Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ауған соғысы суретші көзімен

5124
Ауған соғысы суретші көзімен - e-history.kz
Ауған соғысына ССРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабарсыз кетті

Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери тарихи музейінде Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай Қарағанды қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің одағы – «Ардагер» қоғамдық бірлестігімен бірлесе белгілі суретші Дәулет Абдрахмановтың «Қасірет пен ерлік үні...» атты фотокөрмесі өтті

Ауған соғысына ССРО құрамасы сапынан 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабарсыз кетті. Қаншама қазақ отбасына қасірет алып келген бұл оқиға қазіргі ұрпақтың санасында әрдайым болу керек. Ауған ардагерлеріне тағзым ету мақсатында жыл сайын дәл осы күні тағзым етіп еске алады.

Міне, бүгінгі іс-шара мақсаты – ауған соғыс ардагерлерінің қайталанбас ерлігімен рухына тағзым ету, жиынға қатысқан көрме қонақтары мен жас оқушылардың азаматтық сезімдерін қалыптастыру және отансүйгіштікке баулу.

Қарағанды қаласы ардагерлердің төрағасы Талғат Болатұлы:

Бүгінгі өткізіліп жатқан іс-шарамыз  1989 жылғы 15 ақпан күні Ауғанстаннан шығарылған әскерлерге арналады. Мақсаты – балалардың осы көрме арқылы патриоттық сезімдері оянып, Ауғанда болған жағдайларды сурет арқылы өз көздерімен көрсе деген ой, – дейді.

Іс-шараның ашылу салтанаты «Ұрланған балалалық шақ» атты театрландырылған қойылым арқылы басталды. Суретші Дәулет Абдрахмановтың айтуынша, іс-шара барасында  «Жеңіс портреті», «Қызыл із», «Медальдың сыртқы жағы» атты үш бөлімнен тұратын «Үштік соғыс» фотоальбомының тұсаукесері өткен.

Ауған соғысының қатысушысы Талғат Қабылұлы:

Сахналық қойылым суреттердің барлығына, жас ұрпаққа тәрбие ретінде қойылып отыр. Балаларға сұрапыл соғыстың бергі бетін ғана көрсету. Әрине, он жылға созылған соғыстың нәтижесінде қаншама менің бауырларым қайтыс болды. Мен өзім 1 жыл 8 ай Ауғанстанда болып қайттым. Қазіргі ұрпақ біз көргенді көрмесе екен дейміз, – дейді.

Бүгінгі «Қасірет пен ерлік үгі...» атты іс-шараға Қарағанды қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері, Ауған соғысының ардагерлері, музейге келуші қонақтар, оқушылармен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?