Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Елордада «Абылай ханның арманы» тарихи драмасының премьерасы өтеді

1236
12-13 желтоқсанда Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Абылай ханның арманы» атты тарихи драманың премьерасы өтеді.

12-13 желтоқсанда Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Абылай ханның арманы» атты тарихи драманың премьерасы өтеді, деп хабарлады astana.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қойылым Тәуелсіздік күні қарсаңында Абылай ханның 300 жылдығына орай көрсетіледі.

Авторы – белгілі жазушы, журналист, зерттеуші, драматург Думан Рамазан, қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Бұл Д.Рамазан мен Б.Ұзақов шығармашылығындағы екінші тарихи туынды болмақ. Бұған дейін 2010 жылы драматург пен режиссер үндестігінде «Кенесары – Күнімжан» атты тарихи драма дүниеге келіп, бүгінгі таңға дейін көрерменнің сүйікті қойылымына айналған.

Абылай ханның ролінде «Қасым» фильмінде Қазақстанның халық қаһарманы – Қасым Қайсеновты сомдаған талантты актер Қуандық Қыстықбаев пен «Кенесары-Күнімжан» спектаклінде Кенесары бейнесін сомдаған, өнерсүйер қауымның сүйікті актерына айналған Сырым Қашқабаев ойнайды.

Сонымен бірге, Жанқалдыбек Төленбаев, Жәнібек Мұсаев, Қасымхан Бұғыбай, Гауһар Жүсіповалардың бас кейіпкерлерді сомдайды.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?