Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Кенесары мен Ақмола туралы архив сөйлейді

3292
Кенесары мен Ақмола туралы архив сөйлейді - e-history.kz
ХІХ ғасырдың басында орын алған Кенесары Қасымұлының көтерілісі мен сол кездері негізі қаланған Ақмола бекінісі жайлы біз білмейтін деректер

1837-1847 жылдары бүкіл Қазақстанды қамтыған К.Қасымұлы бастаған шаруалар көтерілісінің бір ғана мақсаты болды жер мен елдің бостандығы. Бүгінгі таңда атаулы тарихи оқиға туралы біраз дүниелер бар, дегенмен солақай саясаттан тарихтың көлеңкесінде қалып қойған, сыры ашылмаған әлі қаншама дүние жатыр, дәл сол секілді бүгінгі Еуразия жүрегіне арналған Астананың әрі Ақмола одан әрі Бозоқтан бастау алатынын білеміз, сол Ақмоланың ХІХ ғасырдың басында негізі қаланып 1822 жылы ІІ Николайдың жарлығымен ашылғаны жөнінде, одан қалды Ақмоланың беріге дейін даму туралы мәліметтер бар, соған қарамастан Ақмолаға қатысты бізге беймәлім, атап айтқанда облысты басқару туралы Указ көшірмелерінен тың деректер ашылып отыр. 

Аталған екі тақырыпқа және басқа да қазақ тарихына қатысты архивтік құжаттар сериясын Ресей Федерациясы Омбы облыстық архиві  «ОМБЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ» тақырыпта ұсынып отыр.  Омбы облысының тарихи мұрағатында сақталынған Қазақстан тарихына байланысты құжаттар арқылы Елордамыз мен Ұлы даламызда орын алған оқиғалардың бізге беймәлім тұсын білу. 

Тарихи құжаттар арқылы біз тарихымызды одан әрі танып қоймай Қазақстан мен Ресей арасындағы терең тарихи достықтың жаңа парағы ашылатынана сенімдіміз. Себебі қанша дегенмен біздің тарихымыз тұтасып жатқан, көрші іргелес мемлекетпіз. 

Аталған тарихи құжаттардың үлкен бөлігі көрушілерге алғаш рет ұсынылып отыр. Ол Батыс-Сібір генерал-губернаторлық және Батыс Сібірінің басты басқармасы қорынан алынған құжаттар оңтүстік-батыс Сібір және қазіргі Қазақстан территорияларындағы әкімшілік басқару органдарының жұмыстары, сонымен қатар Сібір Казак әскерлері ауылдарының орналастырылуы және аумақтағы қорғаныс бекінісінің құрылысы жөніндегі ақпараттармен таныстырады. Патша үкіметінің «Даланың соңғы батыры» – Орта жүз ханы Кенесары Касымовпен және «Қырғыз-қайсақ ордасының ұлы патшайымы» – Уәли ханның жесірі Айғаным патшайыммен араларындағы қырым-қатынастары көрсетілген құжаттар көрменің басты бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, тақырыптық жинақтарға Қырғыз даласындағы оқиғалар ведомостері, көшпелілерден салық жинау жәніндегі материалдар, мемлекеттік шекара ұйымдарын күзететін бекітілген тармақтардың құрылыстары жөніндегі жазбалар. Жоғарыда айтылғандармен қатар көрмеде ХІХ ғасырдағы Ақмола облысының картасы назарға ұсынылды. Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімі қорында сақталған Ақмола, Жезқазған, Семей, Көкшетау бекіністерінің Нижний Новгородтағы бүкіл Ресейлік көркем-өндірістік көрмесіне (1896 ж.) және Санкт-Петербургтегі халықаралық костюмдер көрмесіне (1902 ж.) құжаттар көлемі осы көрменің ерекше бөліктерінің бірі.

Қазақ халқының тарихи тұлғаларына арналған бөлімінде Әлихан Бөкейханов, Шоқан Уәлиханов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Көлбай Тоғысов сынды тұлғаларға байланысты құжаттар ұсынылды. Олардың әрқайсысының өмірі Омбымен тығыз байланыста болған. Омбы облысы мен Қазақстанмен шекаралас территориялардың тарихи зерттеулерінің библиографиялық жинағы көпшілік назарына ұсынылып мұрағат құжаттарына тамаша қосымша болып отыр.

Оларда ХІХ ғасырдағы дала өмірінің өзгерісі, бірінші дүниежүзілік соғысындағы, Кеңес өкіметі билігінің орнауы, саяси қуғын-сүргін және Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы қазақ халқының өмірі баян етіледі. Осы айтылған тарихтың барлық кезеңдері Омбы аумағы мен Қазақстан территориясы халқының өмірін айналып өтпей, өз әсерлерін қалдырмай қойған жоқ. Сонымен қатар Қазақстанның ғалым-тарихшыларының, жоғарғы оқу орындарының ғылыми қызметкерлерінің және қоғам өкілдерінің Омбы облысы мұрағатының қызмет басшыларымен кездесулері өткізілді.

Екі ел арасындағы ғылыми, мәдени байланысты орнату келісімінің аясында ұйымдастырылған «ОМБЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ» атты тарихи құжаттар көрмесі шілденің аяғына дейін жұмыс жасайды. 

Фото: Артем Чурсинов

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?