Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Президент мұрағатындағы жаңашылдық

2202
Президент мұрағатындағы жаңашылдық - e-history.kz
Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының онлайн түрде оқу залы іске қосылғандығы туралы NDH порталы бірінші болып хабарлайды

Қызметтің барлық бағыттары бойынша Мұрағат жұмысын цифрлық виртуалдандырудың кешенді шешімі – тек ТМД елдерінің ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа да шетелдік мұрағаттар арасында алғашқы болып Президент Мұрағаты ұсынған тәсіл.

Бүгінде іске қосылған Электрондық оқу залы – ҚР Президенті Мұрағатының «Электрондық мұрағатын» жасаудағы бірыңғай шешімдердің құрамдас бөлшектерінің бірі болып табылады. Ол барлық тіркелген қолданушыларға Мұрағатта сақтаулы барлық қорлармен танысуға, мұрағаттық істерді беруге тапсырыс жасауға мүмкіндік береді. 2020 жылға қарай зерттеушілермен талап етілген құжаттарды ЭМБАІЖ-ге («Электрондық мұрағат» бірыңғай ақпараттық-іздеу жүйесі) қосу жоспарлануда. Әр келуші Оқу залының ресурстарына қолжеткізуге тапсырысты онлайн түрде бере алады.  Тіркеу, келушінің тұлғасы айқындалған соң барып жүргізіледі, бұл үшін Мұрағатқа келу қажет.  Осыдан соң ол жүйеде жұмыс істеуі үшін логин мен пароль алады. Осылайша ол әрі қарай Мұрағатқа келместен, Интернет арқылы қорлар мен тізбелермен жұмыс жасай алады, қажетті істерді онлайн таңдап, оларды беруге талап рәсімдеп, тапсырыстың орындалу мәртебесін бақылай алады. Істің толық мәтінін көру функциясы Мұрағаттың оқу залы компьютерлерінің жергілікті (локальдік) желісінде жұмыс жасайтындар үшін қолжетімді. ЭМБАІЖ желісіне  http://archive.president.kz/ сілтемесі арқылы кіруге болады.

«Электрондық мұрағат» желісінің өзі ҚР Президентінің мұрағатымен 2017 жылдың басында іске қосылды. Алдағы аптада (26-30 маусым) Қазақстанда ҚР Президенті Мұрағаты мен РМГУ Тарихи-мұрағаттық институты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлесіп ұйымдастырған Жас мұрағатшылардың жазғы мектебі өтеді. Жоспарланған іс-шараның бірінші күні қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндіктерімен, жүйе арқылы істерге тапсырыс беру және олардың автоматты түрде берілуінің ерекшеліктерін, сонымен қатар шетелдік мұрағаттардың ұқсас виртуалдық мұрағат шешімдерімен салыстырғандағы жүйе артықшылықтарын көрсете отырып, онлайн оқу залы жұмысының тұсаукесері өткізіледі.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?