Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыка мерекесі аталып өтуде

1188
Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында «Қазақ және Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыкасы» тақырыбына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында «Қазақ және Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыкасы» тақырыбына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Бұл шара көрнекті қоғам және мәдениет қайраткері, есімі түркі жұртына мәшһүр Темірбек Жүргеновтың 115 жылдығына арналды. Үндістан, Якутия, Тува, Моңғолия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, Башқұртстан мен  Алтайдан келген ғалымдар түбі бір түркі халықтарының музыкасын зерттеу мәселелері жөнінде ой толғап, ғылыми еңбектерімен таныстырады. Сондай-ақ, шара аясында қазан айының 25-іне дейін концерттер мен шеберлік сабақтары өтеді. Жұртшылық алтайдың варганын, моңғолдың мориен-хурын, қырғыздың қыяғын тыңдап, әр дәстүрдің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алады. Конференцияның ашылу салтанатында қазақ халқының дәстүрлі музыкасын зерттеу саласында ерен еңбек сіңірген өнертанушы ғалым Әсия Мұхамбетованың «Қазақтың дәстүрлі музыкасы және ХХ ғасыр» деп аталған  монографиясының қазақ тіліне аударылған нұсқасы таныстырылды. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры:
- Темірбек Жүргеновтың әлі де зерттелмей жүрген көптеген сырлары бар. Сонау 1936 жылдары Қазақстанның Мәскеудегі мәдениет күндері жақсы өткеннен кейін сол кезде біз автономиялық республикадан толыққанды советтер ішіндегі республикаға көшкенде де осы Темірбек Жүргеновтың еңбегі өте зор. 

Әсия Мұхамбетова, Өнертану ғылымының докторы, профессор:
- Біздің мәдениетіміз жалпы түркі мәдениетінің ошағы болып табылады. Осыдан барып біздің музыкамыз екі ірі бағытта дамыған, бірі - Оңтүстік Сібір халықтарының мәдениетімен астарлас қазақ-моңғол бағыты, екіншісі - қазақ-иран бағыты. Демек, қазақтың ұлттық музыкасының сан ғасырлардан бері жинақталып, қалыптасқан  тарихы бар. 

Дерек көз: elarna.com


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?