Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ақордада Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

1483
Отырысқа қатысушылар ұлттық тарихты зерделеу жөнінде одан әрі атқарылар жұмыстар перспективаларын талқылады.

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің төрағалығымен Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының төртінші отырысы өтті. 

Бұл туралы Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлайды.

Отырыста алғашқы басқосу өткізілгеннен бері алты ай ішінде атқарылған жұмыстар қорытындысы шығарылды.

Отырысқа қатысушылар ұлттық тарихты зерделеу жөнінде одан әрі атқарылар жұмыстар перспективаларын талқылады.

Жұмыс тобының мүшелері оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеушілік сипатттағы проблемаларға талдау жасау аясында еліміздің жетекші ұлттық жоғары оқу орындары - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тәжірибелерімен танысты.

Сондай-ақ, мұражай-мұрағат ісін дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысында уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар, республиканың оқу және ғылыми-зерттеу мекемелері үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?