«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

ЕҚЫҰ конференциясы өткен күн

2022
ЕҚЫҰ конференциясы өткен күн
Астанада 2010 жылғы 1 шілдеде толеранттық және кемсітпеушілік жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі конференциясы болып өтті

Конференцияға ЕҚЫҰ-на қатысушы мемлекеттер мен беделді халықаралық ұйымдардың сарапшылары, жоғары үкімет шенеуніктері, саясатшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Конференция мақсаты – ЕҚЫҰ аясында тиісті міндеттемелер мен құндылықтарды орындауға көмектесу. Конференцияны Қазақстанның мемлекеттік хатшысы, Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ашып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев баяндама жасады.  Іс-шарада толеранттық және кемсітпеушілік, антисемитизм мен нәсілшілдікпен күрес мәселелері, заң шығару және құқыққорғау органдарының, білім беру жүйесінің, БАҚ-тың рөлі және тағы басқа сұрақтар талқыланды. ЕҚЫҰ мүше елдердің сарапшылары да толеранттық және адам құқығын қорғау бойынша этнос аралық және конфессия аралық диалог механизмдерін жасау бойынша тәжірибе алмасты. Конференцияда Әзірбайжанның Діни құрылымдармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Идаят Оруджев Әзірбайжандағы осы саладағы жағдайды айта келе, армян-әзірбайжандық Таулы Қарабах қақтығысы, Әзірбайжан жерінің 20 пайызын Арменияның басып алғаны, 1 миллионнан астам босқын мен мәжбүрлі қоныс аударушылар туралы сөз етті. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Әзірбайжан жерлерін бұлтарыссыз босату туралы 4 қарар қабылдады, алайда олар армяндық тараппен еленбей отыр.

Идаят Оруджев: «Әзірбайжан дауды бейбіт жолмен шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсауда. Басып алынған әзірбайжандық жерде Армения барлық тарихи, діни, материалдық-мәдени ескерткіштерді жойып жіберді. Осы конференцияда біз армяндықтардың өтірігі мен жаласын тағы да естідік, Арменияның проблеманы шешуге мүддесіздігіне тағы да көзімізді жеткіздік», – деді.

Өркениеттер Альянсы жөніндегі БҰҰ-ның өкілі Жорже Сампайо, Еуропа Кеңесінің Парламент Ассамблеясының президенті Мовлуд Чавушоглу, ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебек, ЕҚЫҰ өкілдері Эндрю Бейкер, Марио Маура, Әділ Ахмедов, Түркияның Мемлекеттік министрі Мехмет Айдын және тағы басқалары конференцияда қозғалған мәселелерге қатысты өз ойларын білдірді.