішін біз Шағалалы қонысын деп атап кеткенбіз. Ол, Ақмола облысындағы Зеренді аймағында, Кеңөткел көлінің жанында орналасқан. Қалыптасқан ереже бойынша археологтар жаңа ашылған ескерткішке жақын маңайда орналасқан ауыл не өзеннің атауын береді. Аталмыш мекен Шағалы өзенінің оң жағалауында жайғасқан.
Ескерткішті 1954 жылы алғаш рет Кемал, Ақышев ашты. Ғылыми әлемге ол Павловка деген атаумен белгілі болды. Осындай атауды қоюдың бірде-бір себебі: ескерткіш Павловка ауылынан үш шақырым жерде орналасқан. Бүгінгі кезде Павловка ауылынан еш нәрсе қалмағандықтан, ескерткішке басқа атау беруге мәжбүр болып отырмыз. Кемал, Ақышев ескерткішті алдын ала зерттеген болатын. Өткізілген жұмыстардың нәтижесінде мекеннің «өмір сүру» кезеңі айқындалды: қоныс қола дәуіріне жатады.

2010 жылы біз қазба жұмыстарын жаңадан бастадық. Қазба жұмыстарымен археологтар екі жағдайда айналыса алады: біріншіден, табиғи құбылыстардан пайда болатын көктемгі тасқындар (көктем сайын Шағалалы қонысын су басады); ал екіншіден, табиғат өзіннің антропогендік ықпалын тигізуі мүмкін. Антропогендік факторлардың ішіне кіретіндер: ауыл шаруашылығы мен жол салу жатады. Шағалалы қонысы авариялық ескерткіштерге жатады, өйткені жыл сайын оны су басып қалады.



73d7b8bdfbb8c03fc62be4c06d5811b8.jpg

— Ежелгі қоныстың қандай қазбай байлықтарымен ерекшеленеді?— Шағалалыдағы қазба жұмыстары табыспен аяқталды. 80-ші ж. Т. С. Мамлютина археологы қонысты зерттеді. Оның есептемелеріне қарағанда, ғалым тұрғын шұңқырларын тапты. Ол былай деп жазады: «Дәстүрлі тұрғын үйлері қаңқа бағаналы құрылыстарға жатады. Бірінші қабатында ежелгі адамдар мал ұстап, екіншісінде өздері тұрған. Бірінші қабаттан жоғарыға көтерілетін жылылық адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаған болатын.». Қола дәуіріне тән қоныстардың ішінде осындай құрылыс түрлері жиі кездескен. Татьяна Сергеевна жағалау жанындағы қазба жұмыстарын басқарды.
Қазірде біз өзен жағасынан сәл алыстап кеттік… Біз өзен жағасына іргелес болып саналатын аймақта қазба жұмыстарымыз жалғастырап отырмыз. Жұмысымыз нәтижелі болып жатыр.
2010 жылдан бастап 3 тұрғын үйді және олардың арасындағы қуыстықты қазып үлгердік. Қоныс бір кезде өрттен зардап шекті, сондықтан осындай қасіреттің арқасында біз көптеген заттарды тауып алдық. Өртенген, ағаш консервіленгендей болып, жақсы сақталды. Тұрғын үйге құрылыс материалы болып еткен көмкірілген, ағаштың арқасында ескі құрылыстарды қайта жасадық (реконструкцияны өткізген болатынбыз). Орталық Қазақстанда қазба жұмыстарын жүргізген көптеген археологтар осындай мәселеге тап болды: ежелгі құрылыстардың тас қабырғаларын тапқанда, үйдің шатыры қандай болған екенін дұрыс анықтай алмаған еді.
Шағалалы қазба жұмыстарының негізгі құндылығы да — шатырдың түрін дұрыс анықтауда. Тұрғын үйлерден басқа табылған заттар да бар, атап айтқанда: керамика, қола бұйымдары (қиғыш, сырғалар, адамның күнделiктi тұрмысқа қажеттi керек-жарақтары). Шағалалы материалдарына сүйене отырып, жергілікті халықтың көне Орта Азияның егін, қолөнер қалалық орталықтарымен тығыз байланыстарын көре аламыз. Осындай байланыстардың бірін көрсететін дәлелі ретінде айтылған аймақтан әкелінген білдек керамикасы болып шығады. Шағалы өзенінің алқабында мекендеген халық жабыстырылған керамиканы жасаған, ал Орта Азияның қалалық орталықтарында керамика арнайы жабдықталған білдектерден дайын тауар ретінде шыққан.
— Шағалалы қонысының тұрғындары қоладан жасалған бұйымдардан басқа, тағы қандай қолөнермен айналысқан?

— Біз есептегендей, көне заманның өкілдері кешенді шаруашылықпен шұғылдаған. Аталған жерде кешенді шаруашылықпен айналыспаған халық қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайларға төзеп бере алмаған еді. Сондықтан олар, аң аулап, балық аулап, мал ұстап тіршілік еткен. Мекеннің аймағында табылған металлдың құймалары, кенді жұмсартуға арналған тасты куранттар мен басқа құрал-жабдықтар кен-металлургия кәсіпкерлігінің жоғары-деңгейін көрсеткен. Дегенмен, балқыту пешін таппай қалғанбыз.

Сондықтан да Шағалалы ежелгі қонысында білдек керамикасының керемет сақталған өнімдерін табуға болады. Сөйтіп, мекендегі керамиканың он бес пайызын Орта Азиядан арнайы әкелінген керамика құрап жатыр. Импорттық тауар жергілікті металлға айырбастаған. Көлемі үлкен сауыттар арнайы тығырықтарға қояған. Таңқалдырарлық нәрсе: осындай түпқойманың бетінде оны жасаған шебердің белгісі бар. Алтын I және Алтын II қолөнер орталықтарында осындай ұстаның таңбалары кеңінен қолданылған. Аталмыш орталықтарда қоладан жасалған заттар да бар.
Тұрғын үй арасындағы қуыстықтардың ішінде біз арнайы қазылған шұңқырларды көптеп тауып алдық. Олар қысы-жазы бойы тоңазытқыштың рөлін атқарған.
bccc0386bc57b299469983675ef273d0.jpg

Ерте темір дәуірінің қорғаны

3cf342f05255a3100adeb53426937a85.jpg

Қоладан жасалған жебелер

9a85a450b338827aaa6f42ffc1da6ced.jpg

Аң стилінде жасалған пышақ

942bb72344d5eebc6fe654d8db62ef93.jpg

Табылған заттардың арқасында құрылыстардың толық реконструкциялауын өткізіп, осы көне мекеннің тұрмысын да қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Тағы бір назар аударарлық нәрсе: көп қабаттан тұратын ескерткіш. Мұнда мекендеген тұңғыш халық ерте қола дәуірінде өмір сүрген, адамдар қола дәуірінің соңына дейін бұл жерде тұрған. Уақыт озған сайын осы жердегі мәдениет те өзгеріп кеткен: кейбір тайпалары келіп, басқалары тұратын орнын ауысып жіберген болатын… Халықтардың орын ауысына табиғат өзгерістері-де ықпал еткен… Содаң соң бұл жерді көшпенділер мекен еткен. Қола дәуіріне жататын жерлеурерде олар өздерінің тайпаластарын көмген. Біз сақ дәуіріне жататын қорғандарын аштық. Осындай екі қорғанды қазып алып, VIII ғасырдың соңы — VII ғасырдың басына тән, аң стиліндегі жебелерді, пышақтарды тауып алдық. Бұл, аң стилінде жасалған алғашқы заттар деп айтуға болады.

bad0e36af1122f1cf8aa566a2b9c0e31.jpg

Қоныста әркезде адамдар өмір сүрген. Бұл оның ыңғайлы орналасқан жеріне байланысты, өйткені мекеннің қасында өзендер, ормандар, құрамында кені бар таулы аймақтар да жайғасқан. Шағалалының зерттеулері ғылыми әлем үшін аса маңызды: мұнда сақталған ерте қола мен ерте темір дәуірлеріне жататын ескерткіштер, көне заттар өте көп.

Биыл біз қабатталған қорғанға қазба жұмысын жүргіздік. Олардың біреуі сақ қорымы, екіншісінде (қабатталған қорғанында) — жылқымен бірге жерленген көне түркілік жерлеу орны болып шықты. Екінші қорғанда көмілген адаммен бірге бір кәдуәлгі көне түрік сырғалары мен қола айна секілді басқа да заттар табылды.


Людмила ВЫХОДЧЕНКО

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?