Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстандық ғалымдар тарихнама бойынша Бакудегі халықаралық конференцияда

1752
Қазақстандық ғалымдар тарихнама бойынша Бакудегі халықаралық конференцияда  - e-history.kz
«Салыстырмалы әдебиет. Тарихнама әдебиет пен мәдениетте: аңыз, әдебиет және тарих арасында» халықаралық конференциясы өз жұмысын Баку славян университетінде (БСУ) бастады.

Екікүндік конференцияда әлем елдерінің, соның ішінде Қазақстанның  40-тан астам ғалымдар мен 18 зерттеушісі, сондай ақ жергілікті жоғарғы оқу орындарының және ғылыми мекемелердің 50 өкілі қатысуда, деп хабарлайды Bnews.kz.

Конференция мақсаты – зерде айнасы мен тарихты мәтінде жадында сақтау сияқты, тарихтың әдістемелік және тәжірибелік аспектілерін зерттеу, тарихтың әдеби және тарихи жанрларының арасында орналасуы, тарих әдістерінің бейнелеу жолдарын әртүрлі мәдениетте талдау.

Конференция шеңберінде Әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  профессоры Әнуар Ғалиевтың «Аңыз бен тарих арасындағы өткенді түсіну»  мастер-классы өткізіледі.

Сапардың бейресми бөлігінде қонақтар Бакудың назар аударарлық орындарымен танысып, қала сыртына сапарлар ұйымдастырылады. 
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?